917 жылға дейін қазақ жерінде түрлі мектеп өмір сүрді: Қадым мектебі



Дата21.07.2022
өлшемі15,2 Kb.
#37834
Байланысты:
Сағымнұр Ділнар сөж


1917 жылға дейін қазақ жерінде 3 түрлі мектеп өмір сүрді:
Қадым мектебі.
Жәдит мектебі.
Медреселік білім беру жүйесі: оның прогресшіл жақтары.
Қадым, жәдит мектептерінің көздеген мақсаты: арабша тілін сындыру, құран сүрелерін жаттату, молда, мүриттер дайындау. Оның толып жатқан кемшіліктері мен жетімсіз жақтары болады.
Медреселік білім беру жүйесінің прогресшіл жақтары: халықтың сауатын ашу, көңілін ояту, жастарды адамгершілік рухта тәрбиелеу. Әсіресе, бұл салада ағартушы ұстаз, тарихи тұлға Ы. Алтынсариннің еңбегі ерекше. Ол халық ағарту саласында тарихи тәжірибені меңгере отырып, қазақ тілінде оқулық шығару, қазақ мектептерін ашу жұмысымен айналысты. Әдебиеттік оқулық жасаудағы «Қазақ хрестоматиясының» (1979) алатын орны орасан, ол хрестоматияға енген материалдардың тәрбиелік-өнегелік жақтарына көп көңіл бөлді. Ыбырай өз халқының әдебиетін мәдени мұра ретінде тани біліп, оны жинап бастырды. Ол әлемдік үздік туындыларды қазақ халқының рухани игілігіне айналдырып, жасөспірімдерді адамгершілік рухта тәрбиелейтін аудармалар жасады. Ыбырай ағартушылық көзқарасын қазақтың дәстүрлі мәдениетімен және орыс педагогтарының тәжірибелерімен байланыстыра білді. Ол оқыту әдістемесіне осылай жаңалықтар енгізді.
Қазақтың Шоқан, Абай, Шәкәрім, С. Көбеев, Б. Өтетілеуов, Торайғыров, Байтұрсынов, Дулатов, Аймауытов, Жұмабаев сынды ағартушы-демократтары халық санасын оятуға тарихи үлес қосты.
1933 жылы қазақ тілі мен әдебиеті бірлестігінде секция құрылды. Оның міндеті бастауыш және орта мектептер үшін қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінен бағдарламалар, төл сұрақтар жасау. Сол мақсатта 1933 жылы бірнеше ғылыми экспедициялар жасақталды. Құрамында Б. Майлин, М. Әуезов, І. Жансүгіров, С. Сейфуллин сияқты ірі қалам қайраткерлері балаларға лайық әдеби нұсқалар, фольклорлық шығармалар жинақтады. 1934 жылы 5-7 сыныптарға арналған бағдарлама басылып шықты. Осы бағдарлама бойынша 5-7 сынып оқулық-хрестоматиялар жасалды.
1939-40 ж. Шайқы Кәрібаев әдіскерлерді, мұғалімдерді қатыстырып, 5-7, 8-10 сынып бағдарламалар жасады. 5-7 әдебиеттік оқу; 8-10 сынып бағдарлама жасады. 5-7 әдебиеттік оқу; 8-10 тарихи-әдеби курс болып бөлінді. Осы бағдарлама бойынша Ш. Кәрібаев, А. Көшімбаев әдебиеттік оқу кітаптарын, Т. Ақшолақов, Қ. Жұмалиев, Ә. Қоңыратбаев, Е. Ысмайылов, С. Мұқановтар жоғары сыныпқа арналған әдебиет оқулықтарын жазды.
Қ. Жұмалиев 8-10 сыныпқа арналған «Әдебиет теориясы» оқулығы жарық көрді.
1941 жылы Ш. Кәрібаевтың «Әдебиеттік оқу әдістемесі» (9) кітап болып басылып шықты. 1953 жылы «Бастауыш сыныптарда сыныптан тыс оқу»; 1957 жылы С. Тілешованың «5 сынып көркем шығарманы оқып үйрену»; 1957 ж. Ә. Қоңыратбаевтың «Әдебиетті оқыту әдістемесінің очерктері», «Әдебиетті оқыту әдісі» (1966) деген еңбектері, А. Көшімбаевтың «Сегіз жылдық мектепте әдебиетті оқыту әдістемесі»(1958), «Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі»(1969) атты іргелі еңбектері басылды.
70-80 жылы әдебиет әдістемесі ғылым ретінде дамып, зерттеулердің теориялық салмағы, практикалық тиімділігі арта түсті. Сыныптан тыс оқу кітаптары сериялары даярланып шығарылды. 1973 жылы С. Тілешова 4-5 сынып оқушылары үшін екі жинақ, 1973 жылы Ә. Дайырова екі жинақ, 6-7 сынып оқушылары үшін 1973 жылы бір кітап, 1979 жылы екі кітап Ә. Дайыров жазып, басып шығарды. 1980 жылы Р. Құтхожина 10-11 сыныптар үшін «Қазақ поэзиясы» бойынша, 1972 жылы 8-11 сыныпқа арнап шетел әдебиеті бойынша, Ә. Дайырова сыныптан тыс материалына оқу кітаптарын шығарды. 1972 жылы М. Мырзахметов пен Ә. Дайырованың жоғарғы сынып оқушыларына арналған «Әдеби-сын мақалалар хрестоматиясы», «Әдебиет тану» оқу құралдары шықты.
Кестелер – А. Құнанбаевтың, Ж. Жабаевтың, М. Әуезовтің, Ғ. Мүсіреповтың өмірі мен шығармашылығына арналған синтетикалық кестелер, диафильмдер жасалды.
Синтетикалық кестелер, диафильмдер жасалды. 1985 ж. Факультативтік курстар хрестоматиясы жинақталып, көпшілікке ұсынылды.
1986-90 ж. Әдеби білімнің негізгі тереңдетілген деңгейлері айқындалып нақтыланды. Зерттеулер нәтижесі:
Орта мектеп қазақ әдебиетін оқыту мына еңбектер арқылы толықтырылды:
1991 ж. Бастап ғылыми-зерттеу жұмыстары екі бағытта (болашақ және қазіргі мектеп) және де бірнеше тақырыптар бойынша жүргізілуде. Қазақ мектептеріндегі қазақ әдебиетінің мазмұнын, оқыту формалары мен әдістерін жаңарту – ғылыми-зерттеудің негізгі бір бағыты. Бұл зерттеу бойынша білім мазмұны мен құрылымын жаңартудың принциптерін концептуалдық бағыттары мен жолдарын, шарттарын ғылыми негіздейтін «Әдеби білім тұжырымдамасы» жасалды. Ондағы соны проблемалар:
Оқушы шығармашылығын дамытудың ғылыми-әдістемелік жүйесі;
Қазақ әдебиеті сабағында компьютерді пайдалану мәселесі бойынша зерттеу жұмыстары қолға алынды.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет