9: Оқу үдерісі бойынша оқушыларда Отан қорғау дайындығының қалыптасуына әсер ету қызметі



бет1/2
Дата20.01.2023
өлшемі51 Kb.
#62045
  1   2
Байланысты:
Оқушылардың бойында Отанды қорғауға дайындықты қалыптастырудағы оқу үдерісінің қызметі.


9: Оқу үдерісі бойынша оқушыларда Отан қорғау дайындығының қалыптасуына әсер ету қызметі
1. Оқушылардың бойында Отанды қорғауға дайындықты қалыптастырудағы оқу үдерісінің қызметі.
2. Оқушылардың бойында Отанды қорғауға дайындықты қалыптастыру бойынша мұғалімнің жұмыс жүйесі.
3. Әскери оқу орындарында кандидаттарды іріктеудегі АӘД оқытушысының рөлі.
1. Оқушылардың бойында Отанды қорғауға дайындықты қалыптастырудағы оқу үдерісінің қызметі. Әскери-патриоттық тәрбиелілік - қоғам үшін адамға қажетті қасиеттер, оның қалыптасуы оқу үдерісінің ең маңызды міндеттерінің бірі болуы тиіс. Дегенмен мектептегі жұмыс тәжірибесін бақылау мұғалімдердің көпшілік бөлігінің жеке тұлғада аталған қабілетті қалыптастыруда оқыту пәндерінің қызметі туралы мәліметінің нашар екенін көрсетеді. Осының салдарынан әскери-патриоттық деректер оқу үдерісінде тиісті жүйесіз, оқушылардың жас ерекшелігі мен Отанды қорғауға олардың дайындығын қалыптастыру мүмкіндігін ескермей қолданылады.
Оқу үдерісінде танымдық қызметтің пассивті үлгілері басым, бейбітшілік пен соғыс мәселесі жөніндегі теориялық конференцияларды, лекцияларды, семнарларды өткізудің, оқушылардың өзбетімен, шығармашылық жұмысын ұйымдастырудың орнына дайын білімді тікелей хабарлау әдістерімен айналысады.
Әскери-патриоттық тәрбиеде оқу үдерісінің қызметін толықтай жүзеге асыруды қамтамасыз ету үшін одан шығатын әдіснамалық ұстанымды белгілеу қажет. Мектептегі оқу үдерісі жетекші, дамытушы қызметті атқарады, болашақ Отан қорғаушының қалыптасуына басты әсер етеді. Бірақ бұл үдеріске ӘПТ мазмұнының жекелеген компоненттерін енгізу аз. Отанды қорғауға дайындықтың барлық компоненттерінің жағдайына оның тұтастай белсенді, әрекетті әсер етуі маңызды.
Оқу үдерісі өз қызметін адам қызметінің негізгі түрлерін бейнелеу кезінде жүзеге асырады. Оқушылардың әскери-патриоттық тәрбиесіне ықпал етуші оқытудың маңызды қызметі соғысқа қарағанда бейбітшіліктің артықшылығына сенушілікті, оларда дүниетанымының қалыптасуынан құралады.
Тез әсерленгіш факторы көп рөл атқарады, өйткені сенушілік білім мен Отанға деген сүйіспеншіліктің, уайымының бірлігі. Білімнің терең ғылыми мазмұны мен тез әсерленгіштігімен қатар, оның қоғамдық пайдалы бағыттылығының болуы маңызды. Бұның негізінде Отанды қорғауға өте кең, әлеуметтік ұмтылысы туындайды.
Оқушылардың Отанды қорғаудың жалпы ғылыми негіздерін меңгеруді қамтамасыз ететін білім жүйесімен қарулануы – табанды және батыл Отан қорғаушыларын оқыту үдерісінің ең маңызды қызметтерінің бірі. Түрлі ғылымдар ұғымының жиынтығын білдіре отырып, олар Отанды қорғау жөніндегі ілімнің ғылыми негізін құрайды. Оқу үдерісінде оқушылардың әскери-патриоттық тәрбие мазмұнының негізін Отанды қорғау жөніндегі ілім, ғылыми заңдар және тәрбие түсінігі, сондай-ақ әскери қызметтің негізгі қағидаларын ашатын арнайы пәндер құрайды. ӘПТ оқу-тәрбие үдерісінің барлық үдерісінде жүзеге асырылуы қажет. Оқушылардың ӘПТ оқу үдерісінің бірі Жердегі бейбітшілікті қорғау бойынша қажетті олардың іскерліктің қалыптасуында.
Оқу үдерісінде оқушылардың бойында ҚР ҚҚ сарбаздарының, еңбек және соғыс қаһармандарының, Отанды қорғауға дайындығын көрсеткен адамдардың әрекеттері мен қылықтарына жағымды әсер тудыруы керек. Оқу үдерісі өз қызметін орындау үшін таза ақпараттық, академиялық оқыту аз. Оның өндірістік еңбекпен, қоғам дамуымен, техникалық шығармашылықпен, спорт түрлерімен тығыз байланысы қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет