9 тақырып. Желдету және ауа баптау жүйелері



Pdf көрінісі
бет2/3
Дата08.12.2022
өлшемі427,04 Kb.
#55994
1   2   3
Байланысты:
Лекция 9

Табиғи желдету жүйелері 
Табиғи желдету жүйелеріндегі ауа алмасу ішкі және сыртқы ауа қысым 
бағандарының айырымы әсерінен орын алады. Бӛлмеден «лас» ауаны шығару және 
бӛлмеге «таза» ауа беру табиғи желдету жүйелерінде қоршау конструкцияларындағы 
арнайы ойықтар немесе арнайы ауа ӛткізгіштер арқылы жүргізіледі. Бірінші жағдайда, 
желдету каналсыз, екінші жағдайда каналды жүйе деп аталады. Табиғи каналсыз желдету 
жүйесінің мысалы ретінде артық жылу бӛлінетін цехтағы аэрацияны қарастыруға болады 
(37-сурет).
Бӛлмеге тӛменгі 1-ойықтар арқылы ауа кіріп, сыртқы ауаға қарағанда
температурасы жоғары іштегі ауа жоғарыдағы 2- желдету фонарының фрамугасы 
арқылышығарылады да, ауа алмасу жүреді. 


Табиғи каналды желдету жүйелерінде 
сыртқы ауаны беру және ішкі лас ауаны әкету 
арнайы каналдар немесе ауа ӛткізгіштер арқылы жүреді (38-сурет). 
Табиғи каналды желдетудің ауа шығару жүйесі тұрғын және қоғамдық 
ғимараттарда, бір еседен артық ауа алмасуды керек етпейтін бӛлмелерде қолданылады. 
Бӛлмеден шығарылатын ауа қозғаласының қарқындылығын арттыру үшін шығару 
шахталарына дефлекторлар орнатылады (39-сурет). Дефлектордың жұмысы жел ағыны 
энергиясын пайдалануға негізделген.
38-сурет. 1- ауа ӛткізгіштер; 2- ауа алу торлары; 3-дефлектор; 4-құрастырмалы 
кӛлденең ауа ӛткізгіш; 5- ауа шығару шахтасы. 
 
39-сурет. 
1-шығару шахтасы; 2-диффузор. 
Механикалық желдету жүйелері 
Механикалық желдету жүйелері табиғи желдету жүйелерімен салыстырғанда 
құрылымы жағынан күрделі және алғашқы күрделі қаржыны, пайдалану шығындарын кӛп 
қажет етеді. Сонда да, оның артықшылықтары кӛп: 1) сыртқы ауа температурасы тербелісі 
мен жел жылдамдығына тәуелсіз; 2) ауа ағынын едәуір қашықтықтарға жеткізу; 3) 
бӛлмеге берілетін ауаны түрлі ӛңдеулерден ӛткізуге болады(қыздыру немесе салқындату, 
тазарту, ылғалдандыру немесе кептіру). 
Сондықтан да механикалық желдету жүйелері ӛндірістік және қоғамдық 
ғимараттарда кеңінен қолданылады. 
Желдетудің механикалық ауа беру және шығару жүйелерінің схемалары 40,а,б -
суретте кӛрсетілген. 
Механикалық желдету жүйелерінде ауа қозғалысы электрмен жүретін ортадан 
тепкіш және осьтік желдеткіштер кӛмегімен іске асады (41-сурет) 
37-сурет. 1- тӛменгі ойықтар; 
2- желдету фонарының 
фрамугалары. 


О
Ортадан тепкіш желдеткіштерді (41, а-сурет) жұмыс дӛңгелегінің айналу бағытына 
қарап ажыратады. Егер электр қозғалтқышы жағынан қарағанда желдеткіштің жұмыс 
дӛңгелегі сағат бағытымен айналса, онда ол оң айналу желдеткіші, ал сағат бағытына кері 
айналса, сол айналу желдеткіші деп аталады. Желдеткішке жұмыс дӛңгелегінің 
дециметрлік диаметріне сай номер тағайындалады (мысалы, №5 желдеткіштің жұмыс 
дӛңгелегінің диаметрі 5 дм, яғни 500мм). 
Осьтік желдеткіш (41,б- сурет) электр қозғалтқышының ӛзегіне орнатылған жұмыс 
дӛңгелегінен және ауа ағыны бағытын туғызатын қаптамадан тұрады. Қалақтар айналған 
кезде, желдеткіш осі бойымен ауа ғаыны қозғалысы туындайды, желдеткіш атауы да 
осыған байланысты.
Желдеткіштер екі параметр бойынша таңдалады: ӛнімділігі және арыны. 
Ауаны жылыту үшін желдету жүйесінде болат пластинкалы калориферлер 
қолданылады, олар қыздыру бетінің ауданын үлкейту үшін пластинкалар немесе таспалар 
орнатылған болат құбырлардан тұрады.
Желдетудің механикалық жүйелерінде берілетін ауаны шаңнан тазарту үшін түрлі 
шаң ұстағыш құрылымдар: майлы, қағаз және жең тәрізді сүзгілер, циклондар, шаң 
отырғызу камералары және т.б. қолданылады.
Жергілікті желдету жүйелері 
Жергілікті желдету жүйесі жалпы алмасу секілді ауа 
беруге және шығаруға арналады. Жергілікті ауа шығару 
жүйесін зиянды заттарды түзілу орнынан алып кету қажет 
болғанда орнатады. Ол үшін бүркеме түріндегі сору 
құрылымдары қолданылады (сору шкафтары, шатырлар, 
плиталарға орнатылатын шатырлар, ванналар ернеуіндегі 
сору құрылымдары, станоктардан сору құрылымдары және 
41-сурет, а) ортадан тепкіш 
желдеткіштің схемасы 
1- жұмысшы дӛңгелек; 2- 
қаптама; 3- кіру құбыры; 4- 
бағыттағыш аппарат; 5- муфта; 
6- электрлі қозғалтқыш; 7- 
шығу құбыры; 8-тіректі іргетас 
б) осьтік желдеткіш схемасы,
1- қаптама; 2- ӛзек; 3- жұмыс 
дӛңгелектерінің қалағы; 4- 
электрлі 
қозғалтқыш; 
5- 
тіректі рама 


т.б.). Жергілікті ауа беру жүйесіне ауа себезгілері, ауа перделері және ауа оазистері 
жатады.
Мысал ретінде пеш аузына орнатылған шатыр-бүркеменің схемасы берілген
(42-сурет).
Ауа себезгісі дегеніміз арнайы құрылғыдан шығатын ауаның жұмыс 
орнына немесе шектеулі жұмыс аумағына бағытталып берілуі (43-сурет). 
Құрамындағы зиянды заттар концентрациясын ауа себезгілері кӛмегімен ауа 
ағыны әсер ететін аумақта оның қозғалыс жылдамдығын, температурасын, 
ылғалдылығын және оның ӛзгертуге болады. Кей жағдайларда ауа себезгілерін 
жергілікті ауа шығару жүйелерімен бірге қолдануға болады. Ауа оазисі 
дегеніміз бӛлменің қоршаулармен оқшауланған, бірақ жоғарғы жағы 
бекітілмеген, бӛлменің барлық кӛлеміне қарағанда ішінде белгілі 
микроклимат туғызуға болатын бӛлігі. Жан-жағынан қоршалған, бірақ тӛбесі 
ашық ұяға бӛлменің басқа кӛлеміне қарағанда таза, жылы ауа беріледі.
Ауа пердесі дегеніміз есік немесе қақпаның 
жоғарғы, тӛменгі немесе жанына орнатылатын,
ұзын жіңішке саңылаудан үлкен жылдамдықпен 
ауа беретін құрылғы. Пердеге берілетін ауа 
бӛлменің жоғарғы жағынан алынады немесе 
арнайы калориферде қыздырылады (бұл жағдайда 
ол ауа жылу пердесі деп аталады). 44-сурет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет