9-дәріс. Дене тәрбиесі процесінде үйрету, тәрбиелеу, дамыту


Көрнекі құралдарды көрсету



бет16/32
Дата18.04.2022
өлшемі81,24 Kb.
#31325
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   32
Байланысты:
дәріс сабағы 1

Көрнекі құралдарды көрсету. Жаттығуларды бөлшектеп қарауда оның орындалу тәсілін түсіндіруде көрнекі кұралдар, суреттер, плакаттар, фото, кино, бейне көріністер үлкен рөл атқарады. Мысалы, тақтаға немесе қағазға жаттығудың орындалу сызбасын түсіру. Педагог сол суреттеме арқылы жаттығуды орындауды түсіндіреді. Сонымен қатар, кино және бейне магнитофон таспаларына жазып алынған жаттығуды көрсету арқылы үлкен жетістікке қол жеткізуге болады. Өйткені ол қозғалысты әр қырынан көрсетіп, тәсілдің барлық бөлшектерін анықтап түсінуге мүмкіндік береді. Балаларды қимыл-қозғалыстарға үйрету кезінде көрнекіліктің әртүрлі тәсілдері қолданылады. Көрнекілік-көру тәсілдерінің мәні тәрбиешінің қимыл-қозғалыс бейнесін немесе оның кимыл-қозғалыстық жеке элементтерін дұрыс, айқын етіп көрсетуінде, айнала қоршаған өмірдегі бейнелерге еліктеуде, кеңістіктен өту кезінде көру бағдарлағыштарын пайдалануда, көрнекі құралдарды – кинофильмдерді, кинограммаларды, теледидар хабарларын, фотосуреттерді, суреттерді, т. б. пайдала­нуда. Тактильді бұлшық еттік көрнекілік дене шынықтыру құралдарын балалардың қимыл-қозғалыс іс-әрекетіне ендіру жолымен қамтамасыз етіледі. Тактильді-бұлшық еттік көрнекілік бала денесінің жеке мүшелерінің қалпын анықтайтын тәрбиешінің тікелей көмегінен көрінеді (мысалы, тұлғаны дұрыс бұлшық еттік тонус түйсігін тудыратын қолмен ұстау жолы­мен түзету). Дегенмен, тәрбиешінің мұндай көмегі ол осы динамикалық стереотипті жасауға жәрдемдесетін тұрақты қоздырғыштар жүйесінде сигналдық мәнге ие болмайтындай болуы тиіс. Бұдан әрі дағды сөзбен нұсқау беру көмегімен нығайтылады. Көрнекілік-есту тәсілдері - қимыл-қозғалыстарды дыбыспен реттеу болып табылады. Ең жақсы есту көрнекілігі – аспаптық, музыка және ән. Олар балаларда эстетикалық сезім, эмоциялық өрлеу тудырады, қимыл-қозғалыс сипатын анықтайды, оның қарқыны мен ырғағын реттейді. Көбіне, балабақшаларда музыкалық аспапта ойнай білмейтін тәрбиеші қимыл-қозғалыс қарқынын реттеу мақсатында сылдырмақты қолданады. Мұның өзі ырғақ қалпын ауыстыру жағдайында өзін-өзі жеткілікті дәрежеде ақтайды. Осымен бірге қимыл-қозғалысты реттеу үшін ұлттық тақпақтарды, өлеңдерді («Mаң-маң басқан, маң басқан екі аяғын тең басқан»), балаларды өзінің ойнақы мазмұнымен және ырғағымен тартатын басқа да мәтіндерді пайдалануға болады. Сөйтіп, аталып өтілген көрнекілік тәсілдері дұрыс қабылдауға және баланың қимыл-қозғалыс туралы ұғымына, сезімдік танымының неғұрлым кеңеюіне, қимыл-қозғалысты орындау кезінде өзін-өзі бақылаудың пайда болуына, қимыл-қоз­ғалыс қарқыны мен ырғағын есту арқылы реттеуге, баланың сенсорлық қабілетінің дамуына көмектеседі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет