9 Практикалық сабақтың тақырыбы: Отбасы типтері және тәрбиесінің негіздері Сабақтың жоспары



бет1/3
Дата17.10.2023
өлшемі22,65 Kb.
#116721
түріСабақ
  1   2   3
Байланысты:
Практикалык сабак 9


9
Практикалық сабақтың тақырыбы: Отбасы типтері және тәрбиесінің негіздері


1. Сабақтың жоспары:
1.  Отбасы – бала тұлғасын әлеуметтендірудің факторы және белсенді субьектісі
2. Қазіргі отбасының ерекшеліктері
3 Отбасы және мектептің ынтымақтастығының формасы


2. Сабақ мақсаты: қоғамдық және жанұялық тәрбие, ата-ананың педагогикалық белсенділігі, диагностика әдістері, әрекеттестік формалары, мектеп пен жанұяның тәрбиелік мүмкіндіктерінің интеграциясы.


3. Қысқаша теориялық мәліметтер: Отбасы тәрбиесінің, ата-ананың әлеуметтік-жауапкершілік қызмет-әрекеті ретінде басты құқықтық негізі бар. 1989 жылдың 20 қарашасында БҰҰ Бас Ассамблеясы қабылдаған “Бала құқығы туралы конвенция” маңызды негізгі құжат. “Балаға, дене жағынан және ақыл-ойының жетілмегендігінен, арнайы қорғау мен қамқорлық, соның ішінде, туылғанға дейінгі және туылғаннан кейінгі тиісті құқықтық қорғау керек”, - деп жазылған Конвенцияда.
Конвенция баланың өмір сүру, тіршілік ету және салауатты даму құқығын жариялай отырып, Конвенция баланың жеке тұлғалық дамуында өзінің дербестігін, даралығын сақтау құқығына ерекше көңіл бөледі. Сондай-ақ баланың ата-анаға деген құқығы да ескеріледі. Ата-ана “баланың мақсат-мүддесі үшін қажетін” орындамаған жағдайда ғана өз құқықтарынан айырылады.
Конвенцияға қол қойған мемлекеттер мына міндеттерді орындауы тиіс: ақысыз және бәріне міндетті бастауыш білім енгізу, орта және кәсіби білім алуға жағдай жасау, жоғары білім алуға жол ашу. Конвенцияның 28 тарауында “мектептегі тәртіп баланың адами қадір-қасиетіне құрмет көрсететін әдістер арқылы жүргізілуі тиіс” деп, ерекше аталып кеткен.
Сондай-ақ БҰҰ Бас Ассамблеясының 1959 жылдың 20 қарашасында қабылдаған Конвенция, “Бала құқығының декларациясы”; “Адам құқықтарының жалпы декларациясы” және басқа да көптеген халықаралық құжаттар ҚР Конституциясының ішкі отбасылық қатынастарды, баланың отбасы мен қоғамдағы тәрбиесі және ағартушылығы мәселелерін қамтитын тарауларына негіз болды. ҚР Конституциясының 27 тарауында былай делінген:
1.  Балаларды қорғау мен тәрбиелеу – ата-ананың табиғи құқығы және міндеті.
2.  Неке мен жанұя, аналық, әкелік және балалық мемлекет қамқорлығының аясында.
3.  Кәмелетке толған және еңбекке жарамды балалар еңбекке жарамсыз ата-аналарына қамқорлық жасауы тиіс.
Қазақстан Республикасы Консититуциясында бекітілген отбасы тәрбиесінің құқықтық принциптері “Неке және отбасы туралы” заңда (17. 12. 1998 ж.) нақтыланған. Онда қазіргі заманғы отбасы құқығының бір некелік, некеге тұрудың бостандығы мен еркіндігі, ажырасу еркіндігі, ерлі-зайыптылардың отбасы қатынасындағы тең құқығы сияқты негізгі принциптері жазылған. Бұл құқықтар отбасы өміріндегі, отбасы ұжымындағы өзара байланыстың терең демократияға жол ашады. 52 тарауда баланың отбасылық тәрбиесі, оның құқығын және мақсат-мүдделерін қорғаудың баптары келтірілген: “Баланың өз ата-анасы тарапынан тәрбиеленуіне, оның тілек-қалауларының орындалуына, жан-жақты дамуына, оның адами қадір-қасиетінің сыйлануына құқығы бар”. Бала ата-ана билігіне тәуелді объект ретінде емес, өзіндік құқық субъектісі ретінде қарастырылады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет