Олигополия нарығының негізгі ерекшеліктері:
1. Нарықта басым фирмалар болады, олардың саны көп емес;
2. Олигополиялық фирмалардың нарықтық үлестері көп болады, сондықтан бағаға монополиялық билік жүргізе алады;
3. Осындай әрбір фирманың сұраныс қисығы төмен қарай бағытталған болады;
4. Олигополиялық нарықтың басты сипаты – фирмалар бір-бірімен тығыз байланыста және өзара тәуелділікте болады. Баға мен өнім көлемін анықтағанда әрбір фирма өзінің бәсекелестерінің ықтимал реакциясын ескеруге мәжбүр болады;
5. Салаға жаңа фирмалардың кіруіне айтарлықтай кедергілер қойылады. Жалпы өзара байланыстың салдары:
1) сұранысты бағалау қиындығы;
2) шекті түсімді анықтауға болмайды;
3) тепе-теңдік баға (P* ) мен тепе-теңдік сату көлемін (Q* ) анықтау мүмкіндігі жоқ. Нарық іс-әрекетінің осындай белгісіздігінен олигополия үлгісінің көптігі туындайды, олар кооперативтік және кооперативтік емес ісәрекет модельдеріне бөлінеді. Кооперативтік емес іс-әрекет – бұл әрбір жеке олигополистфирмалардың бәсекелестерінің ықтимал шешімдері мен реакцияларын ескере отырып, баға мен өнім көлемі туралы мәселелерді өз бетінше дербес шешуін сипаттайтын бірікпеген қимылдары.
Достарыңызбен бөлісу: |