9. Мектепке дейінгі ересек жастағы балаларда байқауды дамыту жолдары



бет1/2
Дата06.09.2023
өлшемі20,72 Kb.
#106328
  1   2
Байланысты:
9-12


9. Мектепке дейінгі ересек жастағы балаларда байқауды дамыту жолдары
Мектепке дейінгі ересек жас баланың психикалық дамуындағы біршама өзгерістермен сипатталады.
Бұл кезеңнің жаңадан пайда болған маңыздысы – албырт және өзіндік ерікті мінез-құлық. Бала өзінің мінез-құлқын үлгімен салыстыра отырып игеріп және басқара алады. Еріктілік бала психикасының дамуындағы орталық желі болады.
Тұрақты түрткілер иерархиясы құрылады. Бала өзінің нені қалайтынын біледі және өз мақсатына қол жеткізеді; оның мінез-құлқы қоршаған ортамен емес, өзіндік шешімімен анықталады, бұл өзгерістер өз көрінісін тауып психикалық дамудың барлық саласында – коммуникативті, танымдық, жігерлілік, мотивациялық салаларда айқындалады.
Ішкі психологиялық өмірі мен ішкі өзін-өзі реттеуінің қалыптасуы – танымдық салада бірқатар жаңа құрылымдардың пайда болуымен байланысты.
5-6 жаста сөздік-логикалық ойлау қабілетінің күрт дамуы байқалады. Сол арқылы балада көзге көрінбейтін заттар мен құбылыстар арасындағы байланысты түсіну қабілеті қалыптасады.
Балалардың іс-әрекеттерінің күрделенуіне және олардың қимыл-қозғалыстарына байланысты назар жалпы ақыл-ой дамуында жоғары шоғырланушылық пен тұрақтылыққа ие болады, ойынның ұзақтығы
2 сағатқа дейін артады.
Ерікті есте сақтауы дамиды, балаларға тек механикалық қана емес, байыптап есте сақтау тән болады.
5-6 жаста сөздік-логикалық ойлау жеткілікті түрде дамымаған, негізгі мәнге көрнекі-бейнелік және эмоциялық есте сақтау ие болады.
Байланыстырып сөйлеу, диалогтік және монологтік сөйлеудің кейбір түрлері дамиды. Балалардың сөйлеуінде кеңейтілген сөздіктер, сондай-ақ осы жаста құрылатын сезім-түйсіктердің сипаттары да көрініс табады. Балалар жалпылама зат есімдерді, синонимдерді, антонимдерді, сын есімдерді және т.с. белсенді қолдана бастайды.

10. Мектепке дейінгі ересек жастағы балаларда жауапкершілік сезімдерін дамыту ерекшеліктері
Қазақ халқы ұрпақ тәрбиесін қашанда ұлттың тағдыры, ұлттың болашағы деп білген. Болашақ ұрпақтарымызға тәрбие беру барысында жауапкершілікке, адалдыққа тәрбиелесек, ел алдында адалдығы, жауапкершілігі мол ұрпақтарымыз көп болар еді деп ойлаймын. Жауапкершілік қандай қасиет?
Жaуапкершілік ол – aдaм бойындaғы белгілі бір істі, өзіне тaпсырылғaн міндетті орындaп жүзеге асыруынан бaйқалатын aдaмгершілік қaсиет. Бұл қасиет балаларда қай кезеңнен қалыптасады? Балаларда жасына қарамай жауапкершілікке үйрене алады. «Балапан ұяда не көрсе, Ұшқанда соны іледі» дегендей, әрбір ата-ананың алдымен өзінің жауапкершілігін сезінуі тиіс. Сонда ғана балаларына жауапкершілікті үйрете алады.
Балаларымыз бізді іс жүзінде үлгі ететін тұлға кейпінде көруі қажет. Бала үшін мың сөзден, бір жақсы іс әлде қайда өтімді болмақ. Сондықтан, ата-аналар мейілінше жақсы әдеттерді бала бойына сіңіруде перзентіне бет айна болуға тырысуы қажет. Кітаптан оқығаным: бала 1 мен 2 жас шамасында ата-анасының айтқанын істей бастайды және ата-анасының іс-әрекеттерін қайталағысы келеді. Ал 5-6 жастан жоғары еңбекке үйрене бастайды. Яғни баланың жасына сай бір жұмысты ата-анамен жасайды немесе балаға бір істі тапсырады.Сонда бала жасаған жұмысы арқылы жауапкершілікті сезіне алады, әрі десе еңбекке бейім болады. Мектеп жасындағы балаларға үй тапсырмасынан бөлек үй жұмыстарын күнделікті жасауға дағдыландыру арқылы оның келешекте жұмысқа деген бейімділігі, жауапкершілігі артады. «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған.
Баланың жауапкершілікке үйрету үшін:
• баланың жасына, даму деңгейіне, жеке ерекшеліктері мен мүдделеріне сәйкес міндеттер мен жауапкершіліктер беру
Мүмкіндігінше оған таңдау жасауға мүмкіндік беру.
• Қиындықтарын шешу жолдарын табуға көмектесу және қажет болған жағдайда ғана араласу
• Жауапты әрекет еткен жағдайда марапаттау
• Өз іс-әрекетінің нәтижелерін бағалау және осы әрекеттердің басқаларға қалай әсер ететінін көрсету.
• Балаға жауапкершілікті өз мойнына алғысы келетін жағдайларды бағалауға тырысып, олардың міндеттерін үзбестен орындауға қолдау көрсету және қолдау көрсету.
• Баланы өзіне жүктелген жауапкершілікті орындауға ынталандыру керек.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет