А. А. Какимова Қазақстан Республикасы тарихы


КУРС БАҒДАРЛАМАСЫ (SILLABUS)



бет2/69
Дата10.03.2023
өлшемі0,86 Mb.
#73000
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   69
2. КУРС БАҒДАРЛАМАСЫ (SILLABUS).
2.1 Оқытушы туралы мәлімет
Қазақстан Республикасы тарихы кафедрасының оқытушысы, Дюсенгалиева Мерзат Ғұбайдоллақызы Офис: № 3 оқу корпусы. Қазақстан Республикасының тарихы кафедрасы
Жұмыс мекен-жайы: Сарайшық көшесі, 34. 409 каб.
Жұмыс телефоны: 51-04-69
Е-mail:
2.2 Пән туралы мәлімет
Деректану
Семестр 15 оқу аптадан және 2 апта сессиядан тұрады.
Бір аптада 3 кредит сағат (оқу үрдісі кестесі және жұмыс оқу жоспарына сәйкес ауыстырылады), әр кредит-сағат бір байланыс сағаттан (дәріс немесе практикалық) және екі сағат оқытушының жетекшілігімен студенттің өзіндік жұмысынан (ОЖСӨЖ), студенттің өзіндік жұмысынан (СӨЖ) тұрады.


Кредиттің атпаға бөліну кестесі:



Сабақтар

Өткізу уақыты

Сабақтар

Өткізу уақыты

Байланыс сағаты 1
(1 дәріс)

50 мин.

ОЖСӨЖ, СӨЖ

50+50 мин.

Байланыс сағаты 2
(2 дәріс)

50 мин.

ОЖСӨЖ, СӨЖ

50+50 мин.

Байланыс сағаты 3
(1 практика)

50 мин.

ОЖСӨЖ, СӨЖ

50+50 мин.

Кредит саны – 3


Өту орны: №3 оқу ғимараты, сабақ кестесі бойынша


Оқу жоспарынан көшірме:



Курс

Семестр

Кредит саны

Дәрістер

Семинарлар

ОЖСӨЖ

СӨЖ

Барлығы

Бақылау
түрі

ІІ

IY

3

30

15

45

45

135

емтихан

1.3 Кіріспе
Пән бойынша мағлұмат: Басқа да халықтар сияқты, қазақ халқының тарихы да негізінен өзінің төл тума деректерінің негізінде жазылады. Сондықтан ұлттық деректерімізді тану еліміз тарихын оқып білудің шешуші шарттарының біріне жатады. Деректерді тану ісімен тарих ғылымының маңызды саласының бірі- деректану айналысады. Деректану, тарихнамамен қатар, келешек тарихшы мамандардың теориялық-методологиялық және арнайы дайындығын қамтамасыз ететін іргелі пәндер санатына қосылады. Деректанудың іргелілігі ең алдымен тарих ғылымының өзіндік ерекшелігінен туындайды: тарих объектісі- «қоғамның өткенін»- тарихшы тікелей зерттей алмайды, ол тек тарих ғылымының тікелей зерттеу объектісі болып табылатын тарихи деректер арқылы ғана танылады. Деректану тарихи зерттеу тәжірибесінің барысында пайда болды. Алғаш ежелгі тарихи ескерткіштер зерттелді және нақты тарихи фактіні тануға «дерек не береді»- деген мәселенің фактілік жағына ғана көңіл аударған қолданбалы деректану қалыптасты.
Деректік базаның кеңейуіне, ғылыми айналымға жаңа деректер тобының молынан тартылуына байланысты, нақты бір тарихи оқиғаның, құбылыстың немесе процестің әр түрлі деректерге бейнеленетіндігі көріне бастады. Сондықтан оларды бір-бірімен салыстырып, сыннан өткізу қажеттігі туындады. Эмпирикалық жолдармен жасалынған және ұзақ жылдарға созылған іс-тәжірибелік сынақтан өткен тәсілдер «дерек оқиғаны қалай бейнелейді»- деген проблеманы шешуге көмектесетін жазба деректерді зерттеу методикасына айналды. Жазба деректер заттай (археологиялық) деректерден бөлек зерттеле басталды. Бүгінгі күні деректану бірнеше салалардан тұратын, жан-жақты дамыған ғылымға айналды.
Курс мақсаты: Деректану пәнінің мақсаты-студенттерді фактілік және теориялық мәселелер кешенімен таныстыру, деректің табиғатын белгілі бір уақыттағы әлеуметтік жағдайда пайда болған, сол жағдайды бейнелейтін және өзін жасаған субъект туралы мәлімет беретін тарихи таным құралы ретінде зерттеу, тарихи заңдылықтарды ашу негізінде студенттерде тарихи ғылыми дүниетаным қалыптастыру, олардың танымдық қабілеттерімен тарихи мәліметтерге тәжірибелік жұмыс жасау дағдыларын дамыту, Отан сүйгіштік және патриоттық сезімдерін қалыптастыру, бүкіл адамзаттық тарихи құндылықтарды ұғындыру.
Курс міндеті:- Деректанудың негізгі кезеңдерінің деректерімен және олардың ерекшеліктерімен танысу, деректанудың теориялық және методологиялық мәселелерін, әдіс-тәсілдерін, принциптерін оқып-үйрену;
-деректерді іздеп табу, таңдау және сыни талдай білу қабілетін қалыптастыру;

  1. -тарихи зерттеудің өкілетті тарихи-ақпараттық негізін жасау;

  2. -деректанудың ұғымдық-терминологиялық аппаратын меңгеру;

  3. -деректерді талдау барысындағы білім жүйесін қалыптастыру және оны іс жүзінде пайдалана білу мүмкіндігін игеру;

  4. -Қазіргі Қазақстан Республикасы тарихының құрамдас бір бөлігі ретінде пәннің тарихи орны мен маңыздылығын таныту.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет