Емтихан сұрақтары 1. Мен-концепциясы. Мен" концепциясы – адамның өзі жайлы біршама тұрақты, азды-көпті мәні бар түсініктерінің жүйесі.
"Мен" концепциясы негізінде жеке адам өзгелермен қарым-қатынас жасап, өзіне деген көзқарасын қалыптастырады. Адам бойындағы “мендік” қасиет адамның іс-әрекеті мен әлеуметтік ортамен қарым-қатынас жасауы барысында қалыптасады. Кез келген адамның өз “менін” айыра алуы тұлғалық қасиеттің өзекті белгісі болып табылады. "Мен" тұжырымдамасы әлеуметтік өзара іс-қимылдың алғышарты мен салдары бола тұра, әлеуметтік тәжірибе барысында анықталады.
Оны құрайтындар:
· шынайы “мен” (осы шақтағы өзі туралы түсінік),
· идеалдық “мен” (өзінің пікірі бойынша, субъектінің моральдық нормаларға бағдар алғанда қандай болуға тиіс екендігі),
· серпінді “мен” (субъектінің қандай болғысы келетіндігі туралы ниеті),
· фантастикалық “мен” (егер мүмкін болса, субъектінің қандай болуды армандайтындығы), т.б.
"Мен" тұжырымдамасының қалыптасуы адамдар арасында қызмет алмасу жағдайында жүріп, оның барысында субъект “басқа адамға айнадағыдай көрінеді” және сол арқылы өз менінің бейнесін сақтап, айқындайды және түзетеді.
2. Адам өміріндегі құндылықтар. Психологиядағы құндылық түсінігін зерттеу. 3. Психология ғылым ретінде. Психология ғылым ретінде жай ғана әртүрлі психикалық құбылыстарды сипаттау емес, сонымен қатар оларды жинақтау, түсіндіру және мәнін, белгілі заңдылықтарды ашу, соның негізінде психикалық құбылыстардың себептерін анықтау және болашақта олардың пайда болуын болжау.
Психикалық құбылыстар – бізді қоршап тұрған сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының мидағы әр түрлі бейнелері болып табылады.
Олар: түйсік, елес, ой, сезім, тілек, қабілет, қызығу, мінез, әдет т.б.
4. Психология тиімді өмір сүру факторы ретінде (бизнес, спорт, денсаулық сақтау, жарнама психологиясы және т.б.). Адамзат өмірінде психологияның алатын орны ерекше. Ол тиімді өмір сүру факторы ретінде әр түрлі қызмет салаларында көрініс табады. Мәселен, бизнес, спорт, денсаулық сақтау, жарнама, медиа салаларында. Бизнес психологиясы –бүл бизнес іс-әрекетінің тиімділігін көтеруге және бизнес субъектілерінің өз-ара әрекеттесуін оптимизациялауға бағыттталған психология ғылымының пән-аралық саласы.
Спорт психологиясы – жарыс және жаттығу әрекетіндегі адам психикасының көрінуі мен дамуынің, сондай-ақ топтың өз-ара әрекеттесуінің заңдылықтарын зерттейтін психология ғылымының саласы.
Денсаулық психологиясы – денсаулық тек ауырмағандықтың белгісі ғана емес, ол физиологиялық, психологиялық және әлеуметтік факторлардың сәйкес келулерін анықтайтың психологияның саласы. Жарнама психологиясы психология ғылымының қолданбалы салаларының бірі. Жарнама көреремендердің, сатып алушылардың және қатынасушылардың зейіндері мен қызығушылықтарын, заттарға, шараларға, дәстүрлерге, шығармаларға т.б назар аудартып, кең өрісте әйгілі ету мақсатында қолданылатын хабарлау жолы.Сендіру үлгілеріне «сарапшылар кеңес береді», «көпшіліктің таңдауы» немесе «әр адам ... міндетті», «сіз әлі... онда біз сізге барамыз».деген сөз тіркестері жатады.