93. Қ. А. Ясауи кесенесіндегі ортағасырлық қола жәдігерлерді басым бөлігін зерттеген ғалымды атаңыз


«Құдірет» тірек сөзі хикметте неше жерде кездеседі және хикметтен үзінді келтіріңіз?****************4 жерде



бет2/8
Дата24.03.2023
өлшемі27,04 Kb.
#75942
1   2   3   4   5   6   7   8
«Құдірет» тірек сөзі хикметте неше жерде кездеседі және хикметтен үзінді келтіріңіз?****************4 жерде

1. Жастық-бақта күте алмаппын көңіл гүлін,
Қарттық шақта сөндіріппін өмір нұрын.
Дін жолында жеңілдер ме менің жүгім? –
Иә, Құдірет, жылап дұға қылам саған!
2. Құнсыз құлың – дәргейіңе жылап келдім,
Жетегіңе ал, жолыңа сал, Әнтәл Һәди*.
Ия, Құдірет, адастырмас шырақ бергін,
Жетегіңе ал, жолыңа сал, Әнтәл Һәди.
3. Қара күн ғой сын сағатта бұл фәниден сапар қылсаң,
Болмас, тіпті, шаңырағыңнан бір тамшы су татар мұршаң.
Ажал сенің қарамайды жердегі әмір-құдіретіңе,
Үкіміңмен бар ғаламға астаң-кестең қаһар қылсаң.
4. Хақ шарабын ішкен жандар есі танып,
Қиямет күн ауыздан от шашар, достар.
Құдіретпен жаратылған жеті тамұқ
Ғашықтардың зар үнінен қашар, достар.

  1. «Баязит» тірек сөзі хикметте неше жерде кездеседі және хикметтен үзінді келтіріңіз?-----------3 жерде

1.Құл Қожа Ахмет, алам десең Хақтан үлес,
Баязиттей нәпсіңменен, жатпа, күрес.
Әй, бейхабар, үмбет болсаң арттан ілес! –
Жан-жүрекпен Һай зікірін айтың, достар.
2. Сен Хақты сүй зәкір* болып, шәкір* болып,
Нәпсі көзін ой сахарда, аһ ұр келіп,
Дүниені қой Баязиттей пақыр болып,
Хақ Жамалын көрсетпесе, кепіл болам
3. Фархадтайын мехнат тартып, таулардан ас,
Баязиттей түнде тұрып, бауларға қаш,
Жөнейіттей шөлді кезіп саулар ма жас?! –
Хақ Жамалын көрсетпесе, кепіл болам.

  1. «Жүрек көзі» тірек сөзі хикметте неше жерде кездеседі және хикметтен үзінді келтіріңіз?****************3 жерде

1. Келің, достар, сал зікірді – Хаққа мадақ,
Хақ зікірі жүрек көзін ашар, достар.
Истиғфарды тынбай айтып тап қанағат,
Шайтан-лағын тән мүлкінен қашар, достар.
2. Дүние байлап жүрек көзін,
шын асылға
Қолы жетпей қалды жұрттың, ұғасың ба?
Нәтиже жоқ дәруіштер дұғасында,
Сан бәлені ел үстіне төкті, достар.
3. Жүрек көзін аша алмасам тағат қылып,
Хақ дәргейі мақұл көрмес, білдім мән-а.
Хақиқаттың пәк сөзімен таң аттырып,
Ләмәканда* Хақтан сабақ алдым мән-а.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет