9 дәріс Табиғи сұрыпталу эволюцияның қозғаушы және бағыттаушы күші. Табиғи сұрыптаудың негізгі формалары



бет4/4
Дата03.12.2023
өлшемі20,53 Kb.
#133677
1   2   3   4
полифен немесе полейтропия деп атайды. Мысалы, дрозофила шыбынындағы мутация әрекеті. Полифенді мутация кезінде шыбынның қанаты, көзінің түсі, аяқтарының ұзын-қысқалылығы қатар көрініс берді. Жаңа биология ғылымы көрсеткендей, сұрыпталу бірлігі бір белгінің ғана емес, тұтас ағза генотипінің өзгеруімен жүреді. Табиғи сұрыпталу әрекетінің жүру жайына айқын мысал – индустриялық құбылыс. Ақ көбелектерді сұр көбелектердің ығыстыруы. Түйелердің шөлдегі тіршілікке бейімделу жағдайы арқылы да табиғи сұрыпталуды түсіндіруге болады. Жантақты жеу үшін еріннің, таңдайдың және тілдің құрылысы мен жабыны ерекше болып келеді. Бұл бейімділіктер қоректік бәсекелестікті азайтады, өйткені осындай тікендері бар шөпті жеушілер тіпті шөлде де көптеп табылмайды. Май жинақталған өркешті тек қана кенеулі қосымша қоректік заттардың көзі ретінде ғана емес, ағза үшін іште туындайтын су көзін пайдалануға мүмкіндік беретін мүше деп санауға болады. Кеудесінде, шынтағында және тізесіндегі көн – ерекше құрылысты тері түйенің өте қызған құмға күймей жатуына мүмкіндік беріп, салалы жүні түйені ыстықтан және суықтан қорғайды. Түйе күшті, майлы және жеңіл табандарымен шағалдармен көтеріліп, сусымалы ыстық құммен тұрақты жүре алады. Табиғи сұрыпталу әрекетінің тірі ағзалар популяциясына ықпал ету дәрежесі табғи сұрыпталу қысымының қарқындылығымен түсіндіріледі. Жыландар популяциясындағы микроэволюцияның жүру мысалы (Natrex Sipedon). Ори аралында (солт.Америка) шұбар жыландардың 4 түрі А.Б.В.Г. ақ түсті – А, сұр түсті Б,В.Г. – қара жолақты болды. Элиминацияға ұшыраушы қара жолақты түрлері болды. Сарғыш түсті тастар үстінде қара жолақтылар көрініп қалып отырды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет