Жұмыстың орындалу ретi
1. Электромагниттi штангының бойымен 80 см биiктiкке орналастырып, диаметрлерi әр түрлi екi шардың құлау уақытын өлшеңдер.
2. Электромагниттiң орналасуын 5 см-ге өзгертіп, әр түрлі 10 биіктіктегі шарлардың құлау уақытын өлшеңдер.
3. Ордината осіне биіктіктердің, абсисса осіне сәйкес құлау уақыттарының квадраттарының мәндерін белгілеп, графигін салыңдар. Графиктегі түзудің абсисса осіне көлбеулік бұрышының тангенсін анықтаңдар. екенін біле отырып еркін түсу үдеуін анықтаңдар.
Бақылау сұрақтары
1. Механикалық қозғалыс дегенiмiз не?
2. Қандай қозғалыс бiрқалыпты деп аталады? Бiрқалыпты қозғалыстың теңдеуi қандай?
3. Еркiн құлау дегенiмiз қандай қозғалыс?
4. Еркiн түсу үдеуi географиялық ендiкке қалай тәуелдi?
5. Қандай жағдайда дененiң ауада түсуiн еркiн түсу деп қарастыруға болады?
Лабораториялық жұмыс 1.4
Математикалық маятник көмегiмен ауырлық күшiнiң үдеуiн анықтау
Жұмыстың мақсаты: математикалық маятник көмегiмен еркiн түсу
үдеуiн анықтау.
Құрал-жабдықтар: Математикалық маятник, электрлi секундомер
өлшеуiш және сантиметрлiк сызғыш.
Қысқаша теория
Еркiн түсу үдеуi әр түрлi әдiстермен өлшенедi. Берiлген жұмыста ол математикалық маятник көмегiмен анықталады.
Математикалық маятник – бұл созылмайтын салмақсыз жiпке iлiнген және ауырлық күшiнiң әсерiнен тербелетiн, массасы материялық нүктеден тұратын идеалдандырылған жүйе. Математикалық маятниктiң ең жақсы мысалы жiңiшке ұзын жiпке iлiнген кiшкене ауыр шар. Өзiне iлiнген жүгiмен бiрге вертикаль орналасқанда маятник тыныштық күйде делiнедi. Бұл оның тепе-теңдiк күйi (1,а сурет).
Егер маятниктi, мысалы А күйiне дейiн ауытқытса, онда ол тербелiс жасай бастайды. Тепе-теңдiк жағдайында жiпке iлiнген жүкке
ауырлық күшi және керiлген жiптiң Серпiмдiлiк күшi әсер етедi. Маятник тыныштықта болса, бұл күштер бiрiн-бiрi теңгередi.
Достарыңызбен бөлісу: |