А. Қ. Құсайынов атындағы еуразия гуманитарлық институты қазақ және орыс филологиясы кафедрасы


Қазақ және орыс филологиясы кафедрасы



бет6/36
Дата08.06.2023
өлшемі115,63 Kb.
#99703
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36
Қазақ және орыс филологиясы кафедрасы


Оқу пәні: ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті

3 емтихан билеті





  1. 1916 жыл оқиғаларына арналған өлең-жырлар

Қазақстанда 1916 жылы болған көтеріліс қазақ халқының азаттық қозғалысы шежіресінің жарқын беттерінің бірі болып табылады.
Ардагер Амангелді ердің ері,
Кең өріс, жалпақ дала туған жері.
Елі мен мекенінің туын ұстап,
Қол бастап қан майданда аққан тері.
Жамбыл (Амангелді тойына)

Жамбылдың ақындық дәстүрін, творчестволық тәжірибесін сақтап, өзі нің шығармаларын осы күнге дейін беріп келе жаткан Омар Шипин, Сапарғали Әлімбетов, Нұркан Ахметбеков сиякты ондаған халық ақындары бар


Омар Шипин 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісі бағыттағы туындылардың ішінде көлемі жағынан да, көркемділігі тұрғысынан да, көрнектілерінің бірі – Омар Шипиннің «Амангелді батыр» дастаны. Ақынның басты мақсаты Амангелді Имановты және ол бастаған көтерілісші сарбаздардың ерлігін жырлау болған. Ақын о баста «Амангелдің айбаты», «Губернатор келгенде» және Амангелдің әр ұрысы туралы жеке-жеке өлең, толғаулар шығарған. Кейін сол өлең толғауларды құрастырып, жалғастырып дастан етіп жазған.
1942 жылы «Амангелді» деген атпен жеке кітап басылып шыққан
«Торғай соғысы» толғауларын халықтың патша өкіметіне қарсы күресіне арнаған.
Күдері Жолдыбайұлы(1861 – 1931) – халық ақыны. К-нің 1916 жыл, (Амангелдінің Торғайды алғаны), -дегн өлеңінде батырдың ерлік қасиеттері туралы толғайды
Иса Дәукебаев- Жетісу қазақтарының ерлік күресін бейнелейтін «Бекболат» дастанында ел мен ер трагедиясы жырланды. Батырдың сот алдындағы батыл жауаптарын диалогпен беру арқылы аутор үстем өкілдерінің шектен тыс жауыздықтарын, әділетсіздіктерін ұтымды тәсілмен әшкереледі.

  1. Шәді Жәңгірұлының шығармашылық өмірбаяны

Шәді Жәңгіров (1855, Сырдария губерния Қызылкөл мекені, Созақ ауданы – 12.11.1933, қазіргі Өзбекстан, Сырдария облысы Қаратөбе мекені) – қазақ ақыны. Төре әулетінен шыққан. Әкесі – Жәңгір (Жаһангер) момын мінезді, шаруаға икемді, ал анасы – Мәуті әнші, домбырашы кісі болған. Шәді сауатын ерте ашады. Шаян (1865 – 1867), Қарнақ (1868 – 1870), Бұхарадағы Көкелташ (1871 – 1876) медреселерінде оқып білім алды. Араб, парсы, түрік, шағатай тілдерін үйреніп, Шығыс шайырларының, философтарының, тарихшыларының еңбектерін түпнұсқадан оқып сусындады. Орта Азияның көптеген шаһарларын аралайды, өзбек, тәжік, қарақалпақ, түрікмен ақын-жырауларымен, әнші-күйшілерімен танысады. 1877 жылы туған мекені Қызылкөлге оралады. Шәді – Шығыс классикалық әдебиетінің назиралық үлгісін жете меңгерген, гуманистік, ағартушылық бағытта дәстүрлі тақырыптарды жырлаған, мазмұн мен түрі жағынан, идеясы мен сюжеттік желісі тұрғысынан мүлдем жаңа, қолтума төл шығармалар жазған ақын. Ол ұлы орыс халқының ерлікке толы тарихынан реалистік поэма («Ресей патшалығында Романов нәсілінен хұқмыранлық қылған патшалардың тарихтары һәм ақтабан шұбырыншылық заманнан бері қарай қазақ халқының ахуалы», Орынбор, 1910) жазды. Шәді бұл шығармасында Қазақстанның өз еркімен Ресейге қосылуының прогрессивтік мәнін нақтылы тарихи деректермен, білгірлікпен көрсеткен. Шәдінің әдеби мұрасы мол. Ол 30-ға жуық дастан және көптеген өлеңдер жазып, кітап етіп бастырып шығарған. Көлемді шығармаларынан қазірше табылғаны – 18 дастан. Олардың көбі Ташкент қаласындағы Ғ.Х. Ғарифжанов баспаханасынан әр кезде басылып шыққан: «Шәр дәруіш» («Төрт дәруіш», 1913, 1914), «Хикаят Қамарзаман» (1914), «Назым Сыяр Шәриф» (1913), «Хатымтайдың хикаясы» (1914), «Хикаят Халифа һарон-ар Рашид» (1914), «Хикаят Орқа-Күлше» (1917), «Қарунның жер жұтқан оқиғасы» (1917), т.б. «Тарихнама» атты тарихи дастаны қолжазба күйінде сақталған. Шәдінің сүбелі шығармасының бірі – «Шер дәруіш» («Төрт дәруіш»). Бұл дастан бір басылымында (1913) «Назым шәр дәруіш» деп те аталған. Шығарма сюжеті «жеті ықылым жер жүзінің бәрін кезген» төрт жиһангездің басынан кешкен оқиғалары арқылы өрбиді. Ақын дастанында адамның рухани мүмкіндігіне, күш-құдіретіне шексіз сенім білдіреді, адам бойындағы ең асыл қасиеттерді, ақыл-ойды, махаббатты, әділдікті, бауырмалдықты мадақтайды. Бұл дастан сюжеті бұрын да өзге түркі халықтары арасына қисса болып кең тараған. Шәді «Хикаят Халифа һарон-ар Рашид» дастанын да Шығыс аңыз әңгімелерінің сюжетін пайдалана отырып жазған. «Атымтай Жомарт хикаясы» деген атпен қазақ арасына тараған әңгіме сюжетіне құрылған «Хатымтайдың хикаясы» атты дастанда мазмұны жағынан өзара сабақтас төрт хикая бар. Ақын бұларда жұртты адамгершілікке, мейірімді, бауырмал болуға үндейді. Сараңдық пен дүниеқұмарлықты тәрк етеді. Ал «Хикаят Орқа-Күлше» атты лиро-эпикалық дастанында сүйіске екі жас арасындағы мөлдір махаббатты жырлады, шынайы достық, ізгі адамгершілікті мадақтады. Бұл дастан оқиғасы да ертеректе Шығыс халықтары арасында кең тараған әңгіме сюжетінен алынған. Шәдінің қиял-ғажайып ертегілері мен аңыз-әңгімелер негізінде жазған «Хикаят Қамарзаман» дастанында қиял-ғажайып оқиғалар адамдардың өміріндегі әдеттегі реалдық істерімен, күнделікті тұрмыста кездесетін көріністерімен ұштасып, тығыз байланысып жатады.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет