9-сыныптардың негізгі мектепті бітіру емтихан қорытындысы, 11-сыныптардың орта мектепті бітіру емтихан қорытындысы туралы анықтама


Жазғы мектеп жұмысының ұйымдастырылуы туралы



бет4/4
Дата06.07.2022
өлшемі28,7 Kb.
#37524
1   2   3   4
Байланысты:
Пед кеңес анықтама маусым 2022

Жазғы мектеп жұмысының ұйымдастырылуы туралы
анықтама

Қайда қаралды: директор жанындағы кеңес


Қашан: 11. 06.2022 ж

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Байзақ ауданы білім бөлімінің 26.05.2022 жылғы №190 бұйрығының 5-тармағына сәйкес «білім сапасын арттыру және пандемия кезіндегі шектеу шаралары кезеңіндегі жіберілген олқылықтарының орнын толтыру мақсатында ата-аналардың немесе заңды өкілдердің өтініші бойынша барлық ниет білдірген білім алушылар үшін оқытуды 2022 жылғы 17 маусымына дейін жалғастырсын Жазғы мектепте оқыту 26.05.-17.06.2021 аралығы деп белгіленсін» деп көрсетілген. Мектепте 26.05-17.06.2022 күн аралығында «Жазғы мектеп-2022» ұйымдастырылды. Байзақ ауданының білім бөлімінің 2022 жылғы 05 мамырдағы № 16-9-932 хатына, Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің мектепке дейінгі және орта білім беру комитетінің 2022 жылғы 27 сәуірдегі №02-1299 хатына сәйкес «Жазғы мектепті ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды» жұмыс барысында басшылыққа алып, жұмыс жүргізілді. Мектеп ұжымына «Жазғы мектепті ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар» таныстырылды.


Сынып жетекшілері ата-аналардан өтініштер жинақтап, оқушылар тізімі жасақталды. Жазғы мектепке келетін сынып комплектілері анықталды. Жазғы мектепке 2—8,10-сыныптардан 166 оқушы, 11 сынып комплектісіне қамтылды. Сеңкібай ауылынан келетін 112 оқушы тасымал болмағандықтан «Жазғы мектепке» қамтыған жоқ.
Сабақ кестелері мен қоңырау кестелері жасалып, бекітілді.
Жазғы мектепте оқытылатын пәндер тізімі:
2-4-сыныптарда

  1. Қазақ тілі

  2. Әдебиеттік оқу

  3. Математика

  4. Орыс тілі

  5. Ағылшын тілі

  6. Дүниетану

  7. Жаратылыстану

  8. Дене шынықтыру

5-8, 10-сыныптарда

  1. Қазақ тілі

  2. Қазақ әдебиеті

  3. Математика

  4. Алгебра

  5. Геометрия

  6. Жаратылыстану

  7. География

  8. Қазақстан тарихы

  9. Ағылшын тілі

  10. Орыс тілі

  11. Химия

  12. Биология

  13. Физика

  14. Дене шынықтыру

Мектепішілік жұмыс жоспары құрылды. Әдістемелік ұсынымдарда дене шынықтыру пән мұғалімдері, педагог-психолог, кітапхана меңгерушілерінің жұмысына баса назар аударылған.
Дене шынықтыру пән мұғалімдері, кітапхана меңгерушілері, педагог-психолог жазғы мектеп бойынша іс-шара жұмыс жоспарларын жасады. Жоспарға сәйкес жұмыстар жүргізілді.
жазғы мектепке 34 педагог қамтылды. Әрбір педагог, пән мұғалімі өз пәні бойынша қалып кеткен, оқушылар меңгерулері қиын болған тақырыптарды қамтып, КТ жоспарларын құрасырып, бекіттірді. Сол КТЖ бойынша сабақтар өткізілді. Сабақтарды түрлендіріп таза ауада, ойын түрінде, түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана отырып өткізді.
«Жазғы мектеп» бойынша ұйымдастырылып өткізілген іс-шаралар туралы мәліметтер әлеуметтік парақшаларға салынып отырды.


Ұсыныс:



  1. Жазғы мектептің ұйымдастырылуы «қанағаттанарлық» деп табылса.

Дайындаған: ДОІЖО С.Т.Даулетбаева

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет