№90 дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-гимназиясының 11 «А» сынып оқушысы Дүйсехан Ақжүніс
Мінездеме
Дүйсеахан Ақжүніс 13.09.2004 жылы дүниеге келген. Ақжүніс Шымкент қаласы, №90 дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-гимназиясының 11 «А» сыныбында оқиды. Ол сабырлы, мейірімді, сыныптарының арасында беделі бар оқушы. Өз отбасы туралы толық мәлімет бере алады. Өзіне – өзі қызмет ете алады. Қойылған талаптарды қабылдайды, тәртібі мектеп ережесіне сай. Оқу материалын қабылдауы жақсы. Зейіні тұрақты, ойлау қабілеті жоғары. Мінезі ашық, көңіл – күйі тұрақты. Қоршаған орта туралы түсінігі мол, айналасындағы адамдармен тіл табыса алады, сыныптағы оқушылармен, ұстаздарымен де қарым- қатынасы жақсы, кішіпейіл. Жеке тұлғалық көз қарасы қалыптасқан. Өз ойын, пікірін ашық, анық жеткізе алады. Өз ұстанымын дәлелдей алады. Сыныптан тыс шараларға, спорттық жарыстарға белсене қатысады.
Оқу бағдарламасы бойынша қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндерге қызығады. Соның ішінде қазақ тілі, қазақ әдебиеті, дүниежүзі тарихы, құқық негіздері, Қазақстан тарихы пәндеріне қызығушылығы мол. Оқу үлгерімі жақсы. Сөздік қоры жас ерекшелігіне сай. Сауатты жазады, жазу дағдысы қалыптасқан. Зейіні тұрақты.
№90 ДБАМ МГ директоры А.Ш.Орынбеков
ДТІЖО Е.Оналбеков
Сынып жетекшісі С. Анарбаева
Достарыңызбен бөлісу: |