9 дәріс Тақырып. Мектеп жасына дейінгі балалардың өнімді қызметі Жоспар


Бейнелеу және құрастыру әрекетінің келесі түрі - сурет аппликация



бет3/4
Дата04.03.2023
өлшемі180 Kb.
#71483
түріСабақ
1   2   3   4
3.Бейнелеу және құрастыру әрекетінің келесі түрі - сурет аппликация.
Аппликация сабақтары процесінде балалар өздері бөліктері мен силуэттерін қиып, жапсыратын алуан түрлі заттардың қарапайым да күрделі формаларымен танысады. Силуэетті кескінді жасау үлкен ой мен қиял жұмысын талап етеді, өйткені силуэетте кейде заттың негізгі белгілері болып табылатын детальдар болмайды.
Аппликация сабақтары математикалық түсініктердің дамуына мүмкіндік туғызады. Мектепке дейінгі балалар аса қарапайым геометриялық формаларының аттарымен, белгілерімен танысады, заттардың және олардың бөліктерінің кеңістікте орналасуы мне көлемі туралы түсінік алады. Осы күрделі ұғымдарды балалар декоративтік ою-өрнек жасау процесінде немесе затты бөлік-бөлігі бойынша бейнелеген кезде оңай ұғып алады.
Сабақтардың барысында мектепке дейінгі балалардың бойында түсті, ритмді, симметрияны сезу дамиды және осының негізінде көркемдік талғам қалыптасады. Оларға түсті өздері жасау немесе форманы бояу керек емес. Балаларға түрлі түстер мен реңктегі қағаздарды бере отырып оларды әдемі үйлесімді таңдай білуга тәрбиелейді.
Ритм мен симметрия ұғымымен балалар сәби жастың өзінде-ақ декоративтік ою-өрнек элементтерін бөлген кезде танысады.
Аппликация сабақтары бөбектерді жұмысты жоспарлы ұйымдастыруға үйретеді, өйткені өнердің бұл түрінде композиция жасау үшін бөліктерді жүйелі жапсырудың үлкен маңызы бар.
Аппликациялық бейнелерді орындау қол бұлшық еттерін дамытуға, қимылдарды үйлестіруге жәрдемдеседі. Бала қайшы ұстауға, қағаз парағын бұра отырып,формаларды дұрыс қиып алуға, формаларды қағаз бетіне бір-біріне бірдей қашықтықта орналастыруға үйренеді.
4.Бейнелеу және құрастыру әрекетінің келесі бір түрі - конструкциялау.
Алуан түрлі материалдардан конструкциялау бейнелеу іс-әрекетінің басқа түрлеріне қарағанда ойынмен көбірек байланысты. Ойын көбіне конструкциялау процесімен қатар жүреді, ал балалардың жасап шығарғандары әдетте ойындарда пайдаланылады.
Балабақшада конструкциялаудың мынадай түрлері қолданылады: құрылыс материалдарынан, конструкторлар жиынтығынан, қағаздан, табиғи және басқа материалдардан конструкциялау.
Конструкциялау процесінде мектеп жасына дейінгі балалар білімге, дағдыға және іскерлікке ие болады. Құрылыс материалдарынан конструкциялай отырып, олар геометриялық ауқымды формалармен танысады, симметрияның, тепе-теңдіктің пропорцияның маңызы туралы түсінік алады. Қағаздан конструкциялау кезінде балалардың геометриялық жазық фигуралар туралы білімі, жақ, бұрыштар, орталық нүктесі туралы ұғымы нақтылана түседі. Балалар қағазды майыстыру, жинау, кесу, желімдеу жолымен жалпақ формалардың түрін өзгерту тәсілдерімен танысады.
Табиғи және басқа материалдармен жұмыс істеу балаларға өздерінің творчестволық қабілеттерін көрсете білуіне, жаңа бейнелеу дағдыларына ие болуға мүмкіндік береді.
Конструкциялау жұмыстары үшін, әдеттегідей, дайын формалар пайдаланылады, балалар оларды жинай отырып қажетті кескінді алады.
Конструкциялаудың барлық түрлері балалардың контрукторлық ойы мен творчестволық қабілетін дамытады. Балаға жасалатын затты, оның бөліктерінің формаларын алдын ала елестетіп, өзінде бар дайын формалармен ойша салыстыруы, оының жарамдылығын анықтауы, содан кейін пайдалануы керек. Конструкторлық ойды қалыптастырудың күрделі процесі тәрбиеші жағынан зейін аударып, дұрыс басшылық жасауды талап етеді.
Бейнелеу іс-әрекетінің алуан түрлерінің өзара байланысына тоқталып өтеміз.
Бейнелеу іс-әрекетінің жоғарыда қарастырылып өткен түрлері өзара тығыз байланысты. Бұл байланыс ең алдымен жұмыстардың мазмұны арқылы жүзеге асады. Кейбір тақырыптар – үйлердің, транспорттың, хайуанаттардың және т.б. бейнесі барлық түрлер үшін ортақ болып табылады.
Мысалы, егер мектеп жасына дейінгі ересек және аппликация жасау кезінде қоянды бейнелесе, онда осы сабақтардан оның формасы, көлемі, бөліктерінің арақатынасы туралы алған білімдерін олар арнайы оқу сабағынсыз-ақ сюжетті сурет салғанда пайдалана алады. Оның өзінде мектеп жасына дейінгі балалар бұл жұмысқа қажетті бейнелеу және техникалық тәсілдерін меңгере алған – алмағанын ескеру маңызды.
Бейнелеу іс-әрекетінің алуан түрі арасындағы байланыс түрлі материалдармен жұмыс істегенде форма түзуші қимылдарды дәйекті түрде меңгеру жолымен жүзеге асырылады. Мысалы, дөңгелек формамен танысуды ауқымды берілетін мүсіндеуден бастаған жақсы. Сурет салғанда сызықтық контур жасалады.
Сонымен, жұмысты жоспарлаған кезде тәрбиеші қандай материалды пайдалану балаларда бейнелеу дағдыларын шапшаң әрі оңай меңгеруіне мүмкіндік беретінін мұқият ойластырып алуға тиіс. Мектеп жасына дейінгі балалар бейнелеу іс-әрекетінің бір түрі бойынша өткен сабақтарында алған білімдерін жұмыстың басқа түрлерімен және басқа материалдармен өткізілетін сабақтарда ойдағыдай пайдалана алады.
Балалардың жан-жақты дамуы үшін бейнелеу іс-әрекетінің маңызы зор.
Бейнелеу іс-әрекеті жөніндегі сабақтар, оқу тапсырмаларын орындаудан басқа, балаларды жан –жақты дамытудың маңызды құралы болып табылады. Сурет салуға, мүсіндеуге, аппликацияға, конструкциялауға үйрету мектеп жасына дейінгі балаларға ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық және дене тәрбиесін беруге жәрдемдеседі.
Ақыл-ой тәрбиесі үшін бейнелеу іс-әрекетінің маңызы жоғары.
Бейнелеу іс-әрекеті қоршаған өмірді танып-білумен тығыз байланысты. Мұның өзі алдымен материалдардың қасиеттерімен тікелей танысудан, әрекеттің алынған нәтижемен байланысын танып білуден басталады.
Ақыл-ойды дамыту үшін сурет салудың маңызы туралы М.И. Калинин былай деп жазды: «Сурет салуды үйреніп, әдеттенген адам әрбір жаңа затқа ерекше көзбен қарайды. Ол барлық жағынан шамалап байқап, сондай заттың суретін салады, және оның басында соның өзінде-ақ образ болады. Ал бұл заттың мәнінің өзіне ол терең енеді деген сөз».
Затты дұрыс бейнелеу үшін ол туралы айқын түсінік болуы, яғни заттың сипатты белгілерін, олардың бір-бірімен ара қатынасын, формасын, түсін көре білуі керек. Мектепке дейінгі сәби жастағы бала өз суреттерінде бар болғаны неғұрлым ашық бірнеше белгілерін бөліп алады.
Бейнелеу іс-әрекеті процесінде балалардың айналадағы заттар туралы көзбен көріп ұғынуы нақтыланып,тереңдей түседі. Бала суреті кейде баланың зат туралы ұғымы дұрыс емес екенін дәлелдейді, бірақ суретке, мүсінге қарап бала ұғымының дұрыс-бұрыстығын кесіп айту әрдайым мүмкін бола бермейді. Баланың ойы оның бейнелеу мүмкіндігінен ауқымды да бай, өйткені ұғымдардың дамуы бейнелеу іскерліктері мен дағдылардың дамуынан басым болады. Оның үстіне, кейде мектеп жасына дейінгі балалар объектіге өзінің эмоциялық қатынасын беруге ұмтыла отырып, бейненің көлемі мен түсін саналы түрде бұзады.
Бала бір объектінің суретін салған кезде ие болған іскерлігін біртектес объектілер қатарын бейнелегенде өз бетімен пайдалана алуы үшін, ол ұғымдарды жалпылап, реттей білуге тиіс. Қазіргі кезде іс-әрекеттің алуан түрлерімен байланысты баланың ойлау қабілетін дамтыудың ерекшеліктері туралы мәселе айтарлықтай терең зерттелген.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет