6 Вестник Казахского государственного женского педагогического университета №1(43), 2013
Ф И З И К А
ӘОЖ 53.049.1
ФИЗИКА САБАҚТАРЫНДА
ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЕСЕПТЕР ШЫҒАРУ
ӘДІСТЕМЕСІ
А.А.Айдарбекова - магистр, аға оқытушы, Н.А.Сәндібаева - п.ғ.к., доцент м.а.,
(Алматы қ., Қазмемқызпу)
Аннотация:
физика сабақтарында оқушылардың эксперименттік жұмыс дағдысын,
шығармашылық қабілетін дамыту тұлғасын арттыруға болады. Бұл орайда эксперименттік
тапсырмаларды үйге берудің маңызы ерекше. Үй тапсырмасына эксперименттік
тапсырмалар беру оқушының біршама қабілеттерін және шеберліктерін дамытады және
осы пәнге ерекше қызығушылықты тудырады.
Түйін сӛздер:
эксперименттік тапсырма, шығармашылық қызмет, есептің шарты,
шарттарды
анализдеу, ӛлшеулер жүргізу, есептеулер, тәжірибеден тексеру.
Физика есептерін шығару оқушылардың оқу материалдарын саналы түрде терең
игеруіне қолайлы жағдай туғызады, олардың алған білімдерін пайдалана білу қабілетін
қалыптастырады және бекітеді. Сонымен қатар, есептерді шығару оқушылардың ӛздігінен
ойлануын, қиыншылықтарды жеңуге деген жігерін және табандылығын арттыру
құралдарының бірі болып есептелініп, оқу процесін жақсарта түседі. Есеп шығару – оқу
үрдісінің бӛліп алуға болмайтын бір бӛлігі болып табылады. Себебі, ол физикалық
ұйымдарды қалыптастыруға оқушылардың физикалық құбылыстарды
ойлау қабілетін
дамытуға, оны практикада қолданып білуге үйретеді
1
.
Білімді игерудің нәтижелілігі таным үдерісіне адамның әртүрлі сезім мүшелерінің
іске қосылуы және нақты заттар мен құбылыстарға бетпе-бет келгенде оны сезіну, кӛре
білу және қабылдау арқылы артады. Бұл жағдайда физикалық эксперименттің маңызы зор.
Қабілеттілік дегеніміз дамудың нәтижесі болғандықтан, оның туа бітуі мүмкін емес.
Оқушы қабілеті дегеніміз, оның педагогикалық ықпал аясындағы білім алу әрекеті. Жеке
тұлғаны дамыту, оқыту оның шығармашылық қабілетінің дамуына әсер етеді. Әрбір
оқушы оқу материалын шығармашылық деңгейде игере алады, яғни шығармашылық
қабілетін дамытады. Бұл үшін оның шығармашылық ойын дамыту негізінде оқуға, яғни
ӛздігінен білім алуға үйрету қажет. Сондықтан, ең алдымен оқушы даяр білімді
мұғалімнің түсіндіруімен алатын дәстүрлі оқыту практикасынан бас тарту керек. Бізде әлі
күнге мектепте сабақтағы белсенді бірде-бір тұлға – оқу материалын түсіндіруші мұғалім,
ал оқушының рӛлі тыңдаумен, оқумен және оны білімді
тексеру кезінде қайта айтып
берумен шектеледі. Шығармашылықты арттырудағы басты мәселе – есептің шартынан
оның шешіміне барар жолдағы логикалық алшақтықты түйсік арқылы жеңу.
Толғандыратын мәселе (есеп, зертханалық жұмыс, эксперименттік тапсырма, т.б.) оны
толық билеп, күші мен назары соған ауады. Адам басқа жұмыстармен шұғылданса да,
оның сана түкпірінде осы мәселенің шешімі қарастырылып жатады. Оның ұзақтығы
шығармашылық қызметтің тәжірибесіне байланысты. Бастапқыда оқушы есепті бір апта
немесе одан да кӛп уақытта шығаруы мүмкін. Ол оның сана түкпірінде жүреді. Ол есепті
міндетті түрде шығарады, тек ешкімнен кӛмек сұрамауы маңызды.
Шығармашылық
қызметтен тәжірибе жинақталған сайын есеп бұрынғыдан да тез шығарылатын болады.
Шығармашылық қабілеттерін арттыруда эксперименттік тапсырмаларды үйге берудің
маңызы ерекше. Экспериментті жүргізудің дидактикалық құрылымы тӛмендегідей болуы
мүмкін: демонстрациялық тәжірибелер, фронтальды зертханалық жұмыстар, физикалық
практикум, үй жағдайындағы тәжірибелер
2,3
.
Мұғалімнің үйге эксперименттік тапсырмалар беруі сирек кездеседі. Дегенмен, оқу
процесінде дәл осы тәсілді қолданудың ерекше маңыздылығы, біріншіден, үй жұмысының
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы №1(43), 2013
7
формасын түрлендіреді (кітапты оқыту, есеп шығару), екіншіден оқушының алдына тек
қана ӛздігінен эксперименттік тәжірибе жасау арқылы ғана шешілетін мәселені қояды.
Үй тапсырмасына эксперименттік тапсырмалар беру оқушының мынадай
қабілеттерін және шеберліктерін дамытады:
- Интеллектуалдық (салыстыру қабілеті, негізгіні ажырата білу, зерттеу, эксперимент
нәтижелерін жазу және қорытындылау).
- Пәндік (теорияны практикамен
ұштастыру шеберлігі, физикалық білімдерін
құбылыстарға анализ жасауға қолдану, кӛптеген үй аспаптары мен құралдарының жұмыс
істеу принципін түсіндіру).
- Ұйымдастыру-танымдық (құрал-жабдықтардың функционалдық міндеттерін
анықтай білу, техникалық құрылғылармен жұмыс істегенде техника қауіпсіздігі мен
пайдалану ережелерін сақтау).
Еңбек ету (қол құралдарымен жұмыс істеуді үйрену дағдысы, ұсталық, т.б.).
Физикалық эксперименттік тапсырмаларды үйге беру осы пәнге ерекше
қызығушылықты тудырады. Ӛйткені мұнда жергілікті табиғи және тұрмыстық
(техникалық) жағдайлар ескеріледі. Үйге берілетін эксперименттік тапсырмалар жүйесі
құрылған. Бұл жүйе тӛмендегідей бірқатар мәселелерді шешуге бағытталған:
-
тәжірибелерді физикалық тұрғыдан қарастыру;
-
физикалық шамаларды ӛлшеу арқылы физикалық заңдар мен заңдылықтардағы
функционалдық тәуелділікті анықтау;
-
физикалық процестерді тұрмыстық техника кӛмегімен басқару мүмкіндігін
түсіндіру (тігін машинасындағы реостаттың және потенциометр –
дыбыс реттегіштің
телевизордағы, магнитофондағы, радиоқабылдағыштағы міндетін анықтау);
-
тұрмысқа қажетті техникалық құрылғылардың параметрлерін ӛлшеу және
есептеулер жүргізу (элекр құрылғыларының – үтіктің, электр плитасының қуатын электр
энергиясын есептегіш пен секундтық тілі бар сағат арқылы анықтау және оны осы
құралдың құжаттық кӛрсеткіштерімен салыстыру; егер олар сәйкес келмесе себептерін
түсіндіру);
-
техникалық білімдерін күнделікті еңбек тәжірибесінде қолдану (май қабатымен
жабылған суда картоп тезірек піседі. Мұны тәжірибе тексеріп, құбылысты түсіндіру
керек).
Физикалық құбылыстардың негізін ұғыну, түсініктерді,
теорияны игеру процесі әр
оқушыда бірдей жүрмейді. Оқыған материалды біреулер тез игереді, енді біреулеріне ой
қорытуына және есіне сақтауына кӛп уақыт қажет. Үйде оқушылар әрқайсысы ӛз
қарқынымен жұмыс істейді. Үй тапсырмасы дұрыс ұйымдастырылса сабақ кезіндегі алған
білімдерін бекітуге және тереңдетуге кӛмектеседі.
Үйге берілген бақылаулар мен тәжірибелердің қорытындылары, есептердің шешімі,
шығармашылық тапсырмалардың орындалуы оқушылардың үй жұмыстарына арналған
дәптерлеріне жазылады. Үй жұмысының қорытындылары туралы мәліметтер жазу
оқушылардың ӛз ойын сауатты және қысқаша жеткізуге үйретеді. Сонымен қатар жазу
мәдениеті, яғни белгілі жүйе, нақтылық пен реттілік қалыптасады. Үйдегі тәжірибелерді
және бақылауларды баяндау оқушыға кӛргенін терең ойлауға, негізгіні ажырата білуге
үйретеді.
Эксперименттік есептерді шешу тәсілдері оларды шешудегі эксперименттік
жұмыстың қойылуына тәуелді. Мысалы, есепті шешу үшін
барлық тексеру қажет болса,
онда есептің шешуін нұсқауларға сәйкес жазады.
Эксперименттік есептердің басқа түрлерінде есепті шешу мен баяндау қажет болады.
Егер есепті шешу үшін қажетті шамалар тәжірибе нәтижесінде алынса, онда
экспериментті қою және ӛлшеулер жүргізу маңызды
4
.
Есеп түріндегі эксперименттік тапсырмаларды шешу мен жазу келесі элементтерден
тұрады: есептің қойылуы, шарттарды анализдеу, ӛлшеулер жүргізу, есептеулер,
тәжірибеден тексеру.