№9 ОБӨЖ сабағына арналған таратпа материал
Тақырыбы: Қызыл қан физиологиясы
Ауызша сұрау:
1. Қан жасау теориясы. Гемопоэз.
2. Эритроциттер
3. Лейкоциттер
4. Тромбоциттер
5. Қанды зерттеу әдістері.
Ситуациялық есептерді шешу:
Биік тауларда атмосфералық қысым төмендейтіні, демек, оттегінің парциалды қысымы төмендейтіні белгілі. Тауда үнемі өмір сүретін адамға қан көрсеткіштерінің қандай ерекшеліктері тән екенін көрсетіңіз және неге?
Эритроциттердің гемолизі қалай аталады? Гемолиздің қандай түрлері ажыратылады?
Тест:
1. Келесі пайыздық қатынас гематокрит деп аталады:
гемоглобиннің қан көлеміне дейінгі мөлшері.
формалы элементтердің қан көлеміне дейінгі мөлшері.
плазманың қан көлеміне дейінгі мөлшері.
лейкоциттердің қан көлеміне дейінгі мөлшері.
лейкоциттердің әртүрлі типтері.
2. Гипопротеинемия кезінде не байқалады?
клеткааралық кеңістікте судың жиналуымен тіндік ісіну.
клеткалық ісіну.
бірдей тіндік және клеткалық ісіну.
айналымдағы қан көлемінің ұлғаюы.
артериялық қысымның жоғарылауы.
3. Гиперпротеинемия кезінде не байқалады?
клеткааралық кеңістікте судың жиналуымен тіндік ісіну.
клеткалық ісіну.
бірдей тіндік және клеткалық ісіну.
айналымдағы қан көлемінің ұлғаюы.
артериялық қысымның төмендеуі.
4. Плазмадағы онкотикалық қысым келесі шешуші роль атқарады:
ақуыздардың қан мен ұлпалар арасындағы тасымладануында.
судың қан мен клеткааралық сұйықтық арасындағы тасымалдануында.
қанның рН сақтап тұруда.
көмірқышқыл газының қанмен тасымалдануында.
оттегінің қанмен тасымалдануында.
5. Антиденелер қан протеиндерінің қандай фракциясына жатады?
альбуминдер.
гамма-глобулиндер.
фибриноген.
тек альфа-глобулиндер.
тек бета-глобулиндер.
6. Эритроциттер мембранасының бұзылуы және гемоглобиннің плазмаға бөліну процесі қалай аталады?
плазмолиз.
фибринолиз.
гемостаз.
гемолиз.
лизис.
7. Қанның рН тұрақтылығын реттеуде қандай органдар шешуші роль атқарады?
өкпе және бүйрек.
жүрек және бауыр.
асқазан және ішек.
сүйектер мен бұлшықеттер.
тері және өңеш.
8. Қанның түсті көрсеткіші деп аталады?
эритроциттер көлемінің қан көлеміне пайыздық қатынасы.
эритроциттер құрамының ретикулоциттерге қатынасы.
эритроциттердің гемоглобинмен салыстырмалы қанығуы.
эритроциттер мен лейкоциттер көлемінің қатынасы.
тромбоциттер көлемінің эритроциттер көлеміне қатынасы.
9. Организмнің темірге деген күнделікті қажеттілігі қалай қамтамасыз етіледі?
темірдің ішекте сіңірілуі.
ыдыраған қызыл қан клеткаларының темірін қолдану.
бөлшектелген эритроциттердің ішекте және темірде сіңуіне байланысты.
бауыр темірін қолдану арқылы.
қан түзетін тіндердің темсірін қолдану арқылы.
10. Оттегінің ең жоғары жақындығына ие:
фетальды гемоглобин.
ересек адамның гемоглобині.
карбоксигемоглобин.
карбгемоглобин.
Е) ересек адамның гемоглобині.
Достарыңызбен бөлісу: |