Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі



Дата31.12.2021
өлшемі20,1 Kb.
#22964
түріОқулық
Байланысты:
Сөздіктерге сипаттама


«Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі» – қазіргі әдеби тілдің нормасына тән, қоғамдық өмірдің әралуан саласында жиі жұмсалатын сөздер мен тұрақты тіркестер берілген. Сондай-ақ оқулықтар мен оқу құралдарында, ғылыми көпшілік әдебиетте,баспасөз беттерінде жиі қолданылатын терминдер мен атаулар , кейбір жаңа сөздер де қамтылған.

Тізімге алынға атау сөздер – түбір, туынды, біріккен сөздер – ірі әріптермен теріліп, қатаң әліпбилік ретпен орналастырылған. Күрделі сөздер сөздер атау сөз есебінде тізімге алынбаған.

Тіліміздегі омонимдер мен омоформалар сөздікке жеке атау сөз ретінде алынды. Әр сөз табына қатысты болған жағдайда олардың сөз табына қатыстылығы ескеріліп ең алдымен зат есімғ сын есім, сан есім, есімдік, етістік, үстеу, шылау, одағай, еліктеуіш болып орналастырылған.

Мысалы: ҚАЖЫ I 1. Діни. Құдайға құлшылық етіп, қажы атану үшін Меккеге бару ісі. 2. Меккеге барып Құдайға құлшылық етіп келген кісі.

II Шаршау, шалдығу, қалжырау.

БҰРАЛАҢ 1. Бұлтарысы мол, қисық-қисық. 2. Ауысп. Шырғалаңы мол, қиыншылығы көп.

«Дәуір» баспасы 2008 жыл
Фразеологиялық сөздік – қазақ тілінің тұрақты сөз орамдары жүйеге салынып, әліпби тәртібіне негізделген. Әрбір фразеологизмдердің мағыналары ашылып, синонимдері мен варианттары да көрсетілген. Дерексөздер халықтың бай ауыз әдебиетінен, қазіргі көркем тундылардан, мерізімді басылымдардан, ғылыми еңбектерден алынған.

Кітап – академик І.К.Кеңесбаевтың «қазақ тілінің фразеологиялық сөздігінің» (1977) жалпы оқырман қауымға арналып, бейімделген нұсқасы.

Мысалы: Аш кенедей жабысты Талақтай жабысты: Қыр соңынан қалмады. Атының жалына аш кенедец жабысып, өрге қарай тырмыса бастап еді, оны көріп бандылар баж-баж етті.

Ісмет КЕҢЕСБАЕВ «Арыс» баспасы 2007 жыл
Синонимдер сөздегі – қай тілдің болса да тіл байлығының көрсеткіші сөз қорының алтын сандық, асыл қазынасы.

Қазақ тілінің синоним сөздерге аса бай екенін тілімізді зерттеушілердің барлығы айтып та жазып та келеді. Мысалы кішкентай сөзінің отыз үш синонимдік қатары бар екендігі осы сөздікте көрсетілген. Қазақ тілінің синонимдер сөздігі бірнеше рет басылып шыққан.

Синонимдік қатарға алынғандардың бәрі де әдеби тілдің қажетіне жарайтын сөздер болғандықтан ешбір стильдік белгісіз берілді.

Синонимдік қатарға енетін сөздердің әрқайсысына барлық жанрда жазылған шығармалардан мысалдар келтіріліп, олардың авторлары аталған.

Мысалы: Жалтақ, жасқаншақ, бүгежек, қорғаншақ,қорғанымпаз,именшек,қорғалаң, жалтаң,қорыншақ, сескеншек.

Біреудің қабағына қарап әркез бұғып қала бергіш. Әлді адам шалқақ келеді. Әлсіз адам жалтақ келеді, (Мақал)

Жалшы, батырақ, малай. Байларға жалданып күн көретін, есігінде жүретін қызметші. Большевиктер - қалың жұмыскерлердің, жалшылардың, кедейлердің тілегін көзегендер. (С.Сейфуллин)

Сейдін БИЗАҚОВ Синонмдер сөздігі «Арыс» баспасы 2007 жыл.
Орфоэпиалық сөздік – Сөздікте әдеби тілдің дыбысталым нормалары жүйеленіп берілген. Қазақ тілі дыбыстарының үндесім, үйлесім үлгілері көрсетіліпкітап соңында әдеби тілдің орфоэпиялық ережесі ұсынылды. Тіл ғылымының деңгейі жоғарылаған сайын ұлттық тіліміздің дыбыстар жүйесіндегі көрінбей жатқан қыр-сырлары ашыла түседі.

Сөздікте берілген атау сөзде қай әріптен кейін жазылмайтын дыбыс естілсе сол әріптің жоғарғы жағына есітлетін дыбыс жазылған

Мысалы: Басшы (Башшы), бүгін (бүгүн) т.б.
Диалектикалық сөздік – негізгі құрамына әдеби тілде қолданылмайтын норма болып қалыптаспаған белгілі бір таралу шегі бар аймақтық сөздер енген.

Сөздікте ең алдымен бас сөз ретінде реестрлік сөз берілді. Егер оның дублеттік варианттары болса қоса берілген. Қасына сол сөздің жазылып алынған облысы мен аудан атауы көрсетілген.



Мысалы:

ӘТЕС (Қарақ) әке.Әтес сөзі Төрткүл ауданындағы өзбектерменаралас отырған жерлерде жиі айтылады.

ҚАТТАМА (Семей,Аягөз) қыстай жиналған мал қиын жазда ссу құйып, көлікпен бастырып, қалыпқа құйып жасаған түрі.

СУ БОЛУ (Орал: Жән., орда) сиырдың, түйенің суалуы.

ЛЕГУ (Көкш.,Щуч.) ұзару. Таң едәуір легіпті.

Алматы: «Арыс» баспасы. 2007
Қазақ тілінің орфографиялық сөздік - Орфографиялық сөздік (емле сөздік) — тілдегі сөздердің жазылу нормасын көрсететін сөздік Қазақ тілінің тұңғыш орфографиялық сөздігі қазақ жазуының орыс графикасына көшуіне байланысты қабылданған емле ережелеріне сәйкес 1941 жылы түзілді.

М.Балақаев 1948 ж. оқушыларына арналған қысқаша "Емле сөздігін" құрастырды. 1995 ж. мектеп мұғалімдері мен баспа қызметкерлеріне арналған "Қазақ орфографиясы жайында анықтағыш" (Р. Сыздықова) жарыққа шықты. Мектеп оқушыларына арналған орфографиялық сөздік 1960 ж., біршама толық түрі 1972 ж., ал қазақ тілінің үлкен "орфографиялық сөздігі" 1963 ж. жарық көрді.

Сөздікте әріптердің емлесі, түбір сөздердің жазылуы, бөлек жазылатын сөздер, бірге жазылатын сөздер, қос сөздер, біріккен сөздер, қосымшалардың жазылуы және т.б қазақ тілінің грамматикасында кездесетін барлық мәселелер қарастырылған.

Мысалы:

Қос сөздердің жазылуы. Қос сөздердің барлық түрі дефис (-) арқылы жазылады. Мысалы: дүркін-дүркін, үлкен-кіші, қып-қызыл, қолма-қол т.б.

Бас әріптің қолданылуы. Нүкте, сұрау, леп белгілерінен кейінгі сөйлемнің бірінші сөзі, көбінесе өлеңнің әрбір жолы бас әріппен жазылды.



Жалқы есімдер, қысқартылған сөздер бас әріптермен жазылады.

Алматы: 2001

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет