№9 практикалық сабақтың тақырыбы: Технологияларды кластарға бөлу
Қазіргі таңда педагогика теориясына елеулі өзгерістер еніп, білім беру мазмұны жақсарып, жаңа көзқарастар пайда болып, білім беру құрылымында жаңа технологиялар өмірге келуде. Оқытудың жаңа технологияларын алдымен жете меңгерген, онан соң оны оқу мазмұнына балалардың жас және психологиялық ерскшеліктеріне қарай пайдаланудың маңызы зор. Педагогикалық технология ұғыми іс-тәжірибемізде жиірек қолданылып, практикаға енуде. Ал «технология» түсіндірмесін сөздікте қандай да болсын істегі, шеберліктегі, өнердегі амадардың жиынтығы, ал педагогикалык технология — педагогикалык мақсатқа қол жеткізу жолындағы қолданылатын барлық қисынды ілім амалдары мен әдіснамалық құралдарының жүйелі жиынтығы және жұмыс істеу реті — деп В.Кларин айтып өткендей, педагогикалық технология тәжірибеде жүзеге асатын педагогикалық жүйенің жобасы. Ал педагогикалық жүйе дара тұлғаны қалыптастыруға бағытталған, белгілі-бір мақсатқа жету жолындағы арнайы педагогикалық ықпалды ұйымдастыруға қажеттті өзара байланысқан әдістер құралдарының жиынтығы. Олай болса, дәл қазір бізге осы педагогикалық технологияны дамыту приктикада пайдалану. Педагогикалық технологияның негізі - саралап оқыту. Бұл бойынша оқушы білімді менгеру деңгейін төртке бөлуге болады. Бірінші төменгі деңгей - міндетті деңгей, қалғаны оқушы қабілетіне қарай игеріледі. Сонда міндетті деңгейді мемлекеттік өлшем ретінде алсақ, білім берудің шығармашылық сипаты қалыптасады. Былайша айтқанда, педагогикалық технология - оқушының шығармашылықпен терең ойластырылған көптеген факторлардың үйлесімділігі, оқыту мен тәрбиелік тиімділігін қамтамасыз ететін жанды құрамдас бөлігі. Мектептің ескі құрылысы мен білімнін жаңа мазмұнының арасындағы қарамақайшылықты жою үшін жүйелі түрде саралап, білім берудің түпкі мақсаты өмірдің сан тараулы дамуын меңгеретін адамға табиғи мүмкіндігі негізінде дамыта тәрбиелеу.
ОЙЫН ТЕХНОЛОГИЯСЫ. Ойын – қоғам тәжірибесін қайта құруға және қабылдауға бағытталған.,бір шартты жағдайдағы қызметтің түрі.Сол бойынша өзін-өзі басқарады,тәрбиелеу жетіліп қалыптасады.