164
«Мен таулықпын» ӛлең мәтініндегі ойды айқындау, жинақтау, жүйелеу,
қорыту үшін тӛмендегідей тапсырмалар ұсындық:
1.Ӛлеңдегі тауды сипаттайтын сӛздерді белгіле, сол сӛздерді теріп
жазып жүйеле.
2.«Асқар шыңдар желпиді бесігімді,
Бір орамын ағытып сәлдесінің» деген тармақтарды қайталап оқы, кӛз
алдарыңа қандай бейне елестейді? «Сәлде» сӛзі қай заттық ұғымның орнына
жұмсалып тұр? Асқар шыңның түсі қандай? Сӛз образын, кӛріністі, бейнені
сипаттап айтып кӛр.
3.«Күн алғашқы
сәулесін
маған шашып,
Маған келіп түнейді
қара тұман»
деу арқылы ақын нені меңзейді? Осы
тармақтарда уақытқа қатысты сӛз қолданыстары бар ма? Тауып белгіле, ӛз
түсінігіңді айт.
4.Мәтіндегі Ана сӛзінің қолданысына назар аудар. Ӛлеңде ақын Ана
сӛзін қандай ұғымда қолданған деп ойлайсыңдар?
5.Ӛлеңде табиғаттың тағы қандай перзенттері аталады.
6.Ӛлеңді тұтас қайталап оқи отырып, тауға деген ақынның қарым-
қатынасы мен сезімін түсінуге талпынып кӛр.
7.Таудың қай қасиетін ақын ерекше қастарлейді?
8.«Тау ұлы» тақырыбына ой толғау жаз.
Мектеп оқулығында осы ӛлең мәтініне қатысты мынадай тапсырма
берілген екен: «Ӛлеңді мәнерлеп оқы, жаттап ал» «Ақынның ой-арманын
әсірелеп, ақын қиялын қалықтататын бейнелі сӛдерді дәптерлеріңе жазып
алып, есіңе сақтауға тырыс». «Ӛлеңнен тау ұлында болуға тиіс қандай
қасиеттерді аңғаруға болады».
1
Бұл тапсырмалар дәстүрлі талдауларда мақсат
етіліп жүрген мәтіннің тақырыбы мен ӛзекті ойын танытуға да жеткіліксіз.
Оның үстіне ақын тау ұлының қасиеттерін сипаттауды басты мақсат етпейді.
Тау ұлына қатысты сындық ұғымдағы сӛздер, эпитеттер мәтінде жоқтың
қасы. Бұндай дидактикалық жағынан кемшіл сұрақ-тапсырмалар оқушыны
мейлінше тығырыққа тіреп, ой-қиялын шектейді.
Мектеп бағдарламасына енген М.Мақатаевтың ӛлеңдерін оқытуда
белгілі бір дәрежеде қиындықтар бары рас. Оның бір себебі мектеп бағдар-
ламасына енген ақын шығармаларындағы пафостың басымдығында. Оқушы-
ларға ӛлең мәтінінен мағыналық танымға жетуден гӛрі сезімдік танымға
жету, түйсіну әлдеқайда күрделі болатыны рас. Ақынның бұдан ӛзге
«Фантазия», «Барлығы да сендердікі» ӛлеңдері енген. «Фантазия» ӛлеңінде
ақынның халықтың кешегісі мен болашағы туралы ой толғамдары танылады.
Адамзат әлеміндегі қиял барша ғылым-білімнің, ғажайыптардың түрткісі.
Қазақта
Достарыңызбен бөлісу: