9-сынып «Әкімшілік бақылау» тапсырмалары



бет5/9
Дата20.06.2023
өлшемі118,61 Kb.
#102513
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
9 1 н

5- мәтін
Қазақ бейнелеу өнері – көркем кескіндеме, мүсіндеме, графика, сән және қолданбалы өнер салаларын, ұлттық дүниетанымға негізделген көркем өнер. Қазақ бейнелеу өнерінің бұқаралық ең ежелгі түрі – халықтың қолөнері.
Қазақтың кәсіби бейнелеу өнерінің қалыптасу және даму жолы өте күрделі болды.
Қазақ бейнелеу өнері этнограф-ғалым Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов туындыларынан басталады. Кейінгі зерттеулер Шоқан Уәлихановтың «Потанин», «Тезек төре», тағы да басқа портреттік жұмыстарынан кәсіби суретшілерге тән шеберлігі байқалатынын анықтады. Шоқанның салған графикалық суреттері қайта өрлеу дәуірі өкілдері – Леонардо да Винчи, Рафаэль Санти шығармаларымен сабақтасып жатыр. Шоқан қазақ бейнелеу өнерінің графика саласында ғана емес, кескіндеме саласында да жоғары шеберлікке жеткен. Оған Шоқанның «Алатау көрінісі», «Жатақ» атты шығармалары дәлел бола алады.
1920 жылы елімізде бейнелеу өнерінің кәсіпқой шеберлерін даярлайтын студия ұйымдастырылды. XX ғасырдың 20-30 жылдары қазақ бейнелеу өнерінің шеберлері алғашқы қадамдарын жасады. Жас суретшілер кескіндеме мен графикалық кәсіптік шеберлігін меңгерді. Ә.Қастеев, Ә.Ысмайылова, Б.Сәрсенбаев, Қ.Қожықов сынды жас суретшілер өздерінің қарапайым мазмұнға құрылған алғашқы еңбектерінде елімізде болып жатқан өзекті өзгерістерді бейнелеуге ұмтылды. 1928 жылы Семей қаласында бейнелеу өнерінің алғашқы көрмесі ұйымдастырылса, 1933 жылы республикалық Суретшілер одағының комитеті құрылды. 1935 жылы Алматы қаласында қазақ көркем сурет галереясы ашылды. Бұл кезеңде еліміздің әлеуметтік-экономикалық және мәдени өмірдің жаңа жағдайлары, түбегейлі уақыт талаптары шығармаларға тың тақырып болды.
Әбілхан Қастеев шығармаларының өзіндік ұлттық бояуы осы кезде жарқырап көрінді. Қазақ бейнелеу өнерінің қалыптасып, өркендеуі осы суретшінің шығармашылығымен тығыз байланысты. Шығармалары бүкіл Отан келбетін бейнелейтін Ә.Ысмайылов та қазақ кескіндемешілерінің аға буынына жатады. 1940 жылы маусымда ашылған Қазақстан суретшілерінің бірінші съезі шығармашылық ұжымның біраз жылғы жұмыстарын қорытындылап, ұлттық өнерді одан әрі дамытудың жолдарын айқындап берді. XX ғасырдың 40-жылдары қазақ кескіндемесі мен графикасы едәуір табыстарға жетті. Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында еліміздің
қылқалам шеберлері өз өнерлерін фашист басқыншыларына қарсы үгіт-насихат құралына айналдырып, бүкілхалықтық ерлікті, қаһармандық пен қайсарлықты көрсетуге күш салды.
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі жылдарда қазақ бейнелеу өнерінің барлық түрі: кескіндеме, графика, мүсін ілгері дамыды. Қазақ және өзбек халықтарына ортақ суреттер – қазақ табиғатын тамсана суреттеген алғашқы академик – суретші О.Таңсықбаев қазақ бейнелеу өнерінде ерекше орын алды.
Қазақ бейнелеу өнерінің шығармалары XX ғасырдың 60-жылдары шетелге таныла бастады. Қазақстан суретшілерінің үздік еңбектері – ұлт өнерінің қазынасына қосылған асыл мұра. Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін де қазақ бейнелеу өнері өркендеп, қанатын кеңге жайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет