А. А. Сатбекова пед. ғыл док профессор


Эпикалық шығармаларды талдап тану



Pdf көрінісі
бет83/102
Дата10.01.2023
өлшемі2,39 Mb.
#60872
түріОқулық
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   102
Байланысты:
Kazak adebietin okytu adistemesi Zhumakaeva

Эпикалық шығармаларды талдап тану. Әдеби шығарманы талдау-
дың жалпы тақырыптық мәселелеріне байланысты: оның сюжетін, компози-
циясын, әдеби кейіпкерді, әдеби туындының идеялық-кӛркемдік қуатын 
танытуды мақсат еткен зерделі зерттеу еңбектері әдебиеттану ғылымында да 
әдебиетті оқыту әдістемесі ғылымында да молынан жарияланған. 
М.А.Рыбникова, 
В.В.Голубков, 
Г.А.Гуковский, 
Л.И.Тимофеев, 
Г.Л.Абрамович, Д.С.Лихачев, В.И. Сорокин, А.И.Ревякин, Н.И.Кудряшев, 
В.Г.Маранцман, Н.О. Корст, Н.А.Демидова, Г.И.Беленький, Т.Ф.Курдюмова, 
З.Я.Рез, Л.С.Айзерман сияқты т.б. әдебиетші, әдіскер-ғалымдардың еңбекте-
рінде кӛркем шығарманы талдап танудың ғылыми-әдістемелік жүйесі 
жасалған.
Бұл мәселе қазақ әдебиетінде де бір шама шешімін тауып келеді. 
Әдебиетті оқыту әдістемесінен жазылған оқулықтар мен оқу құралдарында 
кӛркем шығарманы талдау, оқыту мәселелері қарастырылған. Кӛркем 
шығарманы талдау түрлерінен әдіскерлердің ой-пікірлерін жоғарыда айтып 
ӛттік. Ал жеке қаламгердің шығарамаларын оқыту әдістемесінен жазылған 
еңбектерде де прозалық шығармаларды оқыту қарастырылады. Атап айтар 
болсақ: Қ.Тасболатов М.Әуезов шығармашылығын оқыту мәселесінен 


194 
әдістемелік ғылыми-зерттеу еңбегін жазды
1
. Ал Қ.Бітібаева М.Әуезов 
шығармашылығын оқыту әдістемесін практикалық жағынан жетілдіре түсті
2

С.Қалиев Ғ.Мүсірепов шығармаларын оқыту жолдарын қарастырған
3

С.Мұқанов шығармашылығын оқыту әдістемесінен жазылған әдіскер-ғалым 
Б.Ӛ.Смановтың оқу-әдістемелік құралында эпикалық шығармаларды оқыту, 
соның ішінде «Ботагӛз» романын оқыту әдіс-тәсілдері кӛрсетілген.
4
Әдебиет-
ті оқыту әдістемесінен жазылған бір қатар әдістемелік нұсқауларда прозалық 
шығармаларды оқыту мәселесі талданады. Бұл қатарда С.С.Қирабаевтың
5

Қ.Мырағалиевтің
6
, К.Елікбаевтың
7
құралдарын атауға болады. 
Эпикалық шығармаларды оқытудың ұстанымдары әдеби тектің ӛзге 
түрлеріндегі оқу-әдістемелік жұмыстармен мазмұндас келеді. Кӛркем шығар-
маның тақырыбы, идеясы, кӛркемдік әлемі, тарихи-әлеуметтік ұстанымдар 
қай жанрды талдағанда болсын ортақ мәселелер екені белгілі. Дегенмен
прозалық шығармалардың кӛлемі, сюжеттік, композициялық құрылымы, 
образдар жүйесі, тілдік ерекшеліктері әдеби жанрдың ӛзге тектерінен гӛрі 
эпикалық жанрды танытуда оқу-танымдық жұмыстың күрделілігін 
байқатады.
Шығарманың идеялық мазмұнын ғылыми тұрғыда талдап айқындауда 
жазушының эстетикалық талғамын, дүниетанымын, кӛзқарасын танып 
білудің мәні бар. Ал, ол жазушылардың ӛмірінен мәлімет беру арқылы жүзеге 
асырылады. Соған орай, мектептерде оқылатын шығармалардың идеялық, 
композициялық, жанрлық негізіне қарай жазушының ӛмір сүрген дәуірінің 
белгілі бір кезеңіне (қоғамдық кӛзқарасы) оқушылардың назарын аударып, 
ерекше мән беріліп оқытылады. 
Жазушы ӛмірінен мәлімет берілген соң, шығарма мәтінінің меңгерілу 
дәрежесі анықталып, мәтінмен жұмыс жасалады. Эпикалық тектің жанры, 
оның ӛзіндік ерекшелігі, сюжет, композиция, тақырып, идея, кейіпкер, образ, 
портрет т. б. қатысты әдеби теориялық ұғымдар жайлы түсінік оқу бағдарла-
масы бойынша оқушының жас ерекшелігіне сай әр сыныпқа жіктеліп беріліп 
отырады. Оқушының есінде қалмаған немесе оларға әлі таныс емес ұғымдар 
болса, онда сабақ барысында қысқаша мағлұмат беріледі. Мәтінмен 
жүргізілетін жұмысты екіге бӛліп қарастыруға болады: 
1
Тасболатов Қ. М.О.Әуезовтің творчествосын орта мектепте оқыту. пед.ғыл.канд. 
ғыл. дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация А., 1972 -300 б. 
2
Бітібаева Қ. Әдебиет пәнін оқытудың тиімді жолдары. (Мұғалімдерге арналған 
кӛмекші құрал) Алматы: Рауан, 1990. –200 б.
3
Қалиев С. Мектепте Ғ.Мүсірепов шығармаларын оқыту жолдары.- А. 1974.
4
Сманов Б. С.Мұқановтың ―Ботагӛз» романын оқыту /оқу-әдістемелік құрал/ - 
Алматы: Білім, 2000. – 87 б. 
5
С.Қирабаев Мектеп және қазақ әдебиеті (Мұғалімдерге арналған кӛмекші құрал. –
Алматы: Мектеп, 1979. –90 б.
6
«
Қазақ әдебиеті
»
оқулығына әдістемелік нұсқау 10-сыныпқа арналған / 
Қирабаев С., Мырзағалиев Қ. - Толық. 2-ші басылуы. 

А., 
Рауан, 1998. -224 б.
7
Елікбаев Қ. Ж.Аймауытов шығармашылығын оқыту жолдары А., Республикалық 
баспа кабинеті, 1997.-96 б.


195 
1) Мәтін мазмұнын меңгеру; 
2) Мәтінге талдау жасау. 
Мәтіннің мазмұнын меңгертуде сӛздікпен жұмыс, мәнерлеп оқу сияқты 
түрлі жұмыстар да сабақ үдерісінде назардан тыс қалмағаны орынды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   102




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет