9-тақырып. Нарық және оның заңының жұмыс істеуі. Бәсекелестік және Монополия



бет15/16
Дата06.01.2022
өлшемі29,36 Kb.
#16216
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Байланысты:
№9-тақырып. Бәсекелестік және Монополия

1. Шерман заңы (1890 ж.). Бұл заңмен сауданы құпия монополизациялауға тыйым салынады, кез келген салаға және бағалар туралы келісімдерге бақылау орнатылады.

2. Клейтон заңы (1914 ж.). Бұл заң бағалық дискриминацияға (кейбір жағдайларда қалыптасқан бәсекенің қалыптасқан ерекшелігіне қарай), өткізу саласында іскерлік белсенділіктің шектелуіне, бірігудің белгілі бір түрлеріне, басшылардың өзара байласуына тыйым салады.

3. Робинсон-Пэтмэн заңы (1936 ж.). Бұл заң сауда саласында іскерлік белсенділіктің шектелуіне, соның ішінде, бағалық дискриминацияға тыйым салады. 1950 жылы Клейтон заңына Селлер-Кефовер түзетуі қабылданды: заңсыз бірігудің түсінігі нақтыланды. Яғни активтерді сатып алу жолымен бірігуге тыйым салынды. Егер Клейтон заңы ірі фирмалардың көлденең бірігуіне тосқауыл қойса, онда Селлер-Кефовер түзетуі тігінен бірігуді (мысалы, өндіріс – өнімді өткізу) шектеді. Еуропалық мемлекеттердің көбінде ұзақ уақыт бойы антимонополиялық заңдылықтар мүлдем болмады. Қабылданған бірқатар заңдар тәжірибеде өте сирек қолданылып, жеке немесе ұжымдық нарықтық билікті асыра пайдаланушыларға ғана бағытталды. Еуропалық мемлекеттердің үкіметтері оларда өндірістердің шоғырлану деңгейі АҚШ-қа қарағанда төмен деп болжады. Сондықтан Еуропада шоғырлану үдерісіне және картельдердің қалыптасуына жол берілді. Антимонополиялық саясат нарықтық айырбасқа қатысушылардың арасындағы қатынастарды реттеуге бағытталады. Мұндай реттеудің екі бағыты орын алады:

1) іскерлік тәртіптің белгілі бір әділетсіз түрлерін шектеу немесе тыйым салу;

2) бәсекелестік нарықтық құрылымды қалыптастыру.

Қазіргі уақытта таза монополия нарығын мемлекет тарапынан реттеудің әлемдік тәжірибе тұрғысынан қалыптасқан бірнеше тәсілдері бар, яғни монополиялық билікті қысқартудың негізгі тәсілдері төмендегілер болып табылады:





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет