Байланысты: Есту қабілеті бұзылған балалардың сөйлеу тілін дамыту жолдары мен әдістері
Есту қабілеті бұзылған балалардың сөйлеу тілін дамыту жолдары мен әдістері Естімейтін балалар құлақ түбіндегі қатты дыбысты сезіне алады, бірақ арнайы оқытусыз сөздер мен сөйлемдерді түсінбейді. Естімейтін балалар үшін есту аппараты немесе кохлеарлы имплантты қолдану қажет. Есту аппараты немесе кохлеарлы имплантты қолданғанның өзінде естімейтін балалар айналадағылардың сөйлеуін қабылдау мен түсінуде қиналады. Бұндай балалардың ауызша сөйлеу тілі өздігінен дамымайды, сондықтан оларды ұзақ жүйелі түзете-дамыту жұмысына қосукерек. Бұл жұмыстың басты бағыттары: сөйлеу тілін дамыту (лексикалық, грамматикалық, синтаксистік құрылымдар) есту арқылы қабылдауды, оның ішінде сөйлеу тілін естуді дамыту және дыбыс айтуды қалыптастыру. Ауызша және жазбаша сөйлеу тілін қалыптастырумен қатар баланың танымдық әрекетін және тұлғасын жан жақты дамыту жүреді.
Есту бұзылысын түзету мақсатында естуді протездеу немесе кохлеарлы импланттау қолданылады.
Есту қабілеті бұзылған балалар айналадығылардың сөйлеуін үш әдіспен қабылдайды: есту-көру, есту арқылы, көру арқылы.
Естімейтін/нашар еститін балалар сөйлеушіні бірнеше себептерге байланысты әрдайым түсіне бермейді. Есту қабілеті бұзылған баланың айтқанды түсінуі сөйлеушінің артикуляциялық мүшесінің анатомиялық ерекшеліктері (жұқа еріндер, тістестіру ерекшеліктері және т.б.), ерінді бүркеу (мұрт, сақал, ашық түсті далап және басқа) және сөйлеу тілінің ерекшелігі (анық емес, жылдам сөйлеу және т.б.) қиындатады.
Естімейтін/нашар еститін балаға қатысты сөйлеушінің тұрған орны және әңгімеге қатысушылардың сангы да үлкен маңызға ие. Мысалы, сөйлеушінің жарық көзіне арқасымен тұруы, балаға қырымен немесе арқасымен тұруы, әңгімеге екі немесе одан да көп адамның қатысуы – сөйлеуді түсінуге кері әсерін тигізеді.
Есту мүмкіндіктерінің ерекшеліктері (есту аппаратының бұзылуы, толық емес «есту») және баланың тұрмыстық және әлеуметтік тәжірибесінің шектеулігі (ортақ мәнмәтін/тақырып бойынша ақпараттанудың жеткіліксіздігі және осының айтылғанды түсінуге әсер етуі) сөйлеуді қабылдау тұрақсыздығының факторлары болып табылады [11].
Сөйлеу тілінің даму ерекшеліктері, есту қабілеті бұзылған баланың сөздік қоры да оның сөйлеуді қабылдаудағы мүмкіндіктеріне едәуір әсер етеді.