А. А. Құбаева Б. С. Мектепте физика курсын о Қ ытуды Ң теориясы мен Ә дістемесі Орал, 2012 2



Pdf көрінісі
бет19/93
Дата17.09.2023
өлшемі1,4 Mb.
#108294
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   93
индуктивтік ойлауы
 
логиканың синтездік 
(жалқыдан жалпыға көру, жинақтау) тәсілі негізінде дамы-
тылады. Мысалы, балалардың жұқа резеңке шарларын, футбол 
мен машина баллонының камераларын насоспен үрлеп толтыруы, 
сабын суы көпіршіктеріп шығаруы, Паскаль шарымен (сумен 
және түтінмен толтырылған) тәжірибе жасауы арқылы жеке 
фактіларды қорытып, Паскаль заңын түсіндіріп, оның тұжы-
рымдамасын береміз. 
3.
Анализ (жалпыдан жекеге көшу арқылы талдау) тәсіліне 
сүйеніп оқушылардың 
дедуктивтік ойлауын
 
дамытуға болады. 
Мәселен, Паскаль, Бернулли, Ленц заңдары энергияның сақталу 
және айналу заңының дербес түрі ретінде қорытылып шығары-
лады; Ньютон заңдары, қозғалыс мөлшерінің сақталу заңының 
жеке бір дербес түрі ретінде қарастырылады; Бойль-Мариотт
Гей-Люссак, Шарль заңдар - газның кинетикалық теориясының 
дербес түрі. Ойлаудың аналитикалық және синтетикалық 
тәсілдері физикалық есептерді шығаруда да көп қолданылады. 
Индуктивтік ойлауды дамытуда бақылаудан және зерттеуден 
алынған фактілерді қорытындылаудың (элементар бөлшектердің 
қасиеттері, электролиз туралы Фарадей зандары, т.т.) маңызы зор. 
Дедуктивтік ойлауға дағдыландыруда физикалық құбылыстарды 
классификациялау мен жүйелеу, салыстыру мен аналогия (ұқса-
ту) тәсілдерін пайдалану да тиімді. Мысалы, физика сабақта-
рында термометрлердің, насостардың, механикалық қозғалыс-
тардың түрлері, тегі, класы бойынша классификациясы беріледі. 
Мұны тақтада мынадай әр түрлі формада сызып көрсеткен жөн: 
 
 
 
 
 
 
 
 


53 
 
Сұлба 3.
 
Мәліметтерді сұлба түрінде берілуі физикалық шамаларды 
мәндерінің артуы бойынша талдап, жинақтап, кестеге түсіргенде 
жүйелеу (систематизациялау) тәсілін қолданудың да тиісті нәти-
жесі бар (мысалы, денелердің меншікті жылу сыйымдылықтары 
мен өткізгіштердің меншікті кедергілерінің кестелері). 
Физикалық аналогияға, жіңішке және жуан өткізгіштіктер 
кедергілеріне - тар және кең көшелердегі адамдар тобырын, 
тізбектеп және параллель қосылған өткізгіштіктердегі электр 
кернеуіне - сондай тармақты су құбырындағы қысымды мысалға 
келтіруге болады. 
Оқушыларды физикалық құбылыстарды 
салыстырудың
 
күр-
делі формаларына (жоғары сыныптарда) үйретуге болады. Мыса-
лы, актив, сыйымдылық, индуктивтілік кедергілердің немесе 
электронды, ионды, аралас электр өткізгіштердің өзара жалпы 
ұқсастықтары мен ерекшелік айырмашылықтарын олардың 
ажырата білгені жөн. 
Төменгі сыныптарда денелерді (қатты, сұйық, газ тәрізді), 
көлемі мен формасын сақтау қасиеті бойынша, механикалық 
қозғалыстардың жылдамдығы мен траекториясы бойынша 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   93




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет