А. А. Айдарбекова магистр, аға оқытушы, Н. А. Сәндібаева п.ғ. к., доцент м а



Pdf көрінісі
бет72/90
Дата15.12.2023
өлшемі4,01 Mb.
#138042
түріСабақ
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   90
2010 жылдың қаңтар-қараша айларында Қазақстанның сыртқы сауда 
бойынша жағымды сальдосы 28,8 млрд. доллар,
 
Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 
2012 жылғы қаңтар-қыркүйек айларында 101657,8 млн АҚШ долларын құрап, 2011 жылғы 
қаңтар-қыркүйек айларымен салыстырғанда 10,9% артты [4]. 
2012 жылдың шілде айында ӛткен Қазақстан-Қытай сауда-экономикалық 
ынтымақтастық бойынша комитетінің алтыншы отырысында 2017 жылға дейін екі ел 
арасындағы тауар айналымын 40 млрд. АҚШ долларына дейін ӛсіру мақсаты қойылған 
болатын. Осы кезеңде Астана мен Бейжін арасындағы тауар айналымы шамамен 9 млрд. 
АҚШ долларын құрап, күн санап ӛсуде. Бұл ӛсім негізінен мұнай ӛнімдерін сатуға 
байланысты қолға келуде. Бір жарым млрд. халқы бар Қытай мемлекеті Қазақстан 
мұнайының ең негізгі сатып алушылардың бірі болып есептеледі. Бұл үрдіс ел ішіндегі 
ӛндірісті әртараптандырып, сапалы дайын ӛнім шығаруды дамытқанша жалғаса бермек. 
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 
1.Описание Чжуньгарии и Восточного Туркестана в древнем и нынешнем состоянии
пер. с кит. [Н.Я.Бичурина], ч. 1, СПБ, 1829 
2.Китай глазами Казахстанцев. Под редакцией Б.К. Султанова. Алматы, 2012. 
3.http://kz.china-embassy.org 
4.http://www.stat.kz 
РЕЗЮМЕ 
В данной статье расматриваются тенденции развития казахстанско-китайских 
торгово-экономических отношений
SUMMARY 
The article deals with the development tendency of Kazakh-Chinese trade in economical 
relations.


Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы №1(43), 2013
159
Б И О Л О Г И Я 
 
 
ӘОЖ 618.664+612.118.221.3 
ЖҤКТІ ӘЙЕЛ АҒЗАСЫНДАҒЫ ЭРИТРОЦИТ МЕМБРАНАСЫНА 
ФАКТОРЛАРДЫҢ ӘСЕРІ 
 
Қ.А.Асқарбаева – оқытушы, З.Ж.Сейдахметова – б.ғ.д., 
(Алматы қ., Қазмемқызпу)
Аннотация: 
аз салмақты жүкті әйелдердің эритроцит мембранасының асқын тотығу 
резистенттілігінің 
тӛмендеуі, 
мембраналарының 
ӛткізгіштігі 
және 
сахарозаменгиперосмостық қысым кезіндегі эритроцит гемолизінің жоғарылауы 
анықталды. Эритроцит мембраналарының құрылымдық-функционалдық қасиетінің 
ӛзгеруінен мембрана тӛзімділігінің жоғарылауын тудырып ұрықтың дамуы мен ӛсуіне 
әсер етуі кӛрсетілген. 
Түйін сӛздер.
Эритроцит мембранасы, тотығу резистенттілігі, ұрық, организм, 
биологиялық мембрана.
Сыртқы ортаның зиянды факторлары ана организмiне жанама түрде әсер еткенде
дамып келе жатқан ұрықта күрделi ӛзгерiстер байқалып, оның дамуына тигізген қолайсыз 
әсерден организмiнде тiкелей ӛзгерiстер болуы мүмкiн. Зиянды әсерге ұрық анағұрлым 
сезiмтал келуiн критикалық кезең деп атайды. 
Құрсақ iшiндегi аз салмақтылықтың пайда болу себептерi әр түрлi, әсiресе ана 
органзмiнiң жүктiлiк болмай тұрып және жүктiлiк кезiндегi сырқаттары және жүктiлiктiң 
асқынуы үлкен рӛл атқарады. Сонымен қатар ананың шылым шегуi, алкоголь және 
ӛндiрiс зияндылығы әсер етедi. Кортикостероиттер және цитостатикалық заттардың әсерi 
дамып келе жатқан ұрықта айқын тежелу байқалғаны анықталды [1].
Құрсақ iшiндегi нәрестенiң дамуының тежелуi ана организмiнiң патологиясына
плацентаның жеткiлiксiздiгiне және ұрықтың дамуына да байланысты екенi белгiлi. 
Қазiргi кӛзқарас бойынша плацентарлық жеткiлiксiздiк түсiнiгiне плацентаның қоректiк, 
транспортық, эндокриндік және зат алмасу қызметтерiнiң кешендiк бұзылыстарын 
жатқызамыз [2]. 
Соңғы жылдары ана-ұрық жүйенің патологиясындағы биологиялық мембрана рӛліне 
кӛп кӛңіл бӛлуде. Мембранаға қызығушылық олардың организмінің ткандық және 
органдық функционалдық қызметінен туындайды. Мембраналық жүйенің қатысусыз 
жүретін іш жүзінде биохимиялық реакциялар жоқ [3]. Организм жүйелері мен 
органдардың, ұлпалардың және клеткалардың негізінде физиологиялық, биохимиялық 
процестер жатыр. Сондықтан да мембраналық жүйенің қатысуынсыз жүретін іш жүзінде 
биохимиялық реакциялар жоқ. 
Қазіргі таңда биологиялық мембрананы патология және физиологияда негізгі 
базистік фактор ретінде қарастырып отыр. Емдеу саласымен және физиологиялық 
зерттеулердегі биомембрананы қарастыруға арналған негізгі модель қан клеткалары, оның 
ішінде эритроциттер болып табылады. 
Кӛптеген зертеулерге қарамастан құрсақтағы нәрестенің дамуындағы әртүрлі 
аспектілерінің кӛп жағы әлі толық зертелмеген. Сондықтан жұмысымыздың негізгі 
мақсаты қалыпты және аз салмақты жүкті әйелдердің эритроцит мембранасының 
тӛзімділігін зерттеу болып табылады.
Зерттеу материалдары мен әдістері. 
Материал ҚР ДМ Акушер, гинекология және 
перинатология ғылыми орталығында жиналды. Зерттеуге қатысқан жүкті әйелдер 2 топқа 
бӛлінді: 1-топ (бақылау)- 36-37 апталық жүктілік ағымы қалыпты әйелдер; 2-топ (негізгі)- 
36-37 апталық құрсақ ішілік нәрестесінің дамуы кідірген жүкті әйелдер. 


160 Вестник Казахского государственного женского педагогического университета №1(43), 2013 
Эритроциттерді бӛліп алу үшін қанды 10 минут 1000 g айналымда центрифугаладық. 
Плазма мен лейкоциттерді бӛліп, ал эритроциттерді құрамы 150 мМ NaCI, 5 мМ Na
2
HPO

(pH – 7, 4) инкубация ортасымен екі рет шайдық. Эритроциттердің мембрана ӛткізгіштігін 
В. Колмаковтың, .т.б. әдісімен анықтадық [4]. Эритроциттерді сахарозалық қысымға 
сахарозаның әртүрлі концентрациялы ерітінділеріндегі гемолиз деңгейіне негізделген 
әдіспен ұшыраттық [5]. Эритроциттердің асқын тотықтық гемолизін
 
Мырзахметова, 
Мирошина және т.б. әдісімен [6] анықтадық. Алынған нәтижелер «Microsoft Excel» 
бағдарламасы мен Стьюденттің критериі қолданыла отырып ӛңделді, тіркелген 
кӛрсеткіштердің сенімділігі р≤ 0,05.
Зерттеу нәтижелерi мен талқылау. 
1-суретте бақылау және аз салмақты жүкті 
әйелдердің эритроциттерін сахарозаның 0,2-0,5 М ертінділерінде гиперосмостық қысымға 
ұшырату кезіндегі гемолизді анықтау тәжірибе кӛрсетілген. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   90




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет