“Термохимия дегеніміз жылу бөле немесе сіңіре жүретін процестерді зерттейтін химия ғылымының бір бөлігі”.
“Тұрақты қысымда немесе тұрақты көлемде жүріп жатқан химиялық реакцияның нәтижесінде бөлінген немесе сіңірілген жылу мөлшерін химиялық реакцияның жылу эффектісі дейді”.
Жылу эффектісін 1 мольге есептейді.
“Заттардың формуласымен қатар жылу эффектісін қосып жазатын теңдеулерді термохимиялық теңдеулер деп атайды”.
Әр түрлі химиялық реакциялардың жылу эффектілерін салыстыру үшін стандартты жағдай қабылданған. Стандартты жағдай дегеніміз заттың 1 молінің 101,325 кПа-ға тең қысымдағы және 298 К (250 С) -ға тең температурадағы жағдайы.
“Стандартты жылу эффектісі деп реакцияның стандартты жағдайдағы жылу эффектісін айтады”.
Көптеген реакциялар тұрақты қысымда өтеді, сондықтан жылу эффектісі энтальпияға тең. Стандартты энтальпия Н2980деп белгіленеді, олар әрбір зат үшін анықтамалық кестелерден алынады.
Термодинамикада Н = Q
Егер реакция жүргенде жылу бөлінсе Q > 0, ал Н < 0 - реакция экзотермиялық. Ал егер жылу сіңірілсе Q < 0, ал Н>0 - реакция эндотермиялық болып табылады.
Мысал. Сгр + О2 = CO2 + 395,5 kДж
Q = +395,5 кДж
Q>0, сондықтан Н =-395,5 кДж - реакция экзотермиялық.
Энтальпия заттың агрегаттық күйіне тәуелді. Жай заттардың энтальпиясы 0-ге тең.
“Түзілу энтальпиясы”. Түзілу энтальпиясы деп стандартты жағдайда алынған жай заттардан 1 моль зат түзілген кездегі энтальпияны айтады”
“Химиялық реакцияның жылу эффектісі оның жүру жолына тәуелді емес, тек реагенттер мен өнімдердің күйіне тәуелді”.
Гесс заңынан шығатын салдарлар:
1. “Химиялық реакцияның жылу эффектісі (Hp0) реакция өнімдерінің түзілу энтальпияларының қосындысынан әрекеттесуші заттардың түзілу энтальпияларын алып тастағанда шығады”.
Hp0 = Н2980 (өнім) - Н2980 (әрекет. зат)
2. Жану реакциясының жылу эффектісі әрекеттесуші заттардың жану жылуларының қосындысынан өнімдердің жану жылуларын алып тастағанда шығады.