А. Қ. Құсайынов атындағы еуразия гуманитарлық институты қазақ және орыс филологиясы кафедрасы


Тайыр Жомартбаевтың шығармашылық ғұмырнамасы



бет17/36
Дата08.06.2023
өлшемі115,63 Kb.
#99703
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   36
Байланысты:
20 ғасыр жауаппен

Тайыр Жомартбаевтың шығармашылық ғұмырнамасы

Тайыр Жомартбаев, (шын есімі Тайлақбай; 1884, Мұқыр ау., Семей облысы, Ресей империясы (қазіргі Мұқыр ауылы, Абай ауданы, Шығыс Қазақстан облысы – 1937, Семей) – педагог, жазушы, драматург.1911 – 15 жылдары Семей қаласы маңындағы Жақия қажы мектебінде ер балаларға, әйелі Адығия Орманова қыз балаларға сабақ береді. Семейдегі “Жәрдем” баспаханасынан жастарды адамгершілікке, ізгілікке, оқу-білімге үндейтін “Балаларға жеміс” атты өлеңдер жинағы, төңкеріске дейінгі қазақ қыздарының әлеуметтік жағдайын көтерген “Қыз көрелік” (1912) романы басылып шықты.

1915 – 28 жылдары Зайсан қаласында, Маңырақ болысында мұғалім болып қызмет істейді. 1928 – 30 жылдары Семейдегі №14 мектептің директоры, 1930 – 37 жылы Семей педагогикалық техникумында оқытушы болған. Жомартбаев оқытушылықпен қоса журналистикамен де айналысып, “Айқап”, “Жаңа мектеп” журналдары мен “Қазақ”, “Алаш” газеттеріне мақала, фельетондар жазып тұрды. Жомартбаевтың “Сары сүйек құда”, “Осы ма, қазақ, өмірің?” атты пьесалары Зайсан, Семей театрларында қойылған. Кузнецк қаласында №23 мектепте жұмыс істеп жүрген кезінде жалған саяси жаламен тұтқындалып (1937), Семейде үштіктің шешімімен ату жазасына кесілген, 1956 жылы ақталды.



  1. М.Дулатовтың «Манап» драмасының мазмұны

«Манапты» бұл қалпымен кітап қылып шығаруға әуре болмаңыз: оны жазушы уезной начальник қазақтың тұрмысын білмегендіктен бе, жоқ, Қазақты мазақ қылып жазған ба, қалай. «Манаптың» оқиғасы рас, қаһармандары осы күнде де тірі деп жазғанменен, драма қазақтың тұрмыс қалпына тіпті келмейді. Қаһармандарының сөздерінің тәртібі орыс драмаларының қаһармандарынікіндей, сөйлеген сөздері, істеген істері қазақ болғалы сөйлемеген сөз, істемеген іс. Мәселен: Әлімбек Гүлбаһрамға: «Жоқ, қарағым, тағдыр солай, мен сені немереме айттырдым, қалың мал төледім, бірақ бейшара Қасымым мені жылатып өліп қалды. Енді сені өзім алмақ болдым!» — дейді. Бұл — қазақта жоқ әдет. Гүлбаһрам: «Бірақ менен туған балалар сенікі болмайды ғой» — деп Әлімбекке жауап қайырады. Бұл сөз де қазақ қызының аузынан шықпайтын сөз. Қаһармандары кейбір жерде дінсізге жақын надан адамның ісін істеп, сөзін сөйлейді, кейбір жерде оқыған, ашылған адамның сөзін сөйлейді. Мәселен, Ұзақ қоштасуға шақырған кісілерге: «Бауырларым, маған ол дүниеде хор қыздары да керек қой, жұмаққа кіруге болыстық қылыңдар, күнәмді жүктеп алғаныңызға жақсы жүз жылқы беремін» дейді. Отырған бес кісінің біреуі: «Біз сені тозақтан арашалап, жұмақтың есігін ашамыз!» — дейді. Бұлар малға қызығып, әрқайсысы Ұзаққа: «Күнәңді мен көтеремін, мен көтеремін», — деп бірінен-бірі аз сұрайды. Ақырында біреуі: «Бір-атқа барлық күнәңді көтеремін» дейді. Сол кезде Гүлбаһрам: «Сауда бітті, әке, енді сен күнәңнан тазардың» —дейді. Бұл — есітпеген надандық.

Гүлбаһрамның бір қызбен сөйлескен сөздері, Гүлбаһрамның өлеңі едәуір оқыған қыздардың сөзіндей.Ұзақтай, Ұзақтың күнәсін жүктеген кісілердей ешкімді көргеніміз һәм есіткеніміз жоқ.


Ұзақ секілді надан адамдар қыздарың оқуға бермейді. Оқымаған надан Гүлбаһрам менен жолдас қызының миларына ондай сөздер, ондай өлеңдер кірмейді.


«Манаптың» тағы бір зор кемшілігі: оны қазақшаға аударғанда сөзбе-сөз аударыпты. Соның үшін сөздерінің тәртібі нағыз қазақша болып шықпаған. Мәселен Гүлбаһрамның: «Отыр, әже, мына жерге, мен сені сүйейін, маған әлденеге көңілсіз»,анасының: «Маған аяныш сенің сұлулығың, Әлімбекті саған күйеу қылып отыр, ол шал, ол бейшара, ол қызғаныш зағип» һәм Гүлбаһрамның әкесіне: "Әке, менің көңілімде толқын бар; әке, мен бөтенді сүйемін, мен көптен оныкі болғанмын».


Әлімбек: «Айналайын Гүлбаһрам, сені маған бір құдай қосты, мен сенің күйеуің боламын; мен саған қымбатты сыйлар әкелдім,ішінде көп алтын, асыл нәрселер бар».


Гүлбаһрам; «Рақмет мейірімді Әлімбек» — дейді. Әуелі қазақ мұндай ғып орыстың драмаларының сөзінің ыңғайымен жазғаны кемшілік, екінші, мұндай сөздер қазақ арасына әке-шеше мен қызының, қалыңдығы менен күйеуінің араларында айтылмайды. Үшінші, қазақта осы уақытқа шейін күйеудің қалыңдығына сый әкелу рәсімі жоқ.


Тағы да бір ұнамайтын жері: начальникке бес қатын бірдей арыз қылып келеді: «Мені байым ұра береді», «мені байым малай қылып қойды», «мені байым жаратпайды», «маған байым тамақ бермейді", «маған байым киім бермейді»—дейді. Қазақтың қатындары өйтіп топтанып барып та, жеке барып та начальникке арыз қылмайды.


1914 жыл





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет