9 соөЖ, СӨЖ. Қазіргі психодиагностикадағы тұлғаны тексерудің жағдайы


Тұлғаның ерекшелігіне психодиагностикалық әдістеме



бет5/12
Дата06.01.2022
өлшемі51,93 Kb.
#14803
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
9 СОӨЖ , СӨЖ барлық тақырыптары

Тұлғаның ерекшелігіне психодиагностикалық әдістеме

Жеке тұлғаның мотивациялық сферасын психодиагностикалаудың тікелей әдістері.Бұл әдістің ең қарапайым нұсқасы-адамнан тікелей бұрынғы өткен жағдайды «неге» немесе «не үшін» деп сұрау.Сонымен қатар ,интервью ,анкета пайдалануға болады,мұнда адамға мотивтер,қажеттіліктер,қызығушылықтар тізімі беріледі,зерттелуші соларды бағалап,таңдау қажет.Мотивтардің тізімі нақты мотивтер жүйесінен құрала-ды.Бұл әдістер тұлғаның мотивациясын өлшеуге арналмайды, оқуға,кәсіби өсуге,т.б. деген іс-әрекеттің мотивтерін өлшеуге арналады.Бұл топқа сонымен қатар ,ұстанымдары өлшеу әдістемелері де жатады.Бұл әдістеме арқылы айтылған пікірлер негізінде мінез-құлықтың мотивациялық өзгерулері анықталады.

А.Эдварстың «Жеке тұлғалық қалаулар тізімі»(ЕРРS)сауалнамасы,Г.Мюррей ұсынған қажеттіліктердің күшін өлшейді.Әрбір 15 шкалаға(210 жұп пікір) пікірлес түрінде беріл-ген қажеттіліктердің индикаторы бөліп көрсетілген.Сауалнама жұп пікірлердің ішінен біреуін амалсыздан таңдау негізінде құрылған.Қажеттіліктердің қортынды индексі қажет-тіліктер обсолютті күшін бейнелемейді, белгілі бір қажеттіліктің тізімдегі келесі қажет-тілікке қатысты күшін бейнелейді.А.Эдвардс амалсыз таңдау әдісін қолдану арқылы әлеу-меттік фаутордың әсерін азайтады.

Д.Джексонның «Тұлғаны тану бойынша формасы» (РRF)-Г.Мюррейдің мотивация теориясы негізінде құрастырылған,мотивацилық сфераны өлшеуге арналған.Джексонның сауалнамасы 20 мотивациялық өзгешеліктерді зерттейді,оның 12-сі Эдвардс сауалнама-сындағы қажеттіліктерге ұқсас.

А.Мехрабианның «Оқшаулануға деген сезімталдық пен аффиляциялық тенденцияны өлшеу сауалнамасы».Бұл сауалнама екі жалпы мотивті өлшейді.Өзін өзі қабылдауға деген ұмтылыс (аффиляциялық тенденция)және оқшауланудан қорқу.Сауалнама екі шкаладан тұрады.1-шкала пункттен тұрса,2-шкала 24 пункттен тұрады.Автордың пікірі бойынша шкала 1-жағдайда индивидтің тұлғааралық қарым-қатынастан жағымды жағдай күтуін біл діреді,2-жағдайда сәйкес жағымсыз күтулердібілдіреді.

Р.Нигард және Т.Гьесмнің мотивтерді Ms және Maf өлшеуге арналған сауалнамасы екі шкаладан 30 пункттен тұрады.Бұл да Дж.Аткинсонның мотивация теориясынан шық-қан.Тест табысқа жетуге деген Ms және сәтсіздіктерден қашуға деген (Maf)мотивтерді бір-бірінен тәуілсіз түрде зерттейді.

Темперамент – индивидтің диагностикалық ерекшеліктерін сипаттау : интенсивтілігі , жылдамдығы, темпі, психикалық процестің ырғағы және қалпы болып табылады.

Темпераментті түсіндіру негізінде адамның индивидуалды іс - әрекетінің формальды – динамикалық қасиеттерінің биологиялық концепциясы бар, ол И.П.Павлов, Б.М.Теплов, В.Д.Небылицин жұмыстарында бастау алады.

Бұл концепцияға сәйкес адам іс - әрекеті ағзаның ортамен байланысы континуумнан тұрады. Әр акт иерархияның 4 блоктарында орындалады.: афферентті жинақтау, ақпараттандыру, орындау және кері байланыс.

Қазір темпераментті диагностикалау үшін сауалнамалар жасап шығарылды, оның құрамында 4 фундаментальды өлшем бөліп қарастырылған:

1) әргиттілік 2) пластикалық 3) жылдамдылық 4)эмоционалды сезімталдылық.

Адам өмір процесінде заттар мен әлеуметтік әлеммен өзара әрекет етуі. Бірінші түрі субъект- объект әрекеті.( S-O), екінші түрі субъект – субъект әрекеті ( S-S)

Темперамент құрылымының жалпы схемасы көрінеді. Орта бөлімде 4 иерархиялық блок бейнеленеді. Жоғарғы және төменгі бөлімінде әсер етудің екі типі : субъект – объект- заттық және іс - әрекеттік, субъек – субъект - әлеуметтік және коммуникативтік қарастырылады.

Функционалды жүйенің әр блогына бір фундаментальды қасиетінің 2 өлшемі жатады – іс - әрекеттік және коммуникативтік сфераға – эргиттілік(Эр) және әлеумет – эргиттілік ( СЭР), заттық пластикалық ( СП), заттық жылдамдық(Т), әлеуметтік жылдамдық(СТ), заттық эмоционалды сезімталдық(ЭМ) және әлеуметтік эмоционалды сезімталдығы енеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет