Қазақстан республикасында және шетелде инклюзивті білім берудің даму тарихы



Дата16.02.2023
өлшемі2,79 Mb.
#68639

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ЖӘНЕ ШЕТЕЛДЕ ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУДІҢ ДАМУ ТАРИХЫ

Қ.ЖҰБАНОВ АТЫНДАҒЫ АҚТӨБЕ ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТІ

ПЕДАГОГИКА ФАКУЛЬТЕТІ

ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖӘНЕ АРНАЙЫ БІЛІМ БЕРУ КАФЕДРАСЫ

ЖОСПАРЫ:

  • 1. «Инклюзивті білім беру» ұғымы
  • 2. Шетелдегі инклюзивті білім берудің дамуы (АҚШ, Финляндия, Норвегия, Швеция, Франция, Германия, Ресей)
  • 3. Қазақстан Республикасындағы инклюзивті білім беруді жүзеге асыру саясаты

МАҚСАТЫ:

  • 1. «Инклюзия», «инклюзивті білім беру» ұғымдарының мәнін ашу
  • 2. Шетелдегі және ҚР-дағы инклюзивті білім берудің дамуы туралы түсінік қалыптастыру
  • 3. Инклюзивті білім берудің маңызын түсіндіру

«ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ» ҰҒЫМЫ
Инклюзия немесе қосу, енгізу – бұл мектептерді реформалау және сыныптардағы барлық балалар қажеттіліктерін қанағаттандыратындай етіп қайта құру.
Инклюзивті (француз тілінде inclusif – өзіне ендіретін, латынша include – ендіремін, енгіземін) білім – ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды жалпы білім беретін мекемелерге оқыту үшін қолданылатын термин.
Инклюзивті білім беру – бұл бірлескен білім беру, оның ішінде бірлескен оқу сабақтарын, бос уақыттарын ұйымдастыру, қалыпты және ерекше балаларға арналған үздіксіз білім берудің әртүрлі түрлері.
Мақсаты – ЕББҚ бар балаларды психологиялық-медициналық-педагогикалық қолдауды іске асыру және инклюзивті білім беруді орындау арқылы тең құқылы тұлға болуға мүмкіндік жасау.
Міндетіәлеуметтік бейімделу, тәрбиелеу, білім беру үрдісіне барлық қатысушылармен ерекше сұранысқа ие балалардың жағымды, өзара қарым-қатынасын қалыптастыру.
Нысаны – ЕББҚ бар балалар категориялары.
Тьютор – оқушымен немесе бірнеше оқушымен күнделікті, апта сайын немесе ай сайын оларға пән бойынша білім және дағдыларды беру мақсатында қосымша сабақтар өткізетін мұғалім.
Мектептегі тьютор – бұл қызығушылықты зерттейтін және баланың дамуына жағдай жасайтын маман. Ол оқу бағдарламасының немесе білім беру стандартының қажеттіліктерін емес, оқушының қажеттіліктерін негізге алады.
Тьютор – бұл оқу процесін басқаратын мұғалім, кеңесші және тәлімгер. Ол студентті курстың барлық тақырыптары бойынша жеке өзі басқарады, үй тапсырмаларын жасауға көмектеседі және емтиханға дайындайды.
1. Адамның құндылығы оның қабілеттері мен жетістіктеріне ғана байланысты емес. Әр адам өзінше ерекше!
2. Барлық адам сезінуге және ойлауға қабілетті!
3. Әрбір адам сөйлесуге және тыңдалуға құқылы.
4. Шынайы тәрбие тек нақты қатынастар жағдайында жүзеге асырыла алады.
5. Әртүрлілік адам өмірінің барлық жақтарын күшейтеді.
Инклюзивті білім берудің негізгі қағидалары
АҚШ-та 1875 жылдан 1914 жылға дейін міндетті мектеп білімі енгізіліп, ақыл-ойы дамуының бұзылысы, мінез-құлық бұзылыстары, есту және көру мүшелерінің бұзылыстары бар балалар үшін мектептер құрылды.
1962 ж. «Барлық мүгедек балаларға білім беру», 1977 ж. «Мүгедектерге білім беру» туралы заңтар қабылданды.
Зерттеуші М.Рейнольдс арнайы білім беру тарихын ерекше оқушыларды жалпы білім беретін мектеп жүйесіне қосу мектептердің орналасуы мен таңдау қағидатына қатысты біртіндеп ілгерілеу деп сипаттайды.
АҚШ-тағы инклюзивті білім берудің дамуы
Швециядағы инклюзивті білім берудің дамуы
Норвегиядағы инклюзивті білім берудің дамуы
Франциядағы инклюзивті білім берудің дамуы
Германиядағы инклюзивті білім берудің дамуы
Мемлекеттік бағдарламада инклюзивті білімді жетілдіру үшін белгіленген мақсаттар, 2015ж. қарай мына міндеттерді шешу арқылы жүзеге асатыны анықталады:
ҚР-да инклюзивті білім беруді ұйымдастыру

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:

  • 1. Л.Н.Лиходедова «Инклюзивті білім берудің теориясы мен практикасы», Қарағанды, 2020.
  • 2. Л.И.Шалабаева, А.Т.Кулбаева, А.Н.Умирбекова, А.Д.Шакирова «Инклюзивное образование», Алматы, 2011.
  • 3. К.Ш.Коккозева «Арнайы педагогика», Алматы, 2018.

БЕКІТУ СҰРАҚТАРЫ

  • 1. Инклюзивті білім беру дегеніміз не?
  • 2. Инклюзивті білім берудің негізгі қағидалары қандай?
  • 3. АҚШ-та инклюзивті білім беру қай уақыттан бастап дамыды?
  • 4. Финляндия, Швеция және Норвегиядағы инклюзивті білім берудің дамуын салыстырыңыз.
  • 5. Франция және Германия мемлекеттеріндегі инклюзивті білім берудің ұқсастықтар мен айырмашылықтарын бөліп көрсетіңіз.
  • 6. Ресей елінде инклюзивті білім беру қандай нормативтік-құқықтық базалар бойынша жүзеге асырылады?
  • 7. ҚР-дағы инклюзивті білім беруді ұйымдастыру ерекшеліктерін сипаттаңыз.

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет