«Шапағат» тірек сөзі хикметте неше жерде кездеседі және хикметтен үзінді келтіріңіз?************4 рет кездеседі
1. Он сегіз мың ғаламға сәруар* болған Мұхаммет,
Отыз үш мың асхабқа сардар болған Мұхаммет.
Жоқшылық пен індетке қанағатшыл Мұхаммет,
Күнә тартқан үмбетке шапағатшыл Мұхаммет.
2. Әркім жүріп үмбетше,
Расул ісін үлгі етсе,
Шапағат күн шын жетсе, мақұрым қоймас Мұхаммет.
3. Адам-Ата – Халилден* сұрар көмек:
«Шапағат қыл тезірек бұларға», – деп.
Ол да айтады: «Пенде сол қылар медет,
Мұса жаққа барайық, сол-ды – Жанаб».
4. Мансұқ болып, қалмайды әсте мазаққа,
Оқыған құл ұрынбас дерт, азапқа.
Оқығанға шафхат қылам фәниде,
Қияметте шапағат бар, әрине.
«Мақшар» тірек сөзі хикметте неше жерде кездеседі және хикметтен үзінді келтіріңіз?************** 8 жерде
1. Құл Қожа Ахмет, мақтанба
Нәпсі-кірге батқанға! –
Мақшар Таңы атқанда
Не қылармын, Құдай-ай.
2. Халың мүшкіл тап сонда,
жан шырағын жақшы онда,
Рәсуа болар мақшарда, демесе үмбет – Мұхаммет.
3. Сыртты бұзып, ішті түзе ғалым болсаң,
Мақшар таңы жағылады жаныңнан шам.
Жолда қалсаң, тәубә қылып жалынған – сән.
Жан-жүрекпен Һай зікірін айтың, достар.
4. Уа, дариға, Мақшар күні парқым бар ма? –
Қазылық қып, көрген шақта қалпымды Алла –
Қылмыс, күнәм таразыға тартылғанда,
Не бетіммен Хазіретке барамын мен?
5. Дидар-талап пендеге жан аямаған
Мақшар күні тақ пенен бақ даяр оған.
Ғашыққа Алла нұр-құшағын жаяды әмән,
Ләмәканда Хақтан сабақ алдым мән-а.
6. Елу жаста болды хабар: «Адам өлмек,
Нұр-и иман ғана саған салады өрнек.
Таңда Мақшар мейман ғып Хақ, баға бермек», –
Естіп, оқып жерге кірді Құл Қожа Ахмет.
7. Шын зікірші, – жоғын Құдай қамдапты оның,
Таңда Мақшар ұсынады қалғат*-тонын.
Дидар көріп, Дәулет қылар жәннат төрін,
Естіп, оқып жерге кірді Құл Қожа Ахмет.
8. Қулығынан шайтан оның жаңылар,
Таңда мақшар жүзіқара неғылар!
Ондай пәле табылмасын жаныңнан,
Жүзі күйсін, сақтан ондай лағыннан!
Достарыңызбен бөлісу: |