9 дәріс Табиғи сұрыпталу эволюцияның қозғаушы және бағыттаушы күші. Табиғи сұрыптаудың негізгі формалары



бет2/4
Дата03.12.2023
өлшемі20,53 Kb.
#133677
1   2   3   4
Байланысты:
9 лекция

Тіршілік үшін күрес формалары
Популяциядағы даралар алып жатқан территориясында тіршілік ете алатын мөлшерден әлдеқайда көп пайда болады. Популяцияда пайда болған даралардың сан мөлшері мен олардың тіршілік ету амалы арасындағы үйлесімсіздігі тіршілік үшін күреске сөзсіз әкеледі.
Ч.Дарвин тіршілік үшін күрестің үш формасын атап көрсеткен. Олар: түр шілік, тұраралық және бейорганикалық табиғаттың қалайсыз жағдайларымен тіршілік үшін күресі.
1. Тіршілік үшін түр ішілік күрес бір популяциядағы даралар арасында жүреді. Оларға біркелкі қөрек заттардың, мекен ортасы және басқа да тіршілік жағдайлары (су, жорық, жылу, көрек) қажет болғандықтан, популяция даралары бір- бірмен жарысып қана қоймай, шиеленесіп күресе түседі. Бұл әрекет төмендегі себептерге байланысты жүреді: 
а) Абиотикалық факторлар, мысалы, әр түрлі жастағы қарағайлар арасындағы жарық үшін күрес, бір түрге жататын құстар арасындағы ұя салатын жер үшін бәсеке т.б.
ә) Биотикалық факторлар, популяциядағы даралар санының шамадан тыс артып кетуі қорек үшін күресті одан әрі шиеленістіре түседі. Мұндай жағдайда кейбір балықтар өздерінің ит шабақтарымен қоректенсе, кейбір жағалалар өз балаландарын жеп қояды, құстардың кейбір түрі балапандарын ұясынан түсіріп тастайды. Табиғатта көбінесе дараларды шығынға ұшыратып тұратын, сан мөлшерін кемітетін індет болып табылады.
б) Мінез-құлықтық, бір популяциядағы особьтарға тікелей өзара қақтығыс болдырмауға жәрдемсетін бірқатар бейімділіктер болады. Қара аю өзіне азық аулайтын учаске шекарасына ағаштарды тырнап белгі салады. Қасқыр азықтық учаскесін несебімен белгілейді, жыртқыштардың бір-бірімен жемтігі үшін қақтығысы т.б. Сары шамшықтың, қалтырауық шымшықтың аталықтары учаскенің бос еместігін сайрап хабарлайды. Хайуанаттар бөтен учаскенің шекарасын бұзбауға тырысады. Бір түрге жататын жануарлар популяциясынан өзара ынтымақтасып тіршілік ететінін де кездестіруге болады. Мысалы, балара ұясы, жылқылар үйірі, маймыл, бұғылар.
2. Тіршілік үшін түр аралық күрес мүлдем басқа түрлердің популяциялары арасынан байқалады. Егер түрлер әр түрге жататын болса, онда түрарлық күрес әдетте аса шиеленісе түседі. Сұр егеуқұйрықтар Еуропадағы адам мекендейтін жерлерден қара егеуқұйрықты мүлде ығыстарып шығарады, олар орманға қарай ығысты. Сұр егеуқұйрық ірілеу, суда жақсы жүзеді, зұлым сондықтан шайқаста жеңіске жетеді. Еуропадан әкелінген кәдімгі бал арасы Австралиядағы жергілікті шаншарсыз кішкене жабайы бал араны ығыстырып жібереді. Егістіктерде арамшөптер қаптап шығып, ылғал мен қоректік заттарды мол пайдаланғандықтан мәдени өсімдіктердің өсуі баяулайды. Сондай-ақ бір түрдің даралары екінші түр дараларын біржақты пайдаланып, тіпті жойып жібереді. Мысалы, жыртқыштар мен өсімдік қоректі жануарлар, балықтар мен планктон арасындағы тіршілік үшін күрес. Алайда тіршілік үшін күрес мысалдары тікелей күресу тұрғасында ғана жүріп отырмайды, кей жағдайда бір-бірінің көбейіп дамуына да септігін тиізетін әрекетке жатады. Мәселен, өзіне зиянын тигізбей, бір түрдің екіншісіне жағдай тұғызуы (құстар мен сүт қоректілердің жеміс пен тұқымдарды таратуы, гүлдер және бунақденелілер, оларды тозаңдандыруы) тіршілік үшін күрес формасына жатады.
3. Тіршілік үшін бейорганикалық табиғаттың қолайсыз жағдайларымен күресі, әсіресе ылғалы мол немесе ауа райы құрғақ аудандарда, сол сияқты жазы ыстық немесе қысы аса суық жерлерде айқын көрінеді. Эволюция барысында түрлі қалайсыз жағдайларда тіршілік етіп, өз ұрпақтарын қалдыруға мүмкіндік беретін алуан түрлі бейімділік белгілер қалыптасады. Мысалы, аңызақ желді тау беткейлеріндегі және арал өсімдіктері жер бетіне төселіп өседі, ал бунақденелілер күшті жетілген қанатты немесе қанатсыз болып келеді. Шөлді жерлердегі өсімдіктердің тамыр жүйесі 10-15 м, тереңдікке жететін ұзын, жапырақтары тікенекке айналған түрде, ал жануарлар суды аз жұмсауға бейімделеді (түйе).
Табиғаттағы осы биологиялық заңдылықтарды адам өзінің іс тәжірбиесіне әр түрлі салада қолданады. Мысалы, ауыспалы егіс алқаптарын ортаның топырақ – климат жағдайларына сай құра отырып, ауыл шаруашылық дақылдарынан мол түсім алу, сол сияқты қолдан балық және бал арасын өсіру, жұқпалы ауруларға қарсы антибиотиктерді пайдалану, ауыл шаруашылық зиянкестеріне қарсы күрестің биологиялық әдісін қолдану, т.б.
Сонымен, ағзалардың өз арасындағы және ағзалармен ортаның абиотикалық жағдайлары арасындағы қарым-қатынастардың барлық формалары тіршілік үшін күрестің толық мағанасын береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет