9 сынып оқушысы



Дата17.03.2023
өлшемі114,05 Kb.
#75162
Байланысты:
ТЖБ 3-тоқсан 9-сынып 2 нұсқада


9 «___» сынып оқушысы: ___________________________________________

І нұсқа
«Физика» пәнінен 3-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары





  1. Төменде берілген график бойынша тербелістің амплитуда, период, жиіліктерін анықтаңыз.

Берілгені:


  1. Массасы 2 кг доп 20 м/с жылдамдықпен үйкеліссіз горизонталь бетпен қозғалып, 3 кг денемен серпімсіз соқтығысады. Егер олар соқтығыстан кейін бірге қозғалатын болса, олардың жылдамдығын анықтаңыз.

Берілгені:



  1. Ұзындығы 10 м математикалық маятник берілген. Математикалық маятниктің тербеліс периодын, тербеліс жиілігін және тербелісінің циклдік жиілігін табыңыз

Берілгені:



  1. Қатандығы 200 Н/м серіппелі маятник 3 см амплитуда және 8с периодымен тербеледі. Маятниктің максималды потенциалды энергиясын анықтаныздар. 2 с уақыт аралығында маятниктің толық энергиясы неге тең?

Берілгені:

  1. Дыбыстың ауадағы жылдамдығы 340 м/с. Ең төмен ер адам дауысының ауадағы дыбыс толқынының ұзындығы 4,3 м-ге жетеді. Осы дауыстың тербеліс жиілігін анықтаңыз.

Берілгені:

  1. а) Дыбыс толқындары қандай ортада таралмайды?

А) қатты денелерде B) Сұйықтарда С) Газдарда Д) Вакуумде


б) Жиілігі 20000 Гц-тен асатын механикалық тербелістер қалай аталады?
А) Дыбыс B) Инфра дыбыс C) Ультра дыбыс Д) дұрыс жауабы жоқ

с) Дыбыс толқыны ауадан суға өткенде өзгереді:


А) тек жиілігі B) тек дыбыстың ортада таралу жылдамдығы
C) дыбыс жиілігі және толқын ұзындығы Д) дыбыстың таралу жылдамдығы және толқын ұзындығы


д) Математикалық маятник x= 0,5cosπt заңы бойынша тербеледі. Дұрыс тұжырымды анықтаңыз.
A) Амплитудасы 50 см B) Тербеліс периоды 2.5 с –тан кем
C) Тербелісжиілігі 0,2 Гц - кем Д)Тербеліс периоды 4 с



  1. Диаграммада қарапайым тербеліс жасайтын жүйенің ығысуының уақытқа тәуелділік графигі берілген. Тербелмелі жүйе үшін келесі графиктерді салыңыз:

1. Жылдамдық амплитудасын есептеңіз:
2. жылдамдықтың уақытқа тәуелді теңдеуін жазыңыз:
3. Жылдамдықтың уақытқа тәуелді графигін салыңыз


Жалпы: 30 балл
9 «___» сынып оқушысы: ___________________________________________

ІІ нұсқа
«Физика» пәнінен 3-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары





  1. Төменде берілген графиктің амплитуда, период, жиіліктерін анықтаңыз.

Берілгені:


  1. Массасы 2 кг доп 4 м/с жылдамдықпен үйкеліссіз горизонталь бетпен қозғалып, 4 кг денемен серпімсіз соқтығысады. Егер олар соқтығыстан кейін бірге қозғалатын болса, олардың жылдамдығын анықтаңыз.

Берілгені:

  1. Қатаңдығы 20 Н/м серіппеге ілінген 200 г жүк тербеліс жасайды.

Серіппелі маятниктің тербеліс периодын, тербеліс жиілігін және циклдік жиілігін табыңыз.
Берілгені:

  1. Қ атандығы 300 Н/м серіппелі маятник 2 см амплитуда және 10 с периодымен тербеледі. Маятниктің максималды потенциалды энергиясын анықтаныздар. 4 с уақыт аралығында маятниктің толық энергиясы неге тең?

Берілгені:

  1. Кедергіге дейінгі арақашықтық 0.068 kм. Сөйлеген адамға жаңғырық қанша уақыттан кейін естіледі? Дыбыс жылдамдығы 340 м/с.

Берілгені:

  1. а ) Камертон толқын ұзындығы 0,5 м дыбыс толқынын таратады. Дыбыстың жылдамдығы 340 м/с. Камертон тербелісінің жиілігі неге тең?

А) 17 Гц B) 680 Гц C)170 Гц Д)3400 Гц


б ) Дыбыс көзінің тербеліс жиілігін 2 есе арттырсақ дыбыс толқынының ұзындығы қалай өзгереді?
А) 2 есе артады B) 2 есе кемиді C) өзгермейді D) 4 есе кемиді


с ) Дыбыс толқынының жиілігін арттыратын болсақ адам дыбыстың қандай өзгерісін байқайды?
А) тон биіктігінің артуын B) тон биіктігінің кемуін C) дыбыс қаттылығының артуы D) дыбыс қаттылығының кемуі
д ) Дыбыс тонының биіктігі неге тәуелді?
А) жиілігіне B)амплитудасына C) қаттылығына D) келтірілген параметрлердің барлығына



  1. Диаграммада қарапайым тербеліс жасайтын жүйенің ығысуының уақытқа тәуелділік графигі берілген. Тербелмелі жүйе үшін келесі графиктерді салыңыз:

1. Үдеудің амплитудасын есептеңіз:
2. Үдеудің уақытқа тәуелді теңдеуін жазыңыз:
3. Үдеудің-уақытқа тәуелді графигін салыңыз


Жалпы: 30 балл


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет