Балл қою кестесі
1-бөлім
Тапсырма
|
Жауап
|
Балл
|
1
|
Д
|
1
|
2
|
С
|
1
|
3
|
А
|
1
|
4
|
Д
|
1
|
5
|
В
|
1
|
6
|
өз ойын нақты деректер келтіре отырып жазады;
|
3
|
7
|
автордың бейнесін талдап жазады;
|
3
|
8
|
өлеңнің көркемдік тілі мен ерекшелігін талдайды;
|
3
|
9
|
жыр сюжетіне сүйене отырып, мысал келтіреді, талдау жасайды;
|
3
|
10
|
ғалымның бағасы туралы өз пікірін білдіреді;
|
3
|
11
|
өз ойы мен көзқарасын нақты жеткізе алады;
тарихи-көркемдік құндылығына өзіндік баға береді;
орынды пікір, дәлелдер келтіреді;
өзіндік ұсынысын, қорытынды шешімін жаза алады;
стильге сай жазады;
құрылымын сақтайды.
|
2
2
2
2
1
1
|
Барлығы – 30 балл
|
3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
Жиынтық бағалауға шолу
І нұсқа
Ұзақтығы: 40 минут
Түсіну және жауап беру - 5 минут
Анализ және интерпретация - 15 минут
Бағалау және салыстыру - 20 минут
Балл саны: 20
Көп таңдауы бар сұрақтар
Қысқа жауапты қажет ететін ашық сұрақтар
Толық жауапты қажет ететін сұрақтар
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 3 бөлімнен тұрады: бірінші бөлім - түсіну және жауап беру, екінші бөлім - анализ және интерпретация, үшіншісі- бағалау және салыстыруды тексеруге арналған.
Тапсырма
|
Қамтылатын мақсаттар
|
Сипаттама
|
Орындау уақыты, минуты
|
Балл
|
1-5
|
9.1.1.1 әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасау;
9.1.2.1 әдеби шығармадағы психологизмді анықтау;
9.1.3.1 көркем шығарманың идеясына сай кейіпкерлер жүйесін анықтау;
9.1.4.1 көркем шығармалардан алған үзінділерді шығармашылық жұмыстарда қолдану;
|
Жауап нұсқаларынан бір дұрыс жауабын таңдау/жабық сұрақтар
|
5
|
5
|
6-10
|
9.2.1.1 эпикалық, поэтикалық, драмалық мәтіндердегі композициялық амалдарды талдау; 9.2.2.1 автор бейнесінің идеялық-стилистикалық тұтастырушы ретіндегі рөліне талдау жасау;
9.2.3.1 шығармадағы әдеби тілді құбылту мен айшықтаудың (троп пен фигура) түрлерін талдай отырып, автор стиліне баға беру;
9.2.4.1 автор стиліне сүйене отырып, шығармашылық жұмыс жазу
|
Қысқа жауапты қажет ететін ашық сұрақтар
|
15
|
15
|
11
|
9.3.3.1 шығарманың идеясын ғаламдық тұрғыдан талдап, әдеби эссе жазу.
|
Жазбаша толық жауапты қажет ететін сұрақтар
|
20
|
10
|
Барлығы
|
|
|
40
|
30
| «Қазақ әдебиеті» пәнінен 3-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы
3-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
1-нұсқа
1-БӨЛІМ
1.«Құлагер» поэмасында кімнің асы суреттеледі ?
А.Әлімқұлдың
В.Бөжейдің
С.Сағынайдың
Д.Күреңбайдың
Е.Шорманның
[1]
2.Бейімбет Майлиннің «Шұғаның белгісі» повесіндегі сюжеттің шарықтау шегін анықтаңыз.
А.Әбдірахманның өлімі.
В.Екі жастың бақытты өмір сүруі.
С.Шұғаның өлімі
Д.Шұғаның қатты құса боп ауруға шалдығуы.
Е.Шұғаның аурудан айығуы [1]
3.Т. Айбергеновтың «Сағыныш» өлеңі жолдарынан асты сызылған тіркестердің қандай көркемдік тәсіл арқылы жасалып тұрғанын анықтаңыз.
Сағыныш деген молшылық қазына, бола да берер артық-кем,
Ал нағыз асқақ сағыныштарда араның балы бар тіптен.
Мен мынау ыстық жүрегімменен қара тасты да сағынам,
Қаланып қалса тәртіппен.
А.Теңеу
В.Кейіптеу
С.Метафора
Д.Метонимия
Е.Эпитет [1]
4.«Қыз баланы қор қылатын өзіміз ғой...» Берілген сөз қай кейіпкердікі?
А.Артықбай
В.Есеней
С.Мүсіреп
Д.Торсан
Е.Ұлпан
[1]
5. Ф.Оңғарсынованың «Өлең, мен сені аялап өтем» өлеңінің қай жолдарында бақытты сәттерді өлеңмен байланыстырып суреттейді?
А.Жүрегім сыздаған кезде,
жаным мұздаған кезде
мен сені саялаймын.
В.Өмірдің өткелдерінен
қиындық көп көргеніммен,
өртеніп от басқаныммен,
өзіңмен қоштаспадым мен.
С.Ажалмен айқасқан сәтте
қыршын жас көз ілгенін көріп,
алдыңа лапылдап келем,
жарылуға жақындап келем.
Д.Біреудің күлкісін көріп,
бақыттының түр-түсін көріп,
шаттанып қалған шағымда,
қуаныштан дірілдеп денем,
алдыңа күлімдеп келем.
Е.Өмірдің өткелдерінен
қиындық көп көргеніммен,
өртеніп от басқаныммен,
өзіңмен қоштаспадым мен.
2-БӨЛІМ
6.Т. Айбергеновтың «Сағыныш» өлеңіндегі
О, шіркін, менің сағынышымдай көлемі шексіз болса аудан,
Ондағы жандар көз ашпас еді ау, сағыну менен шаршаудан.
Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық беу, дүние,
Тұратын түгел сағыну менен аңсаудан, - деген өлең жолдардағы ақынның бейнесін талдап жазыңыз. [3]
_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________. 7.Тапсырма. Поэмадағы ақынның ауыр жан күйзелісін, терең тебіренісін талдап жазыңыз. (5-6 сөйлем). [3]
Құлагер, қолда өсірген құлыным – ай!
Ішінде омыртқамның жұлыным – ай!
Жын ба екен, сайтан ба екен қаза болғыр,
Қанды қол қастықпенен ұруын – ай!
Осылай Ақан зарлап жылап жатты,
Қайтсін ол, жыламасқа, жанға батты.
Күйінді ол, күңіреніп Құлагерге,
Айырылды ол, аттан – жақсы, достан – тәтті.
Жарлының жалғызы өлсе жанын ұрар,
Дәл сондай жақсы атына Ақан жылар.
Жел жылап, көл күрсініп жатқаны не
Таудағы «Ой, бауырым»дар неге сулар?
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
8. «Шұғаның белгісі» повесінде жазушы қандай әлеуметтік мәселені көтерген? Ойыңызды талдап жазыңыз. [3]
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
9.Өлеңдегі ақын сезімін қара сөзбен сипаттап жазыңдар.
Өмірдің өткелдерінен
қиындық көп көргеніммен,
өртеніп от басқаныммен,
өзіңмен қоштаспадым мен.
Күлкімді, жайлы күнімді,
азапты, қайғы-мұңымды
өзіммен бөліскенің үшін,
қатем мен жеңістерім үшін
менің мынау қиындау тағдырым болып
о баста көріскенің үшін
Өлең, мен сені аялап өтем! __________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________[3]
10. Ғ. Мүсіреповтың «Ұлпан» романындағы Ұлпанның «арзанға түспейтін қыз» екенінде қандай мән жатыр? Ойыңызды дәлелдеп жазыңыз.(5-6 сөйлем)
__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
. [3]
3-БӨЛІМ
11.Тақырыптардың бірін таңдап, шығарманың тарихи және көркемдік құндылығына өз пікіріңізбен баға беріңіз.
Достарыңызбен бөлісу: |