Көрнекілік қағидасы. Дене тәрбиесінде бұл қағиданы пайдалану — адамды (баланы) айнала қоршаған болмыспен тікелей байланыстыратын бүкіл сыртқы және ішкі анализаторлар көрсеткіштерінің кең түрде өзара әрекеттесуі ретінде ұғынылады. Кез келген танымның сезімдік сатысы болады. Қимыл-қозғалыстардың қалыптасуы, оларды оқып үйрену барлық рецепторлардың, ең алдымен көру, есту мүшелерінің, сезім мүшелерінің, бұлшық еттерінің, буындардың, бунақтардың т. б. көрсеткіштерімен өзара байланыста жүзеге асырылады. Әртүрлі рецепторлар көрсеткіштерінің өзара байланысы қимыл-қозғалыс дағдылардың қалыптасуына, еріктік қасиеттердің көрініс беруіне көмектесе отырып, қимыл-қозғалыс бейнесін, оның әлдеқайда нақтыланып қабылдануын байыта түседі. Жаңа қимыл-қозғалыстарды үйрену кезінде көрнекілік қағидасы тәрбиешінің қимыл-қозғалыстарды практика жүзінде мүлтіксіз көрсетуі жолымен эстетикалық қабылдаудың пайда болуына, қимыл-қозғалыстарды нақты елестетуге, дұрыс қимыл-қозғалыстың түйсік пен дәл беруге ұмтылумен жүзеге асырылады. Дегенмен, әртүрлі сезім мүшелерінің рөлі мен олардың өзара әрекеттесу сипаты өзгеруі мүмкін. Мәселен, жаңа жаттығуды көрсеткенде көру анализаторы басты рөл атқарса, соңғы сатысында, қимыл-қозғалыстардың бүкіл жүйесі автоматтанатын кезде бұл рөл қимыл-қозғалыс анализаторы үлесіне тиеді. Балалардың дене тәрбиесі міндеттерінің бірі сезім мүшелерін жан-жақты дамыту болып табылатындығымен байланысты әртүрлі қабылдау жүйелерінің белсенділігін арттыруға, оларды таңдап әрекет ету әдістерімен (мысалы, сәулелік және дыбыстық көрнекі бағдарлар) мақсатты түрде жаттықтыруға болады. Қимыл-қозғалыстық дағдыларды жетілдіру процесінде біртұтас «комплекстік анализатор» болып үйлесетін әртүрлі сезім мүшелерінің өзара әрекеттесуі күшейеді. Бұл бір жағынан неғұрлым нәзік қабылдауға, екінші жағынан анағұрлым жалпылама («қарды сезіну», «суды сезіну» қабылдауға көмектеседі. Айнала қоршаған болмысты қабылдаудың тікелей көрнекілігінен басқа қимыл-қозғалыстардың көзге көрнекі түрде түспейтін және тікелей қабылдаудан жасырын (мысалы, қимыл-қозғалыс жайлы ұғымды тереңдететін кино түсірмелерді, кинограммаларды, кинофильмдерді пайдалану) жеке бөлшектері мен мехнизмдерін ұғындыру қажет болғанда жанама түрдегі көрнекілік үлкен рөл атқарады. Көрнекілік санаға сіңірумен тығыз өзара әрекеттес сөзбен тапсырма берген кезде адам ой елегінен өткізетін нәрселер практикамен, қимыл- қозғалысты келтірумен тексеріледі, мұнда түйсік әсіресе қимыл-қозғалыстық түйсіктер маңызды рөл атқарады. Бұдан басқа баланың өмір тәжірибесіне сүйенетін, қимыл-қозғалыстық ұғымдармен байланысты және қимыл-қозғалыстардың нақты бейнесін тудыратын көрнекілік пен бейнелі сөз өзара байланысының үлкен мәні бар. Бірте-бірте жанама түрдегі көрнекілік мәні бар сөздің рөлі баланың бойына сіңірген тәжірибеге сәйкес өсе түседі. Белгілі бір қимыл-қозғалыстық тәжірибе бар кезде бейнелі сөз қажетті қимыл-қозғалыстық ұғымдар тудырады. Көрнекіліктің көрсетілген формаларының мұндай өзара байланысы танымның сезімдік және логикалық сатыларының бірлігімен, яғни, бірінші және екінші сигналдық жүйелердің өзара әрекеттесуімен анықталады. Қозғалысқа үйретуді көру арқылы емес, бұлшық ет түйсігі арқылы да түсіне білу керек. Әртүрлі анализаторлар белгілері балалардың санасында үйренетін жаттығу туралы толық түсінік тудырады. Көрнекілік приципін іске қосу мынадай жолдармен пайдаланылады:
1.Yйрететін жаттығуды бөлшектеп немесе толық көрсетуді жаттықтырушы, не болмаса жақсы дайындықтан өткен жаттығушы орындайды.
2.Әртүрлі көрнекі құралдарды көрсету арқылы (суреттер, сызбалар, фотолар, кинограммалар, бейне магнитофон жазулары, т.б.).
3.Педагогтың бейнелі сөзі (баяндау, түсіндіру, талдау, бұйрық, сөздер, т.б.) арқылы.
Қозғалыс тәсілінің қиын элементтерін, қимыл-әрекеттерді іштей қайталау (ойша) идеомоторлық қайталау деп аталады. Көрнекілік принципін қолданғанда әрбір адамның жетекші анализаторы кайсысы екенін ескеру керек. Біреуде жетекші көру анализаторы болса, екіншісінде-есту, үшіншісінде-қимыл анализаторлары болуы мүмкін. Көрнекілік принципін қолдану сипаты үйрену кезеңіне, жасына және жаттығушының дайындығына байланысты. Бұл принцип түрлерін кең пайдалану сабаққа ынталылықты арттырады, тапсырманы түсіну және оны орындауды жеңілдетеді. Көрнекілік кағидасында көрсетілген оқыту заңдылығы, обьективтік шындықты және тануды төмендегі ережелерден байқауға болады: «Даму тіршілігінен абстрактылы ойлауға және одан тәжірибеге айналу». Яғни ғылыми таным процесін оқыту кезіндегі таным процесімен салыстыруға болмайды.
Біріншіден, көрнекілік кағидасы көптеген анализаторлық жүйеге әсер ету жолымен қозғалыс-қимылын игеру үшін кең көлемдегі бағыттаушы фактор. Олай дейтін болсақ, қозғалыс-қимылдарына қойылған талапқа сай орындалуын қадағаласақ, нағыз көрнекі болатындай әдістерін колдануды қажет етеді.
Екіншіден, баланың көрнекі түрде қабылдайтыны түсінікті, сонымен бірге, саналы түрде түсінгені талап етіледі.
Yшіншіден, жаттығулардың көрнекі әсерлі болуын қағида талап етеді. Жаттығушыда (балада) жаңа ой туғызуға, козғалыс міндеттерін шешудін ең тиімді жолдарын іздеуге итермелеуге, белсенді кимылдарға ұмтылдырады.
Сезіммен қабылдауға сүйене отырып, жаттығушы үйренетін кимылдың сыртқы жақтарына ғана назар аударады, оның ойы бір жақты болып калыптасуы мүмкін. Нәтижесінде психикалық процестердің деңгейі төмендейді, үйренем дейтін қимылдың заңдылықтары мен байланыстары туралы деректер мен түсініктер кең көлемде пайда болмайды.
Көру көрнекілігі екі түрлі жағдайда байқалады: дене тәрбиесі теориясында көрсету деп аталатын табиғи көру көрнекілігі (адамның дене жаттығуларын орындауы) және демонстрация (суреттер, сызбалар, фотолар, кинограммалар, кинофильмдерді пайдалану). Бұл жағдайда, ең жоғары дидактикалық тиімділік, көрнекі құралды көру арқылы таным міндеттері жетілуі мүмкін. Есту көрнекілігі жаттығудың ұзақтығы және қозғалыс екпіндігін қимыл ретімен дыбыс арқылы қалыптастыру үшін дыбысты шығарып естіртудің әртүрлі әдістері қолданылады. Олар – дауыспен белгі беру, алақанды шапалақтау, ысқырғышпен дыбыс беру, т.б.
Қозғалыс көрнекілігі баланың қозғалыс қимылдарын орындау барысында, онда пайда болатын бұлшық ет сезімдерінің есебінен дене жаттығулары туралы түсінікті қалыптастырады. Yйренетін қимылдың ерекшелігін сезіну бақылаудан тыс қимылдар элементтерін, мақсатын түсінуден немесе алдын ала қалыптасқан ойлау, естуді нақты бұлшық ет сезінуі мен байланыстыру қажеттілігінен туындайды. Ритмдік сезімталдық дене жаттығуларын орындау кезінде қарсыласпен жақындасқан кездерде жаттығу жасау кезінде қалыптасатын қозғалыс көрнекілігін толықтырады. Сөз көрнекілігі үйренетін дене жаттығуларының мақсатын, әсіресе, тура бақылауға қиын тиімсіз элементтерін ұқыпты түрде түсіндіру есебінде, қозғалыс қимылы туралы түсінікті қалыптастыруға қолданылады. Дұрыс қолданылған әрбір сөз, үйреніп жатқан қимылды талдауға көмектеседі, сезімдік қабылдауды синтездейді және нақтылайды. Жинақталған түсініктерге жол ашады, жаттығушы назарын қимылдың қажеті кезеңдеріне аударады. Қозғалыс амплитудасы туралы түсінікті қалыптастырудың көрнекілік тәсілдері жоғарыда келтірілген бағыт-тәсілдері ғана емес, сонымен қатар кейбір әдістерді: 1) арнаулы жабдықтарды; 2) жаттығушыны қоршаған орта; 3) жаттығушы (оқушы, бала) денесінің бөліктері (мысалы алға созылған сол қолға оң аяқтың серпілуі); 4) жаттығуды жасау кезінде бар мүмкіндігінше орындау жөнінде нұсқау беруде қолдануды қарастырады. Көрнекілік қағидасын жүзеге асырудың тиімділігі кейбір ережелерді сақтаған жағдайда ғана артпақшы:
.Оқытудың кез келген кезеңінде көрнекіліктің әртүрлі тәсілдерін тұтастай қолдану кажет. Бірақ, тұтастық өзара тепе-тендікті білдірмейді. Қимылды игеру жағдайында, анализаторлық жүйенің өзара бірлесіп қимыл жасау сипатын өзгертеді.
.Кері байланысты қолдану көрнекілік әдістерінің тиімділігін арттырады. Өте тез арада, кері байланыстың нәтижесін айна алдындағы жасалынатын жаттығулардан байқауға болады.
.Көрнекілік қағидасының әртүрлі жастағы балалардың психикалық дамуының ерекшіліктерін есептей отырып, жаттығушылардың барлық жас топтарында жүзеге асыруға болады. Мектепке дейінгі кезеңнен сезіммен кабылдаудың көбірек болуы және түсінік жөнінде жеткілікті кордың болмауы педагогты көру көрнекілігінің табиғи тәсілдерін колдануға күш салдырады.
.Көрнекілік қағидасын жүзеге асыруда жаттығушының тәжірибесінде болған түсінік-түйсіктерге сүйенген жөн.
.Көрнекілік тәсілдері, қозғалыс қимылының сыртқы түрі арқылы бұлшық еттің жиырылуы жаттығудың динамикалық образын қалыптастыруға жәрдемдесуі керек.
Достарыңызбен бөлісу: |