«Рахым» тірек сөзі хикметте неше жерде кездеседі және хикметтен үзінді келтіріңіз?---------------- 7 рет
1. Қаһар атты қаһарың – қорқып жылар Қожа Ахмет,
Рахман атты рахымың – сертін қылар Қожа Ахмет.
2. Рахымыңнан мен ғаріпті шет қалдырма,
Тынбай мезгіл жылап дұға қылам саған.
3. Құл Қожа Ахмет, саған рахым тиер ме еді,
«Шүкір» дейін, «пендем» десе Ием мені.
4. Пейіш айтар:
мен артық, менде – Дидар-Мұратың,
Жар Дидарын көрсетер бар Рахман-Рахым.
5. Рахым Мәулім рахымымен жадына алса,
Не бетіммен Хазіретке барамын мен?
Жолға түсіп, жанда тәуба шамы жанса,
Не бетіммен Хазіретке барамын мен?
6. Хақ пендесі амал-дәптер алса қолға,
Рахым қылып жарылқаса баршаны Алла,
«Субхан» тірек сөзі хикметте неше жерде кездеседі және хикметтен үзінді келтіріңіз? //////////////////3 рет
1. Пейіш айтар:
мен артық, менде – хақ жол тұтқандар,
Сопылардың көңілінде зікір, пікір, Сұбхан бар.
2. Сұбхан Ием шарабынан құрсан табам,
Зікір сырын айтып-айтып қылсам тәмам.
3. Хикметтерім – келген пәрмен Сұбханнан,
Бар мағынасы Құран оның ұқ, қарғам!
«Тозақ» тірек сөзі хикметте неше жерде кездеседі және хикметтен үзінді келтіріңіз?************ 17 рет
«Хақиқат» тірек сөзі хикметте неше жерде кездеседі және хикметтен үзінді келтіріңіз?********** 8 рет
1. Тарихатты білмедім,
Хақиқатқа кірмедім,
Пір бұйрығын ілмедім: дертің – бұлар, Қожа Ахмет.
2. Хақиқаттың селіне шомылған жан, –
Өзі мұңдық, көзде жас, көңілде арман.
Қорлық, зорлық көргені – небір зордан,
Хақ Дидарын талап қып, жетер, достар.
«Сәжде» тірек сөзі хикметте неше жерде кездеседі және хикметтен үзінді келтіріңіз? */////////// 2 рет
1. Сәждеге ұрып маңдайын,
тағат қылған Мұхаммет,
Қабыл болып дұғасы – таң аттырған Мұхаммет.
2. Мүңкір-Нәңкір жылар сонда:
Бар жарықтың
«Иесі – Сен»! –
Жасын көрдің сан ғәріптің.
«Лұтыф етсең»*, – талайсызға бақ дарыттың,
Сәжде қылып шәкір тілін ашар, достар.
Достарыңызбен бөлісу: |