Төртінші шығармашылық деңгей тапсырмалары:
Оқушылардың жинаған өмірлік тәжірибесі мен қалыптас-
тырған ұғым, түсініктерінің, қиялы мен белсенді ой еңбегінің
нәтижесінде жаңаша, бұған дейін болмаған, белгілі бір дәрежеде
олардың жеке басының икемділігін байқататын дүние жасап
шығуына негізделген (теорема дәлелдеу, заңдылықтарды
оқулыққа сүйенбей мұғалімнің көмегінсіз қорытып шығару).
Сонымен, қорытып айтатын болсақ, бұлар 3 кезеңінің бірінші
деңгейі үшін - 1,2 кезеңдерде игерілген теориялық материалды
пысықтау
мен қайталауға, ережелер мен анықтамаларды,
формулаларды жаттауға арналған тапсырмалар және олар сынақ
арқылы бағаланады.
86
Жоғары деңгейлер үшін - алған білімдерін өз бетімен қорыту
мен жүйелеуге, оларды тереңдетіп дамытуға және тәжірибеде
қолдануға арналған тапсырмалар.
Технология бойынша жүргізілетін оқушылардың өз бетімен
білім алу процесі «басқаруға ыңғайсыз» - делініп, сыналып
жатады. Сондағы айтатындары: «оқушы осы кезеңде өз білгенін
істейді, оның іс-әрекеті көбінесе, қате болады» дейді.
Мүмкін, дәстүрлі оқу процесінде оқушыларды дәстүрлі
оқулықтар бойынша өздігімен оқытуға тырысып, өздік
жұмыстарын жүргізген кезде солай болса, болған шығар.
Бірақ, оқытудың жаңа технологиясы жағдайында:
- оқушылардың өздігімен жүргізетін танымдық іс-әрекеті
үшін
тапсырмалар
күрделілігі
төрт
деңгей
бойынша
құрастырылып;
- оқыту-проблемалық принциптер бойынша жүргізіліп;
- барлық деңгейдегі тапсырмалар қызғылықты мазмұндалған
болса, оқушыларда ынталану пайда болады.
Сондықтан да, жаңа технология бойынша сабақ беруші
мұғалімдер, үзіліс кезінде де оқушылардың сабақтан бас алмай-
тындығын байқаған. Оларға өзара бәсекелесе отырып жұмбақ,
сөзжұмбақ, ребус, математикалық басқатырғыштар сияқты әр
деңгейдегі тапсырмаларды шешіп, өтіп жатқан
тақырыптан
барынша көп ұпай алуға тырысқан, себебі, ертең жаңа тақырып
басталады. Нәтижесінде «екіліктер» жойылуымен қатар, «үштік»
алып жүрудің өзі де ұят саналатын болған.
Осы жерде, «үлгерімі кейіндеп қалып, өз құрбыларын, белгілі
бір себептермен, қуып жете алмайтын оқушылармен қалай
жұмыс істеуіміз қажет?» - деген сұрақ туады. Бұл мәселенің де
шешуі қарастырылған.
Мұндай жағдайда, барлық тапсырмаларды мезгілінде
орындаған оқушылар үлгермеушілерге көмектеседі;
Сыныптың басқа оқушылары өздігімен жұмыс істеп жатқан
кезде мұғалімнің де үлгерімі төмен оқушыларға дербес көмек
көрсетуіне уақыты табылады. Ол сынып оқушыларының өздік
жұмыс іс-әрекеттерін тек ұйымдастырып, басқару, жалпы
бақылау жасау және балалардың өз-өзін бағалауын бақылау
функциясын атқарады.
Бұл қалайша жүзеге асырылады? Бізге үйреншікті бақы-
лаудан бағалауға қарағанда деңгейлеп оқыту барысындағы
бақылау мен
бағалаудың ерекшелігі неде?
87
Деңгейлік тапсырмаларды енгізгендегі басты мақсат - сынып
оқушыларын
Достарыңызбен бөлісу: |