85
малар, яғни бұрынғы тапсырмаларға ұксас, бірақ оларды орындау
үшін алғашкы алған білімдерін түрлендіріп пайдалану қажет
болады.
Мұндай іс-әрекетке келтіретін тапсырмалар: мәтінмен беріл-
ген кері есептер; кері байланыс функциясын
атқаратын тексеру
тапсырмалары, т.с.с.
2. Оқушылардың ойлау қабілетін жетілдіруге берілетін тап-
сырмалар. Оларда біздің ұлттық ерекшеліктеріміз ескеріліп,
танымдық қию үйретімділік маңызы болуы қажет болады. Бұлар:
логикалық есептер, ребустар мен сөзжұмбақтар.
Үшінші эвристикалық деңгейдегі тапсырмалар түрлері
мыналар
: танымдық іздену (эвристикалық) түрдегі тапсырма-
ларды орындау барысында оқушылар
жаңа тақырып бойынша
меңгерген алғашқы қарапайым білімдерін (заңдылықтар шығару,
аныктамалар, формулаларды жаттау, т.с.с.) жетілдіріп, терең-
детумен қатар, ол
тағы да жаңа білімді меңгеріп, өзі үшін
жаңалық ашуы тиіс. Эврика! Мұндай жұмыс -
анализ бен синтез
және салыстыру арқылы негізін анықтау,
қорытындылау сияқты
ой жұмыстарын қажет етеді. Мұндай есептерді шешу барысында
оқушылар жаңа есептерге тап болады да,
проблемалық жағдай
туындайды. Оны шешу үшін оқушы жаңа әдістер іздеуі керек.
Әртүрлі әдіс, тәсілдермен шешілетін есептер құрастыру және
оны өздігімен шығару, өмірден алынған мәліметтер негізінде
диаграмма, графиктер салу, жергілікті
жағдайда өлшеу жұмыс-
тарын жүргізу, көрнекі құралдар дайындауға берілетін
тапсырмалар. Ой қорытуға арналған, дағды қалыптастыратын
тапсырмалар.
Достарыңызбен бөлісу: