САБАҚ: Қазақ тілі ТАҚЫРЫБЫ: Есептік және реттік сан есім
МЕКТЕП:
КҮНІ:
МҰҒАЛІМНІҢ АТЫ-ЖӨНІ:
СЫНЫП: 3
қатысқандар саны:
қатыспағандар саны:
ОҚУ МАҚСАТЫ:
3.1.2.1 мәтіннің тақырыбы мен берілген суреттер/фото/диаграмма бойынша мәтіннің мазмұнын болжау;
3.4.2.6 есептік және реттік сан есімдердің айырмашылығын анықтау;
САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ:
Барлық оқушылар жасай алады:
Есептік және реттік сан есімді ажырата алады. Жаңа білімді меңгереді. Сауатты, көркем жазады.
Оқушылардың көбі жасай алады:
Диалогке қатысады; мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтай алады.
Оқушылардың кейбірі жасай алады:
Берілген тапсырмалар бойынша ой қорыту жасай алады.
Алдыңғы білімдер
Сан есім
Жоспар
Жоспарлан- ған уақыт
Жоспарланған іс-əрекет
Дереккөздер
І. Бағдарлау-мотивациялық кезең (5 минут)
1 минут
(Ұ) Сабағымызды қазақ тіліне деген құрметпен, жақсы көңіл күймен бастайық.
Қазақ тілім - өз тілім, ана тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл - қызың мәңгі сені,
Болашағым бақытым дара тілім.
Көңілді əуен қосып қою
3 минут
Ой қозғау
Себетте неше алма бар?
Айжан нешінші қатарда отыр?
Сан есімдердің ұқсастығы мен айырмашылығын табыңдар?
Оқушылар сұраққа жауап береді.
Суреттер
1 минут
Жарық әдісі Тақтада жасырынған әріптер ілініп тұрады оқушылар әріптерді тауып сабақтың тақырыбын анықтайды.
Кеспе суреттер мен әріптер
ІІ.
Операциялық-орындаушылық кезең (30 минут)
3 минут
(МК; Ұ) Орфографиялық сөздіктен сұрақ бойынша ақпарат табу, талдау жасау білігін бағалау. Орфографиялық сөздікпен жұмыс ұйымдастырылады. Даңғыл сөзінің жазылуына назар аудартылады. Талдау шығарады.
(Ж) Сөйлеу не үшін қажет? сұрағын жұбымен талқылау. «Əңгімеге негізделген жазу» стратегиясы. Жұппен жұмыс.
Сөйлеу не үшін қажет? сұрағын жұпта талқылай отырып жазу; өз ойларын ортаға салу жəне пікір алмасу.
Оқушылар не жазатындарын талқылап, бір-бірімен пікір алмасады.
(Ө) Жұбына жазбаша хат жазу. Берілген сұрақ бойынша топтағы жұбына хат жазады. Жазу уақыты белгіленіп, оқушыларға ескертіледі.
(Т; Ұ) Жұмыстарын топта жариялау. Жұмыстарын «Автор орындығы»стратегиясы бойынша топта жариялайды.
(Ө; Ұ; Қ) Бір-бірінің жұмысын бағалау. «Екі тілек, бір ұсыныс» стратегиясы арқылы бір-бірінің жұмысын бағалайды. Орындаған жұмыстарының екі жақсы жағы мен бір кемшілігіне ұсыныс білдіру арқылы өз іс- əрекеттеріне кері байланыс жасайды.
3.3.3.1 (МК; Ө; Т; Қ) Мəтіндегі негізгі ойды сақтай отырып, хатты жалғастырып жазу білігін бағалау. 7-жаттығу. Мəтінді тиісті дауыс ырғағымен оқиды. Мəтін кім жайында айтылғанын анықтайды. Хаттағы негізгі ойды сақтай отырып, хатты əрі қарай өздері жалғастырып жазады. Оқушылардың хатты дұрыс жазуына мұғалім тарапынан басшылық жасалады.
(МК; Ұ) Орфографиялық сөздіктен сұрақ бойынша ақпарат табу, талдау жасау білігін бағалау. Орфографиялық сөздікпен жұмыс ұйымдастырылады. Хал сөзінің жазылуына назар аудартылады. Талдау жасалады.
(МК; Т; Қ) Тапсырманы түсініп орындау білігін бағалау.8-жаттығу. Тапсырмалар арқылы сөйлеудің қай түрі жүзеге асырылғанын анықтатып, дəлелдеулер жасатылады. Кестеге сөйлеу түрі мен оған сəйкес тапсырма тұсына «+» таңбасын қояды.
Жұмыстарын топта жариялап оқиды.