953 жылы наурызда Сталин қайтыс болды, 50 жж ІІ жартысын «жылымық жылдары»



бет1/3
Дата20.11.2022
өлшемі18,25 Kb.
#51364
  1   2   3
Байланысты:
50-60 жж Қазақстан


50-60 ЖЖ ҚАЗАҚСТАН


1953 жылы 5 наурызда Сталин қайтыс болды, 50 жж ІІ жартысын «жылымық жылдары» деп аталды.
1953 ж қыркүйек КСРО бас хатшысы болып Н.Хрущев (1953-1964) тағайындалды.
1956 ж ақпан ХХ съез Н.С.Хрущев «жеке адамға табыну және оның зардаптары туралы» баяндама жасады.
Бұл баяндама КСРО-да 1989 ж «Известия КПСС» журналында 33 жылдан кейін ғана жарияланды.
1953-1955 жж Н.Хрущевтің бастамасымен ГУЛАГ жойылды. ХХ съезден кейін есімдері қалпына клтірілді:
С.Асфендияров, О.Жандосов, О.Исаев, С.Сейфуллин, С.Мендешев, М.Масанчи, Н.Нұрмақов, А.Розыбакиев.
Республиканың жоғары мемлекеттік билік органы Қазақ КСР Жоғарғы кеңесі.
«Халық жауы» немесе «ұлтшылдар» айыптарының орнына «өзгеше ойлайтындар» айыбы тағылды.
Шығыс Қазақстан мұғалімі М.Елікбаев қоғамдық әділетсіздік туралы Н.Хрущевке өз ойын ашық айтты.
1957 ж М.Елікбаевты партия қатарынан шығарды, күштеп жындыханаға жатқызды (жалпы 90 мың адам)
1959 жылы Н.Хрущев социализм түпкілікті жеңіп, коммунизм құру басталғанын жариялады (ХХІ съез)
1961 ж Коммунизм 20 жылдық мерзімде орнайтындығы туралы тұжырым жасады (ХХІІ съез)
1954-1958 жж 730 өнеркәсіп орындары мен цехтар іске қосылды: Жезқазған кең байыту фабрикасы; Талды-қорған, Өскемен, Қызылжар, Қостанай кірпіш зауыттары; Ақтөбе хром қоспалары зауыты; Шымкент гидро-лиз зауыты; Қарағанды, Семей, Шымкент, Сазтөбе, Өскемен цемент зауыттары.
1958 жылы Қазақ темір жолы құрылды. 1959 жылы Қазақстан өнім өндіруден Одақта 3 орынға шықты.
1954 жылы тың жерлерді игеру туралы шешім қабылданды.
1954 ж бірінші хатшы Ж.Шаяхметов (1949-1954) қызметінен босатылды, П.Пономаренко болды (1954-1956)
1954-1955 жж 1 млрд 200 млн пұт астық алу көзделді: Қазақстан, Сібір, Орал, Солтүстік Кавказ, Еділ бойы.
Қазақстандағы тың игеретін аудандар: Қостанай, Ақмола, Көкшетау, Торғай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан.
Тың игеру жылдары Қазақстанда 25 млн га жер жыртылды. 1954-1962 жж елге 2 млн адам келді.
Республика 50 жж көп ұлтты елге айналды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет