А. А. Сатбекова пед. ғыл док профессор


Оқушының жазба тілін дамыту мәселесінің зерттелу жайы



Pdf көрінісі
бет98/102
Дата10.01.2023
өлшемі2,39 Mb.
#60872
түріОқулық
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   102
Байланысты:
Kazak adebietin okytu adistemesi Zhumakaeva

Оқушының жазба тілін дамыту мәселесінің зерттелу жайы. Кеңес 
мектебі тәжірибесінде оқушылардың жазба тілін дамыту мәселесіне кӛңіл 
бӛлініп, байыпты зерттеу жұмыстары жүргізілгеніне аз болған жоқ. Орта 
және жоғары буында оқушылардың жазба тілін дамыту жұмыстарының 
жүйесін, жазба жұмыс түрлерін, жазба жұмысына оқушыларды даярлау 
жолдарын, мазмұндама мен шығарма жұмыстарын талдау жолдарын қарас-
тырған (В.В.Голубков, М.А.Рыбникова, С.А.Смирнов, Н.В.Колокольцев) 
әдістемелік еңбектер кӛп. Әсіресе шығарма жаздырудың теориялық және 
практикалық 
жолдарын 
қарастырған 
еңбектер 
(Н.В.Колокольцев, 
В.В.Литвинов, В.А.Никольский, А.П.Романовская, И.П.Павлов т.б., қазіргі 
әдіскер-ғалымдар: Ю.А.Озеров, Л.С.Айзерман, Н.П.Морозова, А.М.Гринина-
Земскова, О.Ю.Богданова, Л.В.Овчинникова, Е.С.Романичева, Т.А.Калганова, 
т.б.) баршылық. Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінде де бұл мәселе 60-
жылдардан бастап сӛз етіле бастаған. Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінен 
оқушылардың жазба жұмысы жӛнінде ғылыми еңбектерге талдау жасай 
отырып: әдебиет пәнін оқытуда жазба тілін дамыту мәселесі кӛбіне 
1
Әбдібекқызы Қ. Оқушылардың кӛркем шығармашылық қабілетін дамыту/кӛмекші 
құрал/ А., Рауан. 1994 -18 б. 


233 
оқушыларға жазба жұмыстарын (мазмұндама, шығарма) жазып үйретуге 
қатысты қарастырылғанын аңғардық. Сонымен қатар әдістемелік ізденістің 
кӛбі жазба жұмыстарының ішінде шығарма жаздыруға арналады. 
Оқушының жазба тілін дамыту мәселесі жӛнінен әдебиетті оқыту 
әдістемесі 
ғылымында 
Ш.Кәpібаев, 
Ә.Қоңыратбаев, 
А.Кӛшімбаев, 
Е.Дайрабаев, Т.Ақшолақов, Ә.Дайырова, С.Тілешова, Ә.Мұхтарова т.б. 
еңбектерінде жазбаша сӛйлеуге баулу шығарма жазу жұмысы ретінде 
қарастырылады. 
Жазба жұмыстарын әдебиет пәнін оқытуда шығарманы жазба 
жұмысының бipi ретінде қарастырған Ә.Қоңыратбаев жазба жұмыстарын пән 
бойынша жүргізу оқушылардың тілін дамытуға, кӛркем мәтінді жинақтап-
саралауға және оларға ӛздігінен жұмыс жасатуға кӛмектесетінін кӛрсетеді. 
Ол орта буын мен жоғары сыныптарда жазылатын шығарма жұмыстарының 
ӛзіндік ерекшеліктеріне тоқталады. Әдіскер кӛркем мәтіннің танымдық рӛлін 
жоғары қоя отырып, орта буында үш түрлі формада үйретілетінін айтады: а) 
оқылған мәтін бойынша мінездемелік (публицистикалық); ә) оқушылардың 
ӛзіндік тәжірибесіне негізделген еркін тақырыптағы шығармалар; б) оқиғаны 
суреттеп жазу үлгісіндегі шығармалар. Ал 8-11 сыныптардағы жазба 
жұмыстарын 1) тақырыптық (талдау), 2) публицистикалық, 3) әдеби-
творчествалық деп топтайды, бұлай сараптауда әдіскер жазба жұмысын 
жалпылама қарастыра отырып, оқушылардың мәтінді оқи отырып, сол 
негізде ӛздігінен ой толғам пайда болатындығын айтады. 
Ә.Қоңыратбаев сондай-ақ әдеби-шығармашылық мәтіннің кӛркем 
стильде жазылуына, бейнелі түрде суреттелуіне мән береді. Ол шығарма 
жазу алдындағы тӛмендегідей алғышартқа: 1) мәтіндегі белгілі бip эпизодты 
оқушының ӛзінше суреттеуі, 2) ӛлең; мазмұнын қара сӛзге айналдыру, 3) 
тыңнан сюжет ойлап шығаруға тоқталып, оқушылардың осы мәселелерді 
тәжірибе жүргізуде іске асыруын мақсат етеді. 
1
А.Кӛшімбаев оқушылардың жазба тілін дамытуға мазмұндама мен 
шығарманың тигізер пайдасын айта келіп, әрқайсысына сипаттама жасайды
2

Әдіскер оқушылардың шығарма жазуда ескеретін кейбір жұмыс 
түрлерін айқындап, шығарма жазу үдерісінде оқушының мәтіндегі оқиғаға 
байланысты кӛзқарасы, дәлелі болуын, жоспар кұра білуін, тақырыпты, мәтін 
мазмұнын толық меңгеруін назарға алады. Сондай-ақ, мұғалім әңгімесі, тезис 
жасату, қосымша материал жинастыру сияқты жұмыс түрлерін ұсынады. Ал 
шығарма жаза білу дағдысына тӛселдіру мақсатында тӛмендегідей жұмыс-
тардың орындалуын міндеттейді: 
1. шығармаға керекті материалды таңдап ала білу; 
2. ойын тақырып бойынша да, тақырыпқа жасалған жоспар бойынша 
да реттеп жаза білу; 
3. ойына қорытынды жасай білу
4. кepeкті цитаталарды тауып, оларды орнымен пайдалана білу. 
1
Қоңыратбаев Ә. Әдебиетті оқыту методикасы, А., Мектеп, 1966, - 111 б.
2
Кӛшімбаев А. Қазақ әдебиетін оқыту методикалсы. А., Мектеп, 1969 207-208 бб.


234 
А.Кӛшімбаев жазу жұмысының алдына қойылатын міндеттердің ең 
бастысы оқушыны ӛз бетімен іздене алуға, кітаппен жұмыс істей білуге, 
ӛмірден кӛрген, тұшынған мәселелеріне байланысты пікіp түйіп, ой 
тұжыруға үйрету екенін айта келіп, шәкірттерді шығарма жазуға үйретудің 
кейбір жолдарын ұсынады: 
- тиісті мағлұматты оқушы үндемей отырып ойлап, іштей қайталап, 
кейін ӛзінше мазмұндап шығу; 

ӛмірмен байланысты жазу, оқушының мектептегі, жиналыстағы сӛзі, 
баяндау хаты, ic қағаздарын жазу, экскурсия, саяхат есебі

кітапқа аннотация жазу
1

Ал шығарма жазу әдістемесін арнайы зерттеген ғалым Е.Дайрабаев 
шығарманың оқушылардың шығармашылық ici, тӛл еңбегі екенін басты назарда 
ұстап, жазба жұмысының белгілі бip тақырып бойынша ауызша не жазбаша 
құрастырылған ӛзіндік топшылау мен пікіp екендігін дәлелдейді
2

Жазба жұмысы, соның ішінде шығарма жаздыру мәселесі жӛнінде 
Р.Сүлейменова, С.Тілешова, Р.Құткожина, С.Рахметова, С.Мақпырұлы, 
Ә.Мұхтарова т.б. әдіскер-ғалымдардың еңбектерінде қарастырылады. 
Жазба жұмыстарын оқу үдерісінде жүргізу мәселесін арнайы қарастырған 
С.Тілешова болды. Әдіскер негізінен кӛркем шығарманың мазмұны мен 
құрылымын меңгеруге байланысты жазу жұмыстарының әдістемесі ретінде 
қарастырды. С.Тілешова 8-10 сыныптарда жазылатын шығарма нысаны белгілі
бір дәуірде ӛмір шындығына байланысты туған оқиға, кӛркем бейне болып 
есептелетінін, оқушы алған тақырыбын бүтіннің бӛлшегі етіп кӛрсетуге 
талпынатынын айта келіп, оқушыларды шығарма
жазуға тӛселдіру кезеңінде
мәтіннің тақырыбы бойынша: сұрақ қойып, жауап алу, жоспар құру, кітаптан 
фактілерді ipiктеп, ӛзіндік пікір білдіру сияқты жұмыстардың орындалуын 
ұсынады. 
3
С.Мақпырұлы шығарма жазуда ескеретін басты талаптарды кӛрсетеді: 
1.тақырыпты дұрыс таңдап алу; 
2.оқушының ӛзі әңгімелеп, бағалап отырған кӛркем туындының 
тақырыбы мен идеялық мәнін дәл, айқын аша білу; 
3.талдаудың жүйелі болуы; 
4. шығарманың сауатты жазылуы (пунктуациялық, емлелік, стильдік 
қателердің болмауы).
С.Мақпырұлы «Қазақ әдбиетінен шығарма жұмыстары» еңбегінде 
шығарма жұмысының жоспарын тиімді кұру жолдарына біршама назар 
аударады. Автор «шығарма жұмысына жоспар міндетті» деген кӛзқарастың 
біржақтылығын айта келе, жоспар құруда кететін кемшіліктерге тоқталады.
Ол еркін тақырыптағы шығарма тіл байлығын, «кӛңіл сергектігі мен қиял 
1
Кӛшімбаев А. Қазақ әдебиетін оқыту методикалсы. А., Мектеп, 1969 217 б. 
2
Дайрабаев Е. Мектепке шығарма жаздыру методикасының кейбір мәселелері,-
Алматы: 1963,-56 б. 
3
Тілешова С. Әдебиет сабақтарында жүргізілетін жазу жұмыстары (4-8кл.),- Алмат: 
Мектеп, 1971,-66-68бет. 


235 
жүйріктігін», логикалық ойлау қабілетінің молдығын талап ететіндігін 
дәлелдейді. Мәселен, еркін тақырыптағы шығарманы талдаумен, хат түрін-
дегі (эпистолярлық) жазба енгізу қырымен ерекшеленетіндігін айтады
1

Әдістемелік еңбектерді талдай келе байқағанымыз: оқушылардың 
жазба тілін дамытудың негізгі түрі ретінде мазмұндама мен шығарма 
жұмыстары аталады әрі олардың түрлері сараланады. Мазмұндама мен 
шығарма жұмыстарын жаздыруға қойылатын талап-шарттар, жазба жұмы-
сында кездесетін кемшіліктер, оны бағалау жолдары қарастырады. Жазба 
тілді дамытудың шағын кӛлемді түрлеріне, жаттығу түрлеріне кӛп кӛңіл 
бӛлінбейді. 
Әдістемелік еңбектерде шығарма жұмыстарының түрлерін (тақырып-
тық, публицистикалық, әдеби-шығармашылық) топтап, олардың ӛзіне тән 
белгілері аталғанымен, шығарманың түрлері, олардың бір-бірінен айырма-
шылығын ажыратып тану жағы әлі де жетімсіз екені байқалады. Мәселен, 
тақырыптық шығармалардың ӛзін бірнеше түрге жіктеуге болады. Мектеп 
практикасында оқу материалы бойынша ең кӛп берілетін шығарма түрі – 
белгілі бір кейіпкерді, образды ашуға арналады. Ал осы кейіпкерді автордың 
сомдауы қандай кӛркемдік тәсілдермен жүзеге асқан немесе кейіпкер 
тұлғасының жасалу жолдарын анықтап жазу жағы кемшін түседі. Оқушылар 
кӛбіне автор қолданған кӛркемдік тәсілдерге мән бермей, образды ӛзіндік 
топшылаумен (жақсы адам, жаман кейіпкер т.б.) жадағай жеткізеді, кӛбіне 
жалпылыққа, баяндауға ұрынып жатады. Оның бір себебі сыныптық 
сабақтарға талдау жұмыстарының жетімсіздігінен, оқушылардың әдеби-
теориялық мәселелерге жете кӛңіл бӛлмеуінен туындайды. Оқушыларды 
жазба жұмысына тӛселдіру жұмыстарының жеткіліксіздігінен.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   102




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет