8
ақын-жазушылар шығармашылығы монографиялық тұрғыда оқытылады. 10-
11 сыныптарда шығарманы мүмкіндігінше тұтастай оқыту кӛзделген. Әдеби
талдау жоғары сыныптарда да жүзеге асырылады. Дегенмен, орта буын
сыныптарға қарағанда әлдеқайда күрделі құрылыммен, белгілі бір ӛзекті
мәселеге орайластыра талданады. Қаламгер шығармашылығы монографиялы
түрде оқытылуына байланысты қаламгердің белгілі бір әдеби жанрдағы
ерекшелігі (егер шағын кӛлемдегі эпикалық түр болса) бірнеше шығарма-
сымен не осы саладағы ӛзге қаламгер шығармашылығымен салыстырыла
талдануы мүмкін. Сондай-ақ талдауға нысан болатын кӛлемді туындысы
(роман, роман-эпопея т.б.) әр тарапты проблемалық ұстанымда талдануы
қажет. Орта буында бір ғана шағын шығарманың ішкі құрылым жүйесі,
образдары талданса, жоғары сыныпта талдау нысанына кӛлемді шығарма-
ның тұтас құрылымы, әлеуметтік, саяси мәселенің кӛрінісі, образдар
галереясы, әдеби үдерістегі орны т.б. ауқымды мәселелері алынады. Кӛбіне
белгілі бір кӛтеріліп отырған мәселе тӛңірегінде оқушының ӛзіндік
кӛзқарастары, дәйектемелері, жеке ұстанымдары есепке алынуы керек.
Жасыратыны жоқ кӛбіне, бүгінгі мектеп практикасында жоғары сынып
оқушыларының ӛзі шығарма тӛңірегіндегі баяндаумен шектеліп жүр. Оқушы
тарапынан оқиға желісін баяндау ағаттық емес, тек бұл тәсіл орта буынның
5-6 алғашқы сыныптарына тән оқу әрекеті. Оқушының сӛйлеу тілін дамыту
мақсатында жүзеге асырылатын тәсілдің бірі. Ал жоғары сыныпта оқырман
ретінде, әдеби мәтінді ӛнердің бір перзенті ретінде танып, талғаммен қарау,
шығармадағы кӛтерілген мәселеге азаматтық ұстанымын білдіру, шығарма-
дағы кейіпкерлер әлемін тануда типтік бейне, шынайы ӛмірмен байланыс
тұрғысында баға беру басым болғаны абзал. Сол себепті жоғары сынып оқу-
шыларына әдебиеттің сыны, оқулыққа енген шығармалар жайлы әдебиет-
танушылардың пікірлері де қоса ұсынылған.
Тәуелсіздік жылдарда жарық кӛрген қазақ әдебиеті бағдарламасынан
бері (1997 жылы 5-9 сыныптарға арналған қазақ әдебиеті бағдарламасының
жобасы)
1
орта буын болып етептелетін 5-9 сыныптар екі салаға жіктеліп
беріліп жүр. Авторларымыз әдебиеттік оқудың ұстанымдарын 5-7 сынып-
тарға топтастырып, 8-9 сыныптан бастап ежелгі дәуір әдебиеті, ХІХ-ХХ ға-
сыр әдебиетін ұсынып келеді. Ал 9 сыныптан басталатын әдебиеттің тарихи
курсында ауыз әдебиеті үлгілерінен бастап ежелгі дәуір әдебиеті кезеңіндегі
мұралар, хандық дәуір әдебиеті, ХІХ-ХХ ғасыр әдебиет ӛкілдері қайта
ұсынылып келеді. Психолог мамандардың оқушы дамуының кезеңдеріне
қатысты зерттеулері негізінде қалыптастырылған әдеби білімнің екі кезеңі:
5-9, 10-11 сыныптардағы әдеби білім мазмұны сақталғаны дұрыс деген
пікірдеміз. Себебі әдебиеттің тарихи курсын белгілі бір әдеби білім кезеңіне
ғана (10-11сыныптар) топтастырмау салдарынан, оқу материалының
қайталануына жол берілген.
Достарыңызбен бөлісу: