91 жалпы орта білім беретін мектебі кмм «Сыңғырла, алғашқы қоңырау!»



бет2/3
Дата25.05.2023
өлшемі36,86 Kb.
#96980
түріСценарий
1   2   3
Байланысты:
2022-2023 АЛҒАШҚЫ ҚОҢЫРАУ

Музыка ойнайды.
1-жүргізуші: Біраз жылын осында өткізген,
Ұстаздар – ізгі пәк жандар.
Қуана шәкірт қабылдап,
Білімнің көшін жалғаңдар.
Алғашқы әріп үйретер,
Перизат Мұхтарқызы мен
Қынагүл Кубенқызын
шәкірттерімен қарсы алыңыздар!
(Музыка ырғағымен 1-сынып оқушыларын жетектеп, ұстаздары жиын өтіп жатқан алаңға шығып, ортаға 1 мәрте жүріп өтіп, арнайы дайындалған орынға келіп тұрады.)
2-Жүргізуші:
Бірінші қыркүйек білім күніне арналған салтанатты жиынымызды ашық деп жариялаймыз!
АӘД ұйымдастырушы:
Мектеп, сап түзе! Тік тұр! Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы енгізілсін!
Музыка «Барабан»
Әнұран

1-жүргізуші: Бүгін қандай шаттық тола күн еді,
Бүкіл әлем ерекше бір түледі.
Балапанын жетектеген ата-ана,
Қуаныштан жарылардай жүрегі,
Білім көзін ашатынын біледі, - деп балаларын мектепке 
алғаш жетектеп келіп отырған ата-аналарға
қадамдарыңызға гүл бітсін, армандарыңызға
нұр бітсін демекпіз.
2-жүргізуші: Бүгінгі салтанатты мерекеге құрметті қонақтарымыз қатысып отыр: 
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________

1-жүргізуші: Қазағым қонақ десе көсіледі,
Мұндайда жай түйіні шешіледі.
Ақ тілеулі ырыс қой қонақ деген,
Өзімен ала келер несібені-деп _______________________________ сөз кезегін береміз.

2-жүргізуші: 2022-2023 жаңа оқу жылының басталуымен құттықтау үшін,сөз мектеп директоры Тағаев Абзал Абданбекұлына беріледі.
1-жүргізуші: 1-сынып бүлдіршендірінің мектепке арнауларын айту үшін ортаға шақырамыз
2-жүргізуші: _______________________________________ әнін қабыл алыңыздар.


1-жүргізуші:
Қоңырау сыңғырла, асыға
Үн қосқан қиядан асуға
Білім ал, еңбек ет жас ұлан
Өрле сен биiк шың басына.
Қоңырау үні сыңғырлап,
Естілді жылы жаныма
Күлкідей әсем сылдырлап
Бөбекті жиды маңына

2- жүргізуші:
Алғашқы қоңырау соғу салтанатына халықаралық республикалық облыстық олимпиадаларының жеңімпазы 11 сынып оқушысы Ержанова Гүлдана мен 1 сынып оқушысы ие болып отыр.
Музыка ойнап тұрады. Қоңырау соғылып жатады

1-жүргізуші:
-Соғылсын қоңырау, соғылсын,
Сыңғырла мәңгілік сыңғырла.
Толқыған жүректер тоғыссын
Толтырып бір арна, бір жырға.
Шаттықтың үніндей мәңгілік
Соғылсын қоңырау, соғылсын,
Қуаныш әніндей жаңғырып
Жүректер ақ нұрға соғылсын.

2- жүргізуші:  Жүрегі нұр, өмірі гүл ұстаздың,
Сондықтан да ұстазыңа ұқсағың.
Адам жанын тәрбиелеп аялар,
Құрметті ғой әрбір ісі ұстаздың – деп сөз кезегін 1сыныпқа шәкірттерін қабылдап отырған ұстаз Перизат Мұхтарқызы мен Қынагүл Кубейқызына сөз береміз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет