Мұхамджан Сералин қазақ халқының XX ғ.б. үлкен қлғам қайраткері, белгілі санаткері, көрнекті ақыны, танымал көсемсөзшісі екені. «Топ жарған» (1900), «Гүлкәшима» (1903) поэмаларының қазақ жазба әдебиетіне елеулі үлес болып қосылуы. М.Сералин өлеңдерінің қазақ өмірінің, әлеуметтік тұрмысының шындығын танытатыны («Бай, патша һәм кедей », «Бай, қасқыр, аңшы» т.б.).
«Топ жарған» поэмасында Кенесары бастаған ұлт-азаттық көтерілістің нақты шындығынын көрініс табуы. Поэманың басты кейіпкері адай жігітінің бостандықты көксеген ой – арманының Кенесары көтерілісімен желілес берілуі. Поэмада Кенесары – Наурызбай көтерілісін қалың бұқараның жақтауы жеке кейіпкерлер сөздері арқылы беріліп, шындықты көрінуі. «Топ жарған» поэмасында Кенесары көтерілісінің қазақ бұқарасының мүддесін қорғаған көтеріліс екендігі қилы тағдырлар тоғысы арқылы көрініс табуы. Поэманың композициялық құрылымының ерекшелігі. «Топжарған» поэмасының тіл сонылығы. Тарихи шындықты, нақты өмірді тың теңеу, көркем суреттеулермен бере білген ақын поэмасының тарихи мәні.
М. Сералиннің «Гүлкәшима» атты шығармасы (1903) қазақ өмірінен алынып жазылған романтикалық поэма екені. Поэманың негізгі идеясы бас бостандығын аңсаған жастар мен әйел теңдігін жырлау болып табылатыны. «Гүлкәшима» поэмасының махаббатты жырлауда жазба кәсіптік әдебиет дәстүріне сай жазылғаны. Өмір шындығын нақты көрсететін шынайы көркем туынды екені. Ескілікті әдет-ғұрыптарға және қазақ қоғамының кертартпа күйіне бас кейіпкердің (Баймағанбет) өлімі арқылы наразылық білдіруі. Поэма сюжетінің авторлық шешіммен жаңа жүйеде құрылуы. Оқиғаның өрбуікөбіне хат арқылы беріліп, авторлық көзқарас арқылы түйінделіп отыруы. Поэманың публицистикалық сипаты. Поэмадағы ауыз әдебиеті дәстүрінің белгілері. Поэмадағы қазақ тұрмыс- салтының кең көрініс табуы. М. Сералиннің «Гүлхашима» поэмасының ХХ ғ.б. қазақ поэмасының табысы саналуының басты себептері.
М. Сералиннің «Рустам - Сухраб» поэмасын орыс тілінен аударуы. Аударма жасаудағы өзіндік тәсілдері. Поэманың құрылымдық ерекшелігі. Поэманың көркемдік тұрғыдан алғандағы кейбір кемшіліктері. Шығыстың классикалық шығармасы «Шахнаманың» тұңғыш аударылуының тарихи маңызы.
М. Сералиннің журналистік қызметі. «Айқап» журналын шығаруы. Журналдың бас редакторы ретіндегі идеялық көзқарастарының қазақ санасын оятудағы мәдени – эстетикалық маңызы. М. Сералинның көсемсөзші ретіндегі өзіндегі қолтаңбасы. Журналдың қазақ мәдениеті мен әдебиетін дамытудағы М. Сералиннің басшылық қызметінің әсері. Өзінің жеке мақалаларында («Аштық хақында», «Келешек заманымыздың қамы», «Қазақ халқының мұң – мұқтаждығы», «Қазақ жастары», «Отырықшы болған қазақтар туралы» т.б.) қазақ қауымының жоғын жоқтап, отырықшылдық, оқу ағарту секілді басты мәселелерді көтеретіні. Мақалаларының тілдік тұрғыдағы жетістіктері. М. Сералиннің жалпы ұлттық сананы ояту тұрғысында еңбек етіп, ХХ ғ.б. қазақ қоғамының көрнекті әлеуметтік санаткерлері қатарына көтерілуі.