Академиялық кредит 30 сағатты құрайды, оның ішінде білім алушының байланыс сабағына кемінде 9-10 сағат бөлінеді.
Бакалавр, магистр немесе PhD докторы дәрежесін алу үшін білім алушы тиісті білім деңгейіндегі білім беру бағдарламасын игеріп, қажетті академиялық кредит алу керек (бакалавриат - 240-300, магистратура - 60-120, докторантура - 360).
Жоғары білімнің білім беру бағдарламасы үш циклден тұрады - жалпы білім беру пәндері (ЖБП), базалық пәндер (БП) және бейіндеуші пәндер (БП). ЖБП циклі міндетті компоненттің пәндерін (бұдан әрі - МК), ЖОО компонентті (бұдан әрі - ЖК) және (немесе) таңдау компонентін (бұдан әрі - ТК) қамтиды. БП және БП циклдеріне ЖК және ТК пәндері кіреді.
Магистратураның білім беру бағдарламасының мазмұны базалық (БП) және бейіндеуші пәндерден (БП) тұрады және ЖОО компонентінмен (ЖК) таңдау компонентінің (ТК) пәндерін қамтиды.
Докторантура бағдарламасының мазмұны базалық (БП) және бейіндеуші пәндерден (БП) тұрады және ЖОО компонентінен (ЖК) және таңдау компонентін (ТК) қамтиды; ЖК мен ТК көлемінің арақатынасын университет дербес анықтайды.
ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛУ МЕН ЖҰМЫСҚА ТҰРУДЫ АРТТЫРУ Бірінші цикл түлектерінің жұмыспен қамтылу % Жоғары білім беру жүйесі
ЖОО-дары санаты
2011 жыл
2012 жыл
Ұлттық
89,6
93,1
Халықаралық
60,9
54,2
Мемлекеттік
87,9
88,2
Акционерленген
79,5
93,2
Қорытындысы
84,0
87,8
бакалавриат түлектерінің жұмыспен қамтылуы көрсеткіштері динамикасы
Жұмысқа орналасқан түлектердің саны 2020 жылмен салыстырғанда 12%-ға артып отыр. Осылайша, 2021 жылы жұмыспен қамту орташа есеппен 77% құрады.
ҚР жоғары білім беру жүйесі "жалпыға бірдей білім беру" моделінен "әр адамға таңдау бойынша білім беру" моделіне көшуге негізделген ресми-нормативтік құжаттар мазмұны мен құрылымында көрініс тапқан.