2 URL/URI ресурстарының әмбебап идентификаторлар жүйесі Құжаттардың ақпараттық кеңістігінде URL–адресіне негізделген басқа адрестеу жүйесімен қолданылады. Бүкіләлемдік желіде сақталған әрбір құжаттың өзіндік бірегей адресі – URL (Uniform Resource Locator) адресі болады.
Кез–келген компьютерде орналасқан және Интернет желісіндегі әрбір файлдың да URL (Uniform Resource Locator) адресі бар. URL – әмбебап ресурстар локаторы немесе Интернетке қосылған хост компьютерінде сақталған файлдардың бірегей адресі.
Желідегі құжаттың толық URL адресі келесі бөліктерден тұрады:
– хаттама атауынан, қос нүктеден және екі «/» таңбасынан тұратын хаттама префиксі;
– домен атауының орнына қолданылатын компьютердің домендік атауы немесе оның IP адресі;
– сервермен байланысуды жүзеге асырылатын порт нөмірі. Порт нөмірі алдында қос нүкте қойылады. Пайдаланушы көзқарасы бойынша, портты көрсету мысалы, құжатты «мәжбүрлеп» қайта кодтау үшін пайдалы болуы мүмкін. Мысалы, http://www.newmail.ru:8100 және http://www/newmail.ru:8101 адрестері бір серверге бағытталады, бірақ, бірінші жағдайда құжат KOI–8 кодтауында, ал екіншіде – Windows кодтауында оқылады.
– сервердің түпкі каталогы жолын қамтуы мүмкін компьютердегі файл атауы. Жолды сервердің каталогтар ағашына жазу үшін Windows жүйесінде әдеттегідей '\' орнына '/' таңбасы пайдаланылады.
URL адресі регистрге тәуелді екенін ескерген жөн.
protocol://host[:port]/path/filename
http://www.nsv.ru/official/index.xml
http://193.124.215.195/official/index.xml
ftp://sim.df.ru/drives/intel/100disk.exe
protocol – ресурстармен байланысу хаттамасы
host – DNS–ке сәйкес хосттың домендік атауы
port – web–сервер портының нөмірі
path – файл жолы
filename – файл спецификациясы
http – байланыс хаттамасы
www – желі ресурсының түрі
nsv – 2–ші деңгейлі домен
ru – 1–ші деңгейлі домен
official – каталог
193.124.215.195 – IP адрес