9-сынып білім алушыларын қорытынды аттестаттаудан өткізу және бағалау туралы әдістемелік ұсынымдар



Дата01.11.2023
өлшемі0,63 Mb.
#121337

9-сынып білім алушыларын қорытынды аттестаттаудан өткізу
және бағалау туралы әдістемелік ұсынымдар
/қазақ тілі пәнінен, оқыту қазақ тілінде/

9-сынып білім алушылары үшін қазақ тілі мен әдебиетінен қорытынды аттестацияны өткізу және бағалау «Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы №125 бұйрығына және «2021-2022 оқу жылын аяқтау және орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды қорытынды аттестаттаудан өткізу мерзімдерін бекіту туралы» 2022 жылғы 20 сәуірдегі №159 бұйрығына сәйкес жүргізіледі.





Пәні

Мерзімі

Емтихан

Жұмыс түрі

Берілетін уақыт

Макс. балл

Қазақ тілі (Т1)

28 мамыр

негізгі, жазбаша

эссе, гуманитарлық цикл пәндерін тереңдетіп оқытатын мектептер үшін – мақала, әңгіме, эссе

2 сағат

20

Қазақ тілі мен әдебиеті (Т2)

3 маусым

негізгі, жазбаша

300-350 сөзден тұратын бір мәтінге негізделген міндетті үш тапсырма

2 сағат

30

Қазақ әдебиеті

6 маусым

таңдау, жазбаша

Тапсырма екі бөлімнен тұрады: А бөлімі бірнеше таңдауы бар, ал В бөлімі толық жауапты қажет ететін сұрақтарды қамтиды

2 сағат

30

Емтихан жұмысы үшін балдар мен бағаларды қою үдерісі


Емтихан жұмысы үшін балл қою үдерісін ұсынылған балл қою сызбасы негізінде аттестациялық комиссия жүзеге асырады. Білім алушылардың қойылған балдары балдарды бағаға айналдыру шәкіліне сәйкес бағаға ауыстырылады.



Ескерілетін жағдайлар:

  • эссе тақырыбы бірінші жолдың ортасына тырнақшаға алынбай жазылады;

  • эссе тақырыбы мен жұмыс мәтінінің арасында жол қалдырылмайды;

  • қателерді түземейміз, тек астын сызып көрсетеміз, қатені шартты белгімен қызыл жолақтың сыртына қызыл сиямен белгісін көрсетіледі (орфографиялық қате – /, пунктуациялық қате – ˅);

  • емтихан жұмысын тексеру кезінде қызыл түсті қалам қолданылады;

  • бала ең соңғы сөйлемін жазып болғанан кейін, оң жаққа сөз саны карандашпен жазылады;

  • балды бағаға «Қазақ тілі» пәнінен қорытынды аттестаттау» («Қазақ тілі мен әдебиеті», «Қазақ әдебиеті») спецификацияларына сай айналдырады;

  • бағалау міндеттері: коммуникативтік құзырлық және тілдік құзырлықты бағалау балл қою кестесіне (спецификациядағы) сай жүргізіледі:

  • балл қою кестесіне сәйкес балын қойып, сонда берілген шәкіл негізге алынып бағаға айналдырылады;

  • баға тырнақшасыз қойылады, баға араб санымен және жақшаның ішіне сөзбен жазылады, мысалы: 5 (өте жақсы);

  • пікір жазылмайды;

  • соңында емтихан комиссиясы мүшелерінің қолы қойылады, мұғалімдердің аты-жөні жазылады;




  • шимайжазба (черновик) сақталады;

  • хаттама көк сиямен толтырылады,

  • хаттамада балл мен баға сан және жақшаның ішінде жазумен жазылады;

  • балды бағаға айналдыру (мысалы: 20+10=30, 85-100 %, 5 (өте жақсы)



Үлгі


Жұмысты рәсімдеу
Титул парағы

7 жол тастап, 8-жолға жазылады.



Мектептің мөрі
28.05.2022
1(2)-нұсқа

Штамп ұшынан азат жолдан жазылады.
9 «А» сынып оқушысы
Балтабаева Алуаның
негізгі орта мектеп курсы үшін
қазақ тілі пәнінен жазған
емтихан (эссе, мақала, әңгіме) жұмысы
Оқушының жұмысынан кейін жол тасталмай бірден жазылады:
Коммуникативтік құзырлық – 10 балл
Тілдік құзырлық – 10 балл
Бағасы: 5 (өте жақсы)
Комиссия төрағасы (төрайымы) (қолы) С.И. Мұратова
Емтихан алушы мұғалім (қолы) С.И. Мұратова
Ассистенттер: 1. (қолы) С.И. Мұратова
2. (қолы) С.И. Мұратова


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет