Тақырыбы: «Кел, танысайық» тренигі Мақсаты: 1 курс топ студенттерімен педагог-психолог маманы мен психотерапевт, психиатр ұғымдарының айырмашылықтарын түсіндіру, танысу арқылы бірі-бірімен жақындастыру, өзара қарым-қатынас атмосферасын орнату
Психолог өзімен таныстырады. І .Ұйымдастыру. Музыка ойнап тұрады. Студенттер бір-біріне жылы лебіздерін, күлімдеп жақсы тілектерін айтады.(жұмсақ ойыншық смайлик) Психолог – бұл маман саған өзіңнің ішкі дүниеңді түсінуге көмектеседі, өз эмоцияң мен қиналып жүрген сезіміңді сыртқа шығаруға көмектеседі, құрдастарыңмен және ересектер арасындағы қарым-қатынасты түсінуге көмектесетін маман.
Психологпен сен ата-аналарыңмен байланыс жоғалтқанда, отбасындағы қақтығыстар мен түсінбеушіліктер болғанда көмек беретін, саған бүгінгі күннің сіз үшін ең маңызды нәрсе ол сенің оқуыңа, отбасындағы қарым – қатынасыңа, отбасы мәселесіне және қарым қатынас мәселесіне көмек көрсететін маман.
Алайда психолог маманын тек қана проблемалармен жұмыс істейтін маман ретінде қабылдаудың қажеті жоқ. Психологтың сенің өміріңе қатысуы жағымды болуы мүмкін, өйткені ол саған ортаға ауыртпалықсыз бейімделуге және сіздің әлеуетіңізді жақсартуға көмек көрсететін маман.
«Егер сіз бақытты болғыңыз келсе – өзіңізді бақытты етіңі». Бұл сөздің мағынасында кәсіби психологтар жоғары бағалайтын терең мағына бар. Өйткені бақытты сезіну үшін сыртқы жағдайларға ғана қарап қоймай, өзіміздің ішкі сезімдерімізді бағалау керекпіз. «Шығыс даналығының мақалы бойынша , бақытты болу үшін –бақытсыздықтың алдын алу керекпіз» деп айтылған.
Біз ортақ қоғамда өмір сүреміз, кейде қолайсыз жағдайларға және қиын жағдайларға тап боламыз, соған байланысты жағымсыз жағдайларды бастан кешіреміз.