Хаттың аудармасы "Құрметті, Андропов мырза! Менің атым Саманта Смит. Мен он жастамын. Сізді жаңа тағайындалуыңызбен құттықтаймын. Кеңес Одағы мен Америка Құрама Штаттары арасындағы ядролық соғыс басталады ма деп қатты алаңдаймын. Сіз соғысты қолдайсыз ба, әлде қарсысыз ба? Егер сіз қарсы болсаңыз, соғыстың қалай алдын аласыз? Сіз бұл сұраққа жауап беруге міндетті емессіз, бірақ мен сіздің неге бүкіл әлемді немесе біздің елімізді жаулап алғыңыз келетінін білгім келеді. Жаратушы бәрімізді бірге бейбіт өмір сүріп, соғыспауымыз үшін жаратты емес пе?
Шын Жүректен, Саманта Смит".
Суретте берілген тұлғаны сипаттаңыз.
Хаттың мазмұнына сипаттама жазыңыз.
Тұлғаның тарихтағы орны қандай?
Халықаралық қатынастарды реттеудегі қызметіне дәлел келтіріңіз.
Оқиғаның қалай аяқталғанын жазыңыз.
«Қырғи-қабақ соғыстың аяқталуымен әлемдегі қауіпсіздік артты» деген пікірге қатысты өз пікіріңізді ПТМС формуласы негізінде дәлелдеңіз.
П
Т
М
С
БҰҰ Таяу Шығыстағы дағдарысты шешудің қандай бейбіт жолдарын ұсынғандығын жазыңыз.
15
Бағалау критерийі
Тапсырм а №
Дескриптор
Балл
Білім алушы
тұлғаның тарихтағы
рөлін бағалайды
1
Суретте берілген тұлғаны сипаттайды;
1
Хаттың мазмұнына сипаттама жасайды;
1
Тұлғаның тарихтағы рөлін сипаттайды;
1
Хаттың халықаралық қатынастарды реттеудегі қызметіне дәлел келтіреді;
1
Оқиғаның нәтижесін жазады;
1
аймақтық шиеленістердің себептері мен салдарын сипаттайды
2
Тұжырымға қатысты өз позициясын білдіреді;
1
Өз позициясын түсіндіреді;
1
Мысал келтіреді;
1
Нәтижесін жазады;
1
халықаралық шиеленістерді реттеудегі БҰҰ-ның қызметін бағалайды
3
БҰҰ Таяу Шығыстағы дағдарысты шешудегі 1-қадамын жазады;
1
БҰҰ Таяу Шығыстағы дағдарысты шешудегі 2-қадамын жазады;
1
БҰҰ Таяу Шығыстағы дағдарысты шешудегі 3-қадамын жазады.
1
Жалпы балл 12
«Екі полюсті әлемнен көп полюсті әлемге» және «Аумақтық мәселелерді шешудегі халықаралық ұйымдар» бөлімдері бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика
Білім алушының аты-жөні _____________________________________________
Бағалау критерийі
Оқу жетістігі деңгейі
Төмен
Орта
Жоғары
тұлғаның тарихтағы рөлін бағалайды
Суретте берілген тұлғаны, хаттың мазмұнын, тұлғаның тарихтағы рөлін сипаттауда, хаттың халықаралық қатынастарды реттеудегі қызметіне дәлел келтіруде, оқиғаның нәтижесін жазуда қиналады
Суретте берілген тұлғаны, хаттың мазмұнын, тұлғаның тарихтағы рөлін сипаттауда, хаттың халықаралық қатынастарды реттеудегі қызметіне дәлел келтіруде, оқиғаның нәтижесін жазуда қателеседі
Суретте берілген тұлғаны, хаттың мазмұнын, тұлғаның тарихтағы рөлін сипаттайды,
хаттың халықаралық қатынастарды реттеудегі қызметіне дәлел келтіреді, оқиғаның нәтижесін жазады.
аймақтық шиеленістердің себептері мен салдарын сипаттайды
Тұжырымға қатысты өз позициясын білдіруде, өз позициясын түсіндіруде, мысал келтіріп, нәтижесін жазуда қиналады
Тұжырымға қатысты өз позициясын білдіруде, өз позициясын түсіндіруде, мысал келтіріп, нәтижесін жазуда қателеседі
Тұжырымға қатысты өз позициясын білдіреді, өз позициясын түсіндіреді, мысал келтіріп, нәтижесін жазады
халықаралық шиеленістерді реттеудегі БҰҰ-ның
қызметін бағалайды
БҰҰ Таяу Шығыстағы дағдарысты шешудегі 1/2/3қадамын жазуда қиналады
БҰҰ Таяу Шығыстағы дағдарысты шешудегі 1/2/3қадамын жазуда қателеседі
БҰҰ Таяу Шығыстағы дағдарысты шешудегі 1/2/3қадамын жазады